Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#86038
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
7da11e8a-0752-11e7-bfa7-a692e7d05c5eSQL УМК

Идентификатор. Қасиет 
немесе 
[ Кесте аты]![ Өріс аты].
Шарттарды құрастыру кезінде нақты мәндер мен қатынас белгілерін 
тікелей көрсету керек (< , > , < = , > = , <>) . Символдық мәндер
тырнақшалармен қоршалып көрсетіледі. Бір қатарда келтірілген шарттар « 
ЖӘНЕ » белгісімен, ал әртүрлі қатарлардағы шарттар- «НЕМЕСЕ» 
белгілерімен біріктіріледі. Интервалға қатысты мәнді тексеру үшін 
Between 
… And 
конструкциясы қолданылады , мысалы: 
 Between 5 And 100 
– (5,100) 
аралықтарындағы мәндер. Сұраныста өріс мәндері арқылы есептеулер 
жүргізіп, олардын нәтижелерін басқа бір ( сұраныс бойынша құрылатын ) 
кестедегі жаңа өріске мән етіп тағайындауға болады.
 
 
SQL тілі. SELECT операторы. Құрамдас сұраныс. 
SQL тілі қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірден-бір 
стандартты тілі болып табылады. SQL – Structured Queries Language сөзінің 
қысқартылған түрі, аударылғанда сұраныстың құрылымдық тілі дегенді 
білдіреді. SQL тілі реляциялық типтегі мәліметтермен жұмыс істеуге 
арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушы істейтін барлық негізгі 
мүмкіндіктерді жүзеге асырады, атап айтқанда: 
а) мәліметтерді ұйымдастыру - мәліметтер қорының құрылымын құру 
және өзгерту; 
б) мәліметтерді оқу; 


Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 
48
с) мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру; 
д) мәліметтерге кіру мүмкіндігін басқару - мәліметтерді оқу және өзгерту 
үшін пайдаланушыға шектеу мүмкіндіктерін беру; 
е) мәліметтерді бірге пайдалану - бірнеше пайдаланушылар мәліметтерді 
жалпы пайдалану; 
ж) мәліметтердің бүтіндігі - жүйе істен шыққанда немесе басқа 
жағдайларда бұзылудан мәліметтерді қорғау; 
SQL 
тілі 
келесі 
DML, 
DDL 
яғни 
кіру 
мүмкіндігін 
басқару,транзакциямен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен 
тұрады; 
DML (Date Manipulation Language) мәліметтерді өзгерту тілі; 
SELECT – мәліметті оқуға сұраныс; 
INSERT – мәліметтер қорында жаңа жазбаларды енгізу (қосу); 
DELETE – мәліметтер қорында жазбаларды өшіру; 
DDL (Date Definition Language) мәліметтерді анықтау тілі; 
CREATE TABLE – жаңа кесте құру,оның құрылымын сипаттау; 
DROP TABLE – кестені өшіру; 
Кіру мүмкіндігін басқару 
DROP INDEX – индексті жою; 
GRANT – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру; 
REVOKE – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алып тастау; 
Транзакцияны басқару
COMMIT-транзакцияны аяқтау; 
ROLLBACK-транзакцияны алып тастау; 
SQL жұмысын келесі сұлбадан көруге болады: 
Пайдаланушы не интерактивті режимде,немесе программада SQL 
сұранысын 
МҚБЖ 
–ға 
жібереді.Нәтижесінде 
МҚБЖ 
МҚ-н 
қарап 
шығады,мәліметтерді сәйкес түрде өңдеп және сұралып тұрған ақпаратты 
пайдаланушыға кесте түрінде береді. 
SQL- 
тілі 
мәліметтер 
базасындағы 
кестелер 
мен 
және 
кестедегі 
мәліметтермен жұмыс істейтін іс- әрекеттерді орындауға бағытталған.
Бұл тілдің процедуралық программалау тілдерінен айырмашылығы
SQL- тілінде енгізу- шығару құралдары және есептеу үрдісін басқару 
(цикл,көшу,тармақталу) нұсқалары жоқ. 
Интерактивті интерфейсі бар міліметтер қорын басқару жүйесінде 
SQL- тілінен хабары жоқ қолданушы жұмыс істей алады. 
Пайдаланышы 
SQLс±раныс 
Мєліметтер 
МЌБЖ 
МЌ 


Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 
49
Microsoft Access,Visual FoxPro немесе Paradox сияқты мәліметтер 
қорын басқару жүйелері SQL- ге сұранысты программалаумен байланысты 
іс-әрекеттерді өздері орындайды. Мысалы, Query By Example (QBE)- үлгі 
бойынша сұраныс. 
SQL- 
тілінді 
толық 
функционалды 
программалау 
тілдерінің 
мүмкіншіліктері болмағандықтан,оны көбінесе программа өңдеу құралдары 
қатарына 
қосады. 
SQL- 
тілі 
Delphi 
жүйесіне 
енгізілген. 
SQL- 
командаларымен жұмыс істеу үшін арнайы Query,SQLQuery және ADOQuery 
сияқты компоненттер бар.
SQL-сұранысының екі түрі бар: Статикалық және динамикалық.
Статикалық SQL- сұранысы өңдеу кезеңінде бастапқы кодқа қосылады 
және қосымшаның орындалу үрдісінде өзгермейді. ¤ңдеуші текстініде басқа 
параметрлер болса,сол параметрлердің көмегімен ғана SQL- сұранысты 
өзгертуге болады.
Динамикалық SQL- сұраныстың коды қосымшаның орындалу үрдісінде 
өзгереді немесе қалыптасады. Мұндай сұраныс қолданушының іс- 
әрекеттерін ескеру керек деген жағдайларда ғана қолданады. 
SQL- тілінің бірнеше стандарттары бар. Соның ішінде ең көп тараған 
стандарттар SQL -89 және SQL-92. 
Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI,American National 
Standards Institute) және стандарттау бойынша Бүкіл әлемдік ұйымы 
(ISO,International 
Standards 
Organization) 
бірігіп 
қолданған 
SQL-92 
стандартын,басқаша ANSI немесе ANSI/ISO деп те атайды. 
SQL-тілінде төмендегідей көптеген негізгі нұсқауларды көрсетуге 
болады: 
Мәліметтерді анықтау; 
Мәліметтерді өңдеу; 
Мәліметтерге қатынас құруды басқару; 
Транзакциямен басқару; 
SQL- тілі нұсқасының негізгі мүмкіншіліктерін қарастырайық. 
Бұл 
нұсқаны 
SQL-92 
стандарттарынан 
бірнеше 
айырмашылығы 
бар,мысалы,мұнда мәліметтерге қатынас құруды басқаруға және алдын-ала 
қарап шығуға болмайды.
Delphi 
қосымшаларында 
BDE-механизімін 
пайдаланып, 
SQL-
нұсқаларын орындау үшін,Query мәліметтерін пайдалануға болады. SQL-
сұранысының тексті Query компонентінің SQL-қасиетінің мәні екендігін 
және ол қосымшаны әзірлеу барысында немесе орындалу барысында 
қалыптасатындығын 
ескерте 
кеткен 
жөн.Query 
компоненті 
SQL- 
сұранысының орындалуын және сәйкес мәліметтер қатарын алуын 
қамтамассыз етеді.
Мәліметтер қабылдауда ұйымдастыру Active қасиетінің мәні True 
болғанда немесе Open әдісін шақыру арқылы Query компонентін 
активизациялау кезінде ғана орындалады. SQL-сұранысының текстін 


Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 
50
интерактивті режимде теру үшін және орындау үшін аспаптық программалар 
қолданылады. Мысалы,DateBase,Desktop,SQL Explorer SQL Builder 
Бірінші екі программа Tools және DateBase командаларымен 
шақырылады,сұранысты 
визуалды 
құрайтын 
SQL 
Builder 
Query 
компонентінің жанама мәзірі арқылы шақырылады. SQL-сұранысты жөндеу 
үшін дамыған интерфейсті программалар пайдаланған ыңғайлы,мысалы, 
DateBase Desktop сұраныс тексті жөндеуден кейін әзірленіп жатқан 
қосымшаға қойылады. Мұндай жағдайларда көбіне сұраныс құру уақыты 
қысқартылып,динамикалық қате жіберу ықтималдығы да азаяды. 
SQL-тілінің резервтелген сөздерін үлкен әріппен,ал аттары кіші 
әріппен көрнекілік үшін жазамыз. SQL-нұсқауларының соңына нүктелі-үтір 
қоймасада болады. Тізімдегі элементтер,мысалы,өрістің немесе кестенің аты 
үтір (,) арқылы бөлініп жазылуы керек. 
Кестенің немесе өрістің аты апостровқа немесе тырнақшаға алынып 
жазылады. Мысалы,”First Name”.Егер атының құрамында бос орын және 
басқа да арнайы символдар болмаса,апостровқа алмасада болады. 
SQL- сұраныста пікірлер жазуға болады,тек оларды 
/* */ символдарының ішіне жазу керек. 
Тіл функциялары 
SQL- тілінің басқада программалау тілдері секілді өзіндік функциялары 
бар. Соның ішінде ең көп қолданылатындары:
Агрегатық немесе статистикалық функциялар: 
AVG () -(орташа мән) 
MAX ()-(ең үлкен мән) 
MIN ()-(ең кіші мән) 
SUM ()-(сумма) 
COUNT ()-(мәндердің саны) 
COUNT ()-(нөлге тең емес мәндердің саны) 
Жолдармен жұмыс істейтін функциялар: 

UPPER (str)-( str жолының символдарының жоғары регисторға 
ауысуы); 

LOWER (str)-( str жолының символдарының төменгі регисторға 
ауысуы); 

TRIM (str)-( str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын жою); 

SUBSTRING (str From n1 to n2)-(str n1 n2)-( str жолында n1 
симвлоынан басталып n2 символынан аяқталатын символдарды белгілеу); 

CAST (AS )-(Expression өрнегін Type типіне 
келтіру); 
Уақыт пен күннің жадын декодтау функциялары; 
EXTRACT(<элемент>From<өрнек>)(уақыт пен күннің жадынан тұратын 
өрнектен,элементке сәйкес келетін мәнді алуға болады)Уақыттың немесе 


Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 
51
күннің 
жадының 
элементтері 
ретінде 
келесі 
мәндерді 
қолданса 
болады:YEAR,MONTH,DAY,HOUR.MINUTE және SECOND 
SQL-стандарттары 
SQL- ді пайдалану 1982 жылы Америка институтында ұлттық 
стандарттүрінде ANSI() пайдаланыла бастады. 
1986 жылы SQL ресми түрде ANSI стандарты болып,ал 1987 жылы
ISO () стандарты түрінде стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда 
қолданылды. 
Бұл стандарт ANSI/ISO 1989 жылы біршама қарастырылды.Сол сәттен 
бастап SQL-89 немесе SQL1 деп аталынатын болды.
Бір жағынан SQL1 әлсіз стандарталмаған және сондықтанда көптеген 
мекеме өздерінің МҚБЖ SQL нұсқауларын іске асыра бастады.ОЛ 
нұсқаулардың бірі Европалық стандарт болып табылады SQL,яғни Х/OPEN 
деп аталады.Осыған байланысты ANSI 1992 жылы SQL2 стандартын 
құрды,бірақ ол SQL1-ге қарағанда өте қиындау болып келеді. 
SQL1-ден айырмашылығы, SQL1 статистикалық болып табылады,ал 
SQL2 динамикалық түрінде қарастырылады. 
Онда 
программалауды 
жұмыс 
істеу 
барысында 
SQL 
тілінің 
операторларының параметрлерін ауыстыруға болады.Кейіннен SQL3 
стандарты да қарастырылды.Ол SQL2 мен байланысты болып табылады. 
Қәзіргі кезде SQL2 және SQL3 стандарттары кеңінен таралған. 
SQL-тілінің элементтері 
SQL-тілінің элементтері: 
- кілттік сөз; 
- аты; 
- тұрақтылар; 
- мәліметтер типі; 
- функциялар; 
- өрнектер. 
Кілттік 
сөз-бұл 
ағылшын 
тілінің 
белгіленген 
жиыны,ол 
сұраныстың типін және бұл сұраныстың орындалуы үшін қажетті 
ақпараттарды анықтайды. 
Команда бір немесе бірнеше сөйлемнен тұрады,олардың әр қайсысы 
кілттік сөзден басталады. 
SQL1-де 100 кілттік сөз қоры бар,ал SQL2-де 300 сөз қоры бар. 
Атаулар-таблицаны белгілеу үшін пайдалынылады. 
Аты- кесте атын,кесте бағанының атын,мәліметтер қорының атын 
белгілеу үшін қолданады. 
Команда таблицаларға және бағандарға ауысу кезінде олардың аттары 
көрсетіледі.Таблицаға аудару келесі түрде бейнеленеді.


Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 
52
Таблицаны қолданушы аты.Таблица аты. 
Немесе қысқартылған түрде 
Таблица аты. 
Ең алдымен таблица толық формаға аударуға мүмкіндік береді.Басқа 
пайдаланушылар 
арқылы 
құрылған,қысқартылған 
форма 
тек 
өзі 
таблицаларына аударуды шамалайды. 
Дәл осындай бағандарға ауысу толық немесе қысқартылған түрде 
көрсетіледі.Толық форма түрі мынадай: 
Таблицаны пайдаланушы аты.Таблица аты.Баған аты. 
Ал қысқартылған түрі: 
Таблица аты.Баған аты. 
Немесе 
Баған аты.
Тұрақтылар-SQL командаларында сандар,жолдар,күнді және уақытты 
көрсетуге қолданылады. 
Сандық тұрақтылар- қарапайым ондық сандар,немесе жылжымалы 
нүкте түріндегі сандар болуы мүмкін.(21,-375.2000.00,+4975000.8778) және 
(1.5Е3,-3/14159Е1,2.5Е-7) 
Жолдық тұрақтылар-тырнақшаға алынған символдар тізбегінен 
тұрады.Мысалы,‘John’, ‘New York’, ‘Western’
SQL-де 
календерлық 
күн 
мен 
уақыт 
жолдық 
тұрақты 
түрінде 
көрсетіледі,және әр түрлі МҚБЖ –де әр түрлі форматта болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет