Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет67/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Қарғы бау қыздың әек-шешесіне құда болғандығы үшін берілген төлем.
Қарғыс – біреуге айтылған жаман тілек. Қарын шаш – баланың іштен туғандағы шашы. Қирағат құранды мақамдап оқу.
Қоғамдық сана – белгілі бір қоғам адамдарына ортақ сана. Қожа – ислам дінін таратушы, солардың ел ішіндегі өкілі. Қой мінезді – жуас, сабырлы кісі.
Қол бала барып кел, алып келге жұмсайтын бала.
Қолқа – дос, туыс, жолдас адамдардың бір-бірінен нәрсені қалап алуы.
Қолқа салу тамыр адамның бір бірінен өз керегін сұрап алу.
Қонақ кәде қыдырып келген қонақтың үй иесі мен отбасы мүшелеріне өнер көрсетуі (ән салу, күй шерту, ертегі айту, т.б. өнерін марапаттау).
Қоныс малды ауылдың жылда қонып жүрген жайлы орны.
Қоныстой жаңа үйге кіруге арналған той жиыны.
Құбыла намаз оқитын кезде бет қарататын жақ. Оңтүтік батыс бағыт (ол Меккенің орналасқан бағытын білдіреді).
Құда-жекжат ілік-шатыс, құда адамдар.
Құдайы қонақ жол жүріп келе жатқан адамның танымайтын үйге келіп қонақ болуы.
Құдалыққа бару біреудің бойжеткен қызына құда түсуге бару.
Құқ ерік. Сенің оқуға еркің бар.
Құқық еркіндік. Сенің оқуға, демалуға еркіндігің бар.
Құқықтану – еркіндік туралы ғылым. Құқықты қорғау – еркіндікті қорғау. Құқықтық әдеп еркіндіктің әдептегі көрінісі.
Құқықтық ғылым еркіндік, теңдік, бостандық, саналы ерік туралы ғылым.
Құқықтық дәстүр еркіндіктің әдепке, әдет-ғұрыпқа айналып қалыптасуының көрінісі.
Қазіргі заман отбасы-ерлі –зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары)да кіреді. Құқықтық институт ретінде отбасы- туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет