Даосизм философиясында Дао барлық бар нәрсенің субстанциялық
заңдылығы, ғарыш, адам, қоғамның мезгілсіз болмыс заңы, тудырушы
бастау, формаға ие болған заттардың генетикалық алғышарты, жол, циклдік
уақыт принципі, әлемнің онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның
өмірлік жолы. Даоға игі күш – дэ тән. Даосизмнің жетекші
тұжырымдамаларына цзы жань (табиғилық) және у вэй (әрекетсіздік,
мақсатты әрекеттің жоқтығы) жатады. Даосизм ілімге сай өзімшілдік
ұстанымдар мен даодан бас тарту адамдардың адасуына ұшыратады, олар
әлемді өзіндік мәні болады деп түсіндірілетін жеке заттарға бөлшектей
бастайды. Даоның ешқандай шекарасы жоқ – дао әлемде барлығы
теңестірілген,
біртұтастыққа
біріктірілген.
Барлық
қайшылықтар
үйлесімділікке келтірілген, обьект пен субьект бір-біріне қарсы қойылмаған.
Осыдан даосизм философиядағы релятивизм шығады (Чжуан цзы). Дао –
космоспен біріккен, ақиқатты аныған данышпан үшін өмір мен өлім туралы
қарама-қарсы түсінік жоқ. Даосизмде адам біркелкі психосоматикалық
тұтастық, руханилық (жан) мен материалдыққа (тән) бөлінбеген. Рухани
бастау – «рух» (шэнь) квазиматериалды субстанция «пневманың» (ци) нәзік
күйі ретінде түсіндіріледі. «Рух» денемен бірге өледі және әлемдік
«пневмаға» жайылып кетеді, ал дао - универсумы болса – мәңгі, сондықтан
оған ұқсас адамда мәңгі болуы тиіс. Мәңгілік даомен қосылған кезде іске
асады.
34
Даосизм тарихының түптамыры Шу патшалығындағы шамандық
сенімдермен және магтар, сиқыршылар ілімдерімен байланысты болуы
мүмкін. Б.д.д. III-IVғ.ғ. философиялық рефлексияның нәтижесінде алдыңғы
ғасырда стихиялық түрде қалыптасқан түсінік негізінде ілім пайда болады.
Оны ұстанғандар кейін б.д.д. I-IIғ.ғ. пайда болған «дао және дэ» (даодэ цзя)
мектебіне жатқызылады. Бұл ілімнің ескерткіштеріне аты жартылай аңызға
айналған данышпан Лао-цзы жазды деген «дао дэ цзин» және IV-IIIғ.ғ.
философы Чжуан Чжоудың көзқарастары баяндалған «Чжуан–цзы»
трактаттары жатады. Одан басқа Даосизмнің негізін қалаушыларға Ле Юйкоу
(Лю Аньды) Хуайнань-цзы (б.д.д.IIғ.) жатқызуға болады. Діни-
философиялық жүйе ретінде Даосизм б.д. Лао-цзы мен Чжуан-цзы
ілімдерінің, натурфилософтар (иньян цзя), «рух» концепциясының, шамандар
мен магтардың сенімдерінің, «өлмейтін қасиетті адамдар» (сянь, шэнь сян)
туралы түсініктің синтезі нәтижесінде пайда болады. Даостар ілімін ежелде
мифтік «Сары императорға» (Хуан ди) құпия ашылған кезде пайда болды деп
есептейді. IIғ. Лао-цзы құдай аталып, «даоның денесі» ретінде қабылданады.
Сол кезде институцияланған даошылдық бағыт – Тяньши (дао), яғни «аспан
ұстаздарының жолы» пайда болады. Бірінші патриархы – Чжан Даолин.
«Аспан ұстазы» титулы Чжан руында мұраға осы күнге дейін беріліп келеді.
VII-VIIIғ.ғ. буддизмнің әсерімен даошылдық монахтық институт және
монастырьлар пайда болды, ал діни практикада психотехникалық әдістер
(медитация) басымдылыққа ие болды, негізгі зейін ішкі өзіндік жетілдіру
жолдарына бағытталады. Даосизмнің әдебиетке, өнерге және т.б. қытай
мәдениетінің аспектілеріне елеулі ықпалы болған. Даосизм дәстүрлі
медицинаға әсері теория жүзінде де (адам денесінің Әлемнің құрылымына
сәйкестігі, организмнің тіршілік етуі мен құрылымы туралы ілімдер),
практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі.
VIIғ. Даосизм Кореяға – Когуре мемлекетіне енді. Жапонияда
синтоизмге де өз ықпалын тигізді. Қазіргі күні ҚХР-да даосизмді
ұстанушылар Ассоциациясы бар. Даосизм Тайвань мен Гонгконгта өте
танымал.
Философиялық афоризмдері:
Аспан мен жер - мәңгілік. Аспан мен жер өздері үшін өмір
сүрмегендіктен мәңгілік. Міне, неліктен олардың мәңгілік бола
алатындығы осыдан.
Ең жақсысы – бір нәрсені толтыруға талпынғаннан гөрі, ешнәрсе
жасамау. Егер ылғи бір өткір нәрсені қолдана берсе, ол өзінің өткірлігін
ұзақ уақыт сақтай алмайды. Егер зал алтын мен яшмаға толтырылған
болса, оны сақтап қалуға ешкімнің шамасы келмейді. Егер байлар мен
атақтылар дандайсынушылық танытса, олар өздеріне бақытсыздық
шақырады. Ісі аяқталған кезде адам аулақ кетуі керек. Көктегі даоның
заңы осындай.
Бес бояу көруді нашарлатады. Бес дыбыс естуді нашарлатады. Бес дәм
сезушілік дәмді нашарлатады. Жылдам жүріс пен аңшылық жүректі
қобалжытады. Бағалы заттар адамды қылмыс жасауға итермелейді.
35
Сондықтан кемеңгер данышпан өмірді толымды етуге тырысады, бірақ
оны әдемі заттарға ие болу үшін жасамайды. Ол соңғыдан бас тартады
және алғашқымен шектеледі.
Адам жердің заңдылықтарын ұстанады. Жер аспанның заңдылықтарын
ұстанады. Аспан даоның заңдылықтарын ұстанады, ал дао өз-өзін ғана
ұстанады.
Білетіндер айтпайды, ал айтушылар білмейді.
Ауырлық жеңілдіктің негізі болады. Тыныштық қозғалыстың негізі
болады. Сондықтан кемеңгер данышпан күні бойы адымдап, ауыр жүгі
бар арбадан алыстамайды. Ол тамаша өмір сүрсе де, ол өмірге терең
бойламайды. Неліктен он мың арбаның иесі әлемге менсінбей
қарайды? Елемеушілік оның негізін қиратады, ал асығыстық биліктен
айырады.
Адамдарды білетін адам – зерделі. Өзін білетін адам – білімді.
Басқаларды жеңген мықты. Өзін жеңген құдыретті. Молшылықты
білген бай. Кім қажырлықпен әрекеттенсе, сол жігерлі. Кім өз
табиғатын жоғалтпаса, ұзақ өмір сүреді. Кімде-кім өлсе де
ұмытылмаса, сол – мәңгі.
Қарама-қарсыға ауысу – бұл даоның әрекеті, әлсіздік даоның қасиеті.
Әлемде барлық заттар болмыстан туады, ал болмыс бейболмыстан
туады.
Не жақын – даңқ па, әлде өмір ме? Не қымбат – өмір ме, әлде байлық
па? Нені бастан кешіру ауыр – ие болуды ма, әлде жоғалтуды ма? Кім
көп қор жинаса, сол жоғалтады. Кім қалтасын көп толтырса, сол үлкен
шығынға батады. Кім қанағаттылықты білсе, сол табысқа жетеді. Кім
шектеуді білсе, сол қауіпке бой ұрмайды. Сол ұзақ өмір сүре алады.
Егер мен білімді болсам, онда үлкен жолмен жүрер едім. Мен қорқатын
жалғыз нәрсе – бұл тар соқпақтар. Үлкен жол өте түзу, бірақ халық
соқпақтарды ұнатады, соны қалайды.
Әдебиет:
1. Шығыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. —Алматы: 2009. 461-470б
2. Лукьянов А. Е. Лао-цзы и Конфуций: Философия Дао.—М: 2001. 384 с.
3. Маслов А.А. Загадки, тайны и коды «Дао дэ цзина». Ростов-на-Дону:
2005.
4. Ежелгі Шығыс философиясы/ Лао-цзы. «Әлемдік философиялық
мұра», 20-томдық. «Жазушы», —Алматы: 2005. 219-бет.
5. Кобзев А. И. Лао-цзы и Будда. Инст.востоковед. РАН. — Москва: 2009.
С.221-225
6. Дао-Дэ цзин: Книга о Пути жизни/ Сост.В.Малявина. «Феория»,
—Москва: 2010.
7. Лукьянов А. Е. Лаоцзы (философия раннего даосизма).—Москва: 1991.
8. Маслов А.А. Мистерия Дао. Мир «Дао дэ цзина». —Москва: 1996.
36
ШАН ЯН (ГУНСУНЬ ЯН)
(б.д.д. 390ж. Вэй патшалығы – б.д.д. 338ж.)
— әйгілі қытай ойшылы, даосизм және
конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін
философиялық-саяси
легизм
(фа-цзя,
заңгерлер мектебінің) – ілімінің негізін
қалаушылардың бірі.
Шан
аймағының
билеушісі.
Вэй
патшалығына
қарасты
елді-мекендегі
ақсүйектер отбасынан шыққан. Гунсунь Ян
б.д.д. 361 жылы отанынан кетіп, Цинь Сяо –
гуну патшалығында (б.д.д.361-338ж.ж. ел
билеген), патша жанындағы кеңесші
қызметіне
тұрады.
Б.д.д.
356
жылдан
бастап
патша
билігін
абсолютизациялауға бағытталған маңызды деген бірнеше саяси және
экономикалық реформаларды жүзеге асырады. Ең алғаш рет Қытай
тарихында жерге деген жекеменшікті орнатады. Осы еңбектері үшін ол Шан
аймағына ие болып, оның билеушісі болады. Б.д.д.338 жылы Сяо-гун қайтыс
болғаннан кейін және оның орнына Хуйвэнь-ванның келуіне байланысты
(б.д.д.338-325ж.ж. елбилеуші), Шан Янға сатқындық жасаған деген айып
тағылды. Ол Вэй патшалығына қашуға мәжбүр болады, кейін өзіне тиесілі
Шан аймағында бас сауғалайды, сонда болған шайқаста қолға түсіп,
жазаланады.
Легизм (латынш. «легис» – заңшылдық, қытайша «Фа-цзя – заң
мектебі, заңшылдар) – ежелгі қытай философиясындағы негізгі алты
мектептің бірі. Заң мектебінің негізін қалаушы ретінде дәстүрлі түрде ірі
саяси қайраткерлер Гуань Чжун (б.д.д.VIII-VIIғ.ғ. аяғы), Цзы Чань (б.д.д.Vғ)
және Ли Куй (б.д.д.Vғ), У Ци (б.д.д.IVғ) айтылады. Легизмнің басты
теоретиктері – Шан Ян (б.д.д.IVғ), Шэнь Дао, Шэнь Бухай (б.д.д.IVғ) және
Хань Фэй (б.д.д.IIIғ).
Әлеуметтік-саяси көзқарастары:
Біріншілердің көзқарастары «Шан цзюнь шу» («Шан аумағын
басқарушының кітабы») кітабында, ал екіншілерінікі – «Хань Фэй-цзы»
жазба ескерткішінде баяндалған. Легизм теориясына көп дәрежеде үлес
қосқан Шан Ян (Гунсунь Ян, б.д.д.390-338ж.ж.). Легизмнің негізгі
доктринасы – юридикалық заңның (фа) мемлекет пен қоғам өміріндегі
шартсыз басшылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші ғана шығарады. Легизм
теоретиктері деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады, ол билеушінің
шексіз билігінің арқасында іске асатын болды. Шан Ян «егер барлық жерде
заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззат алады», - деп жазды.
Оның заңының концепциясы біріншіден, билеушіге жан-тәнімен берілуге
тәрбиелеудің негізі ретінде жазалау мен марапаттау жүйесін және екіншіден,
тектердің рангын беру және қызметке тағайындау жүйесін қамтиды. Шан
37
Янның әлеуметтік теориясының маңызды элементі «халықты әлсіретудің»
маңыздылығы, оны билеушінің ырқын бұлжытпай орындайтын құралға
айналдыру болып табылады. «Халық ақымақ болса – оны басқару оңай».
Яғни, халық пен билеуші антагонистік ара қатынаста ғана бола алады.
Халыққа оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек, ол ауылшаруашылығымен
айналысып, тек соғыс туралы ғана ойлануы керек. Ал мемлекет тек
ауылшаруашылығы мен соғыс арқылы ғана байиды, күшейеді. Шан Янның
бұл тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен -
оның пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес.
Шан Янның ілімі Хань Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып,
императорлық Қытайдың доктринасына айналды. Легизм үш кезеңнен
тұрады – соның ең негізгісі, қысқа уақытқа қарамастан, б.д.д.221-207ж.ж.
болды. Легизм Цинь империясының негізгі идеологиясына айналды.
Легизмді басшылыққа ала отырып, Цинь Шихуан Қытайды біріктірді.
Легизмнің басты идеологиялық қарсыласы – конфуцийшілдік болды. Цинь
Шихуанның бұйрығымен конфуцийшылдарды қуғындау кезінде 460-
конфуцийшыл жерге тірідей көміліп, қалғаны Ұлы Қытай қорғанын салуға
жіберілді.
Философиялық афоризмдері:
Жүзінде күлкісі жоқ адам дүкен ашып әлек болмасын (Қытай мақалы).
Асықпаған ұзаққа шабар (Қытай мақалы).
Кек алмас бұрын, сіз екі мола қазуыңыз керек (Қытай даналығы).
Чинг-Чанг корольдің ваннасында мынадай сөздер ойылып жазылған:
«Күн сайын өзіңді жаңартып отыр және мұны үнемі жаса» (Қытай
даналығы).
Сен үш жолмен ақылдырақ бола аласың:
Тәжірибие жолымен – бұл ең қиын жол;
Еліктеу жолымен – бұл ең жеңіл жол;
Ойлану жолымен – бұл ең ізгі жол; (Қытай мақалы).
Қарсыласыңды жеңу үшін, одан күшті болуға ұмтылма, оны өзіңнен
әлсіз етсең жетеді (Қытай қолбасшыларының қағидасы).
Әдебиет:
1. Шығыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ.«Жазушы»,—Алматы:
2009. 470-471-бет.
2. «Книга Правителя области Шан», пер.Л.С.Переломова, НИЦ
«Ладомир», —Москва: 1993
3. Удальцов С. Ф. «История политических и правовых учений (Древний
Восток)» Издательский дом СПбГУ, СПб: 2007
4. Переломов Л. С. Конфуцианство и легизм в политической истории
Китая. —Москва: 1981. С-334 .
5. Древнекитайская философия.1-2 тт., —Москва: 1972-1973.
6. История китайской философии. —Москва: 1989.
7. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», — Алматы: 2008.
38
8. Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли.—Москва: 1989.
9. Древнекитайская философия. Эпоха Хань. —Москва: 1990.
10. Кобзев А.И. Учение о символах и числах в китайской классической
философии. —Москва: 1994.
11. Рубин В.А. Личность и власть в древнем Китае. —Москва: 1999.
12. Кобзев А. И. Учение Ван Янмина и классическая китайская философия.
—Москва: 1983.
39
Жалпы, Қытай философиясы дәстүрлі қытай тарихнамасы тарихи
кезеңдерді билік еткен әулеттермен (династиялармен) байланыстырылады.
Сол тарихнамаға сай, бірінші Ся әулеті болған (б.д.д.IIIғ. - б.д.д.XVIғ.
ортасына дейін). Оны Шан-Инь әулеті (б.д.д.1766-1122ж.ж.), содан кейін
Шан-Инь әулетін Чжоу династиясы (б.д.д.1122-247ж.ж.) алмастырды. Бұл
дәуір үш кезеңге: Батыс Чжоу кезеңі (б.д.д.1122ж.-VIIғ., Шығыс Чжоу кезеңі,
өз кезегінде ол екі кезеңге – Лего немесе Чуньцю (б.д.д.770-476ж.ж.) және
үшінші Чжаньго кезеңі (б.д.д.475-221ж.ж.) деп бөлінеді. Чжоу дәуірін аз
уақыт Цинь дәуірі алмастырды (б.д.д.221-206ж.ж.), оның орнына б.д.220ж.
дейін өмір сүрген Хань дәуірі келеді. Осы дәуірде ежелгі Қытай тарихы
аяқталып, қытайлық Ортағасыр басталады.
Өзіндік мәдениеті бар архаикалық, рулық қоғам жеке мүдделері бар
таптарға, сословиеге бөлініп, мемлекет институты бар қоғамға қарай өткенде
әуелгі философия (протофилософия) пайда болды.
Әулеттен әулетке қарай мемлекеттік билік нығайып, алғашқы қауымдық
рулық қатынастар мен тәртіптер жойыла бастайды. Сонымен бірге, Қытай
дәстүрлі қоғамға, яғни дәстүр реттеуші күш болатын қоғамға жатады. Оны
қытайлықтардың бақыт пен жарасымды үйлесім тән өткенге құрметпен
қарауынан байқауға болады. Әрбір жаңа әулет өзінің алдында болған әулетті
сол үйлесімді бұзды деп айыптайтын.
Дәстүрлі қытайлық сананың өткенді құрметтеуінің әуелгі Қытай
философиясына да, тіпті, философиясының жалпы сипатына да әсері болды.
Әуелгі философия үшін өткен нәрсе, ең алдымен, қоғамдық
дүниетанымның маңызды бөлігін құрайтын, жалпы дүниетаным мен әлем
бейнесіне реңк беретін архаикалық көзқарас пен мифология еді. Алғашқы
қауымдық Қытайды зерттеген ғалымдар Қытай мифінің сипатына, оның
мәдениеттегі орнына ғана қатысты емес, жалпы оның бар болуына қатысты
айтысады.
Қытайда мифологияның философияға Ежелгі Грекиядағы сияқты елеулі
ықпалы болған жоқ, бірақ ондай ықпалдың болуын толық жоққа шығару да
дұрыс емес. Өйткені, философия мен мифологияның және таза түрде өмір
сүретін архаикалық мәдениеттің арасында әуелгі философия бар. (Шығыс
философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы»,—Алматы: 2009. 126-127
беттер). Сондықтан ол кейінгі дәуірлерде өзінің заңды жалғасын тапты.
40
2 – БӨЛІМ
АНТИКАЛЫҚ ГРЕК-РИМ
ФИЛОСОФИЯСЫ
41
Біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда Эллада полистерінде
(қала-мемлекеттерінде) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары
қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері
ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің
орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе құлдық демократия түрлері
дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне
байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланысты болды.
Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізінде таза
зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-
мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық
сана ретінде қалыптасуына әкеп соқтырды.
Сонымен қатар антика философиясының қалыптасуына Крит-микен,
Гомерлік Грекия кезеңіндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және
күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер
(Жеті-Данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі
Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіру (мысалы, сол
кездегі афро-азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек
ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің
субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.
Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми
жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын
жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық жүйелік
жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, кейінірек келе оның
классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Б.д.д.VII-Vғ.ғ.
антикалық рухани даму мифологиялық, діни
көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл
кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д.V-IIIғ.ғ.
ойшылдарының мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы
дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық
аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге
көтеруіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең
деп екіге бөледі (Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. Философия тарихы/
Антикалық философия, «Раритет»,—Алматы: 2006. 19-20 беттер). Бұл
антикалық кезеңде өмір сүрген тұлғалардың философиялық ойлаудың биік
деңгейіне жетуіне байланысты болды.
42
ФАЛЕС МИЛЕТСКИЙ
(б.д.д. 640/624 – 548/545ж.ж.
Милет, Кіші Азия)
— көнегрек философы әрі математигі.
Европа ғылымының тарихы бастау алатын
ионистік натурфилософияның өкілі және
Милет (ионистік) мектебінің негізін
қалаушы.
Оның есімі геометриялық теоремамен
аталады. Оның бізге қалдырған мұрасы:
дүниенің алғашқы бастамасы – су («архэ»)
деп білді.
Философиялық шығармалары:
«Бастама туралы», «Күн туралы»,
«Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз
астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға
жетпеген.
Аристотель өзінің «Метафизика» деген еңбегінде заттардың
генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда
болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің
өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтындығын мәселе етіп
көтергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Философиялық көзқарастары:
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су.
Бұл жерде су – мұхит (нун), Абзулардың (Абсулардың) философиялық
жиынтықталған ұғымы. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып
жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол – «ақыл-ой», осы тұрғыдан
ол Құдай тектес дейді. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы
шарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді.
Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-
әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар сол денелердің өзіндік
қозғалыстарының қайнар көзі ретінде – солардың жаны. Мысалы, магниттің
жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады.
Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның
төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен,
табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи
тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі
өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып,
философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Философиялық афоризмдері:
Бәрінен көне – Құдай, өйткені ол ешкімнен тумаған.
Бәрінен сұлу – Әлем, өйткені оны Құдай жаратқан.
43
Бәрінен үлкен – Кеңістік, өйткені оған бәрі сыяды.
Бәрінен жүйрік – ақыл, өйткені ол бәрінен озады.
Бәріне күшті – Қажеттілік, өйткені ол бәріне билігін жүргізеді.
Бәрінен данышпан – Уақыт, өйткені ол бәрінің сырын ашады.
Бәріне ортақ –Үміт, өйткені ештеңесі жоқ адамның өзінде үміт бар.
Не қиын? – Өзіңді-өзің тану қиын.
Не оңай? – Өзгеге ақыл айту оңай.
Кім бақытты? – тәні сау, жаны сезімтал болып, бойындағы барды
дамыта білсе, сол бақытты.
Ата-анаңа не көрсетсең, балаңнан соны күт.
Нілдің жайылуы аңғардан қарсы соққан желдің ағысты бөгеуінен
болады.
Дұшпаныңның күні бұдан да төмен екенін көрсең, қасіретіңді жеңуің
оңай.
Біреуді істеді деп кінәлаған қылықтан өзің бой тартсаң, ең баянды
тірлік сол.
Жақсылыққа үйрет, өзің де үйрен.
Құдайдан істеген күнәң түгілі, ойлаған ойыңды да жасыра алмайсың.
Үш нәрсе үшін тағдырыма ризамын: біріншіден, аң алмай адам боп
туғаным үшін; екіншіден, әйел болмай еркек болғаным үшін;
үшіншіден, жабайы болмай эллиндік болғаным үшін.
Надандықтан өткен сорақылық жоқ.
Ел билеу үшін әуелі өзіңді билеп ал.
Ең дұрыс нәрсе не? – Табиғатпен үндестік, мөлшермен іс қылу, өйткені
кейде артық рахаттың өзі де мезі қылады.
Ең зиянды не? – Кемістік, өйткені ол жүрген жердің бәрі бүлінеді.
Тәннің ләззаты – саулығында,
Жанның ләззаты – білімінде.
Достарыңызбен бөлісу: |