Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары



Дата07.05.2017
өлшемі3,87 Mb.
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Мақсаты: Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып,

бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс-әрекетін қалыптастыру.Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу.
Міндеті:

1.Оқушылардың бойында жасырын жатқан қабілеттерін шығармашылық жұмыстар арқылы жарыққа шығару;

2.Оқушы бойындағы дара ерекшеліктерді анықтау және жүйелеу.

3.Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.


Күтілетін нәтиже:

1 Ойы, қиялы,есте сақтау қабілеті дамиды.

2. Шығармашылық қабілеті артады.

3. Қоршаған ортаны танып біледі.

4. Дүниетанымы, ой-өрісі кеңейеді.

5. Рухани адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйренеді.

6. Өз ой-пікірін ашық, еркін айта білуге төселеді.
Қазіргі заман талабы-ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді.Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты-әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»-дейді халық даналығы. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да жауапты кезең.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала ешқандай жазу түспеген ақ парақ тәрізді. Ол кіршіксіз ақ параққа жазуды қалай түсіру сол баланың алғашқы

ұстазына байланысты. Себебі айнала қоршаған ортаны, дүниені әлі танып білмеген балаға айнала қоршаған орта туралы түсінік беріп, оқу, жазуға үйретіп, айналаға зер сала қарап, мәнін түсінуге баулитын білім, ұғымдар мектеп өмірінің алғашқы

сатысында қалыптасады. Осы сәттен бастап оқушы мен ұстаз арасында белгілі бір қарым-қатынас арқылы бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Осындай нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жүргізуде әрбір ұстаз балаға бала көзбен қарай алатын, баламен балаша тіл табыса алатын, терең білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденуден жалықпайтын, еңбексүйгіш болуы қажет.Ұстаз еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Алдына келген әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Бала мектеп табалдырығын алғаш аттап , жаңа өмірге бейімделе бастағаннан бастап баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының мәселені көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз оқушының өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс.Баланың шығармашылы, жетістігі әруақытта ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.Сондықтан баланы шығармашылыққа баулуда ұстаз бойында мына қасиеттер болуы керек.


  • Мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі керек;

  • Мұғалім , ой-өрісі кең, жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;

  • Мұғалім өз білімін өз бетінше үздіксіз шыңдай түсуі қажет;

  • Мұғалім оқушының кішкене жетістігін байқап, аңғарымпаз болуы қажет;

  • Мұғалім оқушының жетістігіне бірге қуанып, мадақтап қолдап отыруы қажет;

  • Мұғалім күнделікті сабағын жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, шығармашылықпен өткізуі қажет;

Ал ұстаз шәкірттерінен мына төмендегідей қасиеттерді күтеді.

  • Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

  • Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы керек;

  • Оқушы білімі,талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;

  • Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны жөн;

  • Оқушы өз пікірін жеткізуде ойын жинақтап жүйелі түрде айтуы тиіс;

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын дамыту негізінен ана тілі арқылы жүзеге асады. Бастауыш

мектептердегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән –ана тілі. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқытылатын барлық пәндермен өзара тығыз байланысты. Ана тілі арқылы оқушының рухани дүниесі байиды. Балаға ана тілі арқылы тек


білім беріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып орап алатын пән ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену -сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсапасын да меңгереді».

Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында көзге көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашу, ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Осы міндеттерді орындауда мұғалімге бірден-бір керегі-дұрыс, тиімді өдіс-тәсілдерді пайдаланып, ана тілін оқыту әдістемесін барынша терең меңгеру. Мұғалім сабақты ұйымдастырудың заманауи технологияларын ұтымды түрде қолданған жағдайда, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана өз шәкірттерінің ойын шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер

ететін негізгі фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Балаларды шығармашылыққа баулуда бірінші сыныпқа қабылданған балаға әлі кішкентай деп қарамай жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылыққа баулу керек

Бір нәрсені жасауға,тудыруға деген талпыныс, қабілеттілік бала бойында мектеп жасына дейін де көрінеді. Мектепке келген бала бойында бар сол қабілеттерді

шыңдап жетілдіру мұғалім шеберлігіне байланысты. Бұл кезде шығармашылық қабілетті дамыту ойын әрекетінде жүзеге асады.1-сыныпта балалардың зейіні тұрақсыз, сәл нәрсеге алаңдағыш,тынымсыз болады. Сабақ соңына дейін тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, берілген тапсырманы орындау олар үшін үлкен де қиын жұмыс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі шыдамдылықпен бала жүрегіне жол тауып, әрбір сабағын түрлі ойынмен, ойын арқылы орындалатын шығармашылық тапсырмаларды орындатумен өткізе білуі керек. Әрбір сабақта оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету арқылы даралық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашып, дамыту қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз сол оқушы бойындағы қабілеттің шығуына мүмкіндік жасау. Ол үшін мұғалім ана тілі пәнінен өтілетін әрбір тақырыптың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Сабақ барысында кездесетін кейбір

практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып өзгертуге болады.Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын

арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:



  • Мәтін, әңгіме, ертегіні өз беттерінше аяқтау;

  • Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша өз ойларымен аяқтау;

  • Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

  • Мәтін бойынша мақал құрастыру;

  • Кейіпкерлерге мінездеме беру;

  • Өлең құрастыру;

  • Әңгімелерді бөліктерге бөліп, ат қою;

  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды тексеру(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар)

  • Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу

  • Эссе жазу;

  • Ролге бөліп оқу, сахналау;

  • Салыстыра отырып,сипаттау;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу бала бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Баланы шығармашылықпен жұмыс жасай білуі үшін алдымен ойын дамытып, әрбір жұмыс барысында ойлана білуге жетелеу керек. Онда балаларға ойлануға жетелейтін мынадай тапсырмаларды жиі орындату өз нәтижесін береді.

Мен өз тәжірибемде оқушыларымды шығармашылыққа баулуда төмендегіше жұмыстар жүргіздім. Мысалы: 1 сыныпта балаларды ойлануға жетелейтін мынадай жұмыстар жүргіздім.

1-тапсырма.Тізбектердің суретін заңдылығына сәйкес аяқтап сал.




2-тапсырма. Әр қатардағы жетпей тұрған пішінді сал.

3-тапсырма.Екі үйді мұқият қара. Өзара 10 айырмашылығын тап.

4-тапсырма.Әріптерден сөз құрау

А Т С Ы Р ат,тас, ас, сыр, оқы, ана, ауа т.б сөздер

Ш Қ А Н құрап жазады.

О П У Е К Л

5-тапсырма. Заңдылығын тауып , қатарды жалғастыр.