Құрметтеп ата-баба салт-дәстүрін, Текті білу ұрпаққа, біздерге сын, Тыңдайық кезекпенен оқушыны,
Құлшынып ортамызға келген бүгін.
Бір оқушы Ы.Алтынсарин «Ананың сүюі» өлеңін оқиды.
Жүргізуші: Бала тәрбиесі – бесіктен дейді қазақ. Оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек. Оқушылар ырым-тыйым айтады.
Тәрбиеші: Келесі бөлімде ата-ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа арналған жағдаят сұрақтар қойылады. Ортаға екі оқушыны шығарамыз. Ата-аналардың қатысуымен өтетін ойын «Жазалау» деп аталады.
Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс еөтеріп айқайласты. Мектепте темекі шегіпті, оны мұғалімнен естідіңіз.
Тәрбиеші: Ата-аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларды қалай жазалайсыздар? Кезек өздеріңізде ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балаларын жазалайды. Әркім өз ойларын салады да, барлығы бір шешім қабылдайды.
Жүргізуші:
Өлең, мақал,жаңылпаш, ән мен жыр. Мұның бәрі – жанды сөз, ішінде сыр, Елдің сәні сақталар, жақсы сөзбен,
Қандай жұрт болсын толасыз осыған бір.
Келесі кезекті Даналық әліппесі мақал-мәтелге береміз.
Жүргізуші: Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше бідің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым –тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
Жүргізуші:
Тәрбиеге күш жігерін салып көп,
Сыйластыққа ата-дәстүр қалып деп, Сол ата-ана ұялатар санаға
Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп,- дей отырып, келесі кезекті Халық даналығы. Нақыл сөздер құрастыру кезегіне береміз.