Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов;  пер.  Гаспаров  М.Л.;  ред.  тома  Лосев  А.Ф.  «Мысль»,— 

Москва: 1986. — С. 61—68. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 20-бет. 

3.  Асмус В.Ф. Античная философия. ВШ, — Москва: 1998. С. 10—13. 

4.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Фалес.  «Аударма»,  —Астана: 

2007. 117-118 беттер 

5.  Лебедев А.В. Демиург у Фалеса? (К реконструкции космогонии Фалеса 

Милетского) //Текст:семантика и структура.—М: 1983. С.51—66. 

6.  Панченко  Д.В.  Фалес:  рождение  философии  и  науки.//  В  кн.: 

Некоторые проблемы истории античной науки. — Л., 1989. — С.16 

44 

 

КЛЕОБУЛ ЛИНДСКИЙ 



 

(б.д.д. VI-ғасырдың бірінші жартысында) 



 

 — 


грек 

ойшылы, 


әйгілі 

жеті 


данышпанның бірі. 

         Диоген  Лаэрций  жүгінген  Дуридің 

мәліметі  бойынша,  ол  Родос  аралындағы 

Линда шаһарында дүниеге келіп, кейіннен 

сол  қаланың  билеушісі  болған.  Әділ 

билігі,  кең  мінез,  кемел  парасатымен 

даңқы  шығады.  Клеобул  билік  құрған 

кезде  елге  құт-береке  қонып,  Линда 

барынша көркейеді.  

         Зорлық-зомбылық 

ауыздықталып, 

бұқара  жұртшылық  шынайы  демократия 

мен  бостандықтың  шырын  дәмін  татады,  яғни  Клеобул  өзінің  осынау 

қайраткерлік тәжірибиесі арқылы дана басқарған ел озатының дүлей басқарса 

тозатынын дәлелдеп кеткен. 

       Ол  томырық,  дүмшелер  сияқты  достан  жау  іздемеген,  қайта  дұшпанды 

дос қылуға тырысып, бауырына тартқан. Сондықтан да өз елдерінде қағажу-

қиянат  көрген  озық  ойлы  даналар,  өнерпаздар  айналып-үйіріліп  соны  пана 

тұтатын  болған.  Көбінесе  ондайларды  Клеобулдың  өзі  арнайы  шақыртып 

алады  екен.  Мәселен,  зұлым  патша  Писистраттың  заманында  басы 

сергелдеңге  түсіп,  шетте  қуғында  жүрген  кемеңгер  Солонға  былай  деп  хат 

жолдағаны  мәлім:  «Сенің  досың  көп,  барлық  жерде  үйің  де  бар  екенін 

білемін.  Бірақ  тілімді  алсаң,  саған  Линдадан  артық  жер  жоқ,  өйткені  мұнда 

шын  мәнінде  халық  билік  құрады.  Бұл  арал  теңіздің ортасында  орналасқан, 

сондықтан Писистраттың құрығы саған жете қоймайды. Ал достарың болса, 

шартараптан келіп тұрады». 

         Клеобул  сырт  тұлғасы  аса  сымбатты  әрі  өте  қайратты  адам  болыпты. 

Соған қарап замандастары оны Гераклдің тікелей ұрпағы деп аңыз таратқан. 

Жақсы  даңқымен  бірге  жасасып  келе  жатқан  көп  игі  істерінің  бірі  –  оның 

сәулет  өнеріне  деген  айрықша  ықыласы.  Мысалы,  оның  Данай  іргетасын 

қалаған Афина храмын қалпына келтіруі әлі күнге дейін тарих жадында. 

Философиялық шығармалары: 

        Клеобул  көне  Грек  пен  Мысыр  философиясын  терең  меңгерген. 

Айналасына  даналарды  жинап  қана  қоймай,  олармен  өнер  жарыстырған; 

талайдан ой оздырып, артына сөз қалдырған кемеңгер. Ақындыққа бой ұрып, 

өлең  де  жазған.  Диогеннің  айтуынша,  ұзын-ырғасы  үш  мың  жолдық  өлең, 

жұмбақтары  сақталыпты.  Тіпті  Мидас  патшаның  қабырындағы  Гомерге 

таңылып жүрген өлеңді де Клеобул жазды деген дерек бар. 

       Клеобул  жетпісті  алқымдаған  шағында,  ел-жұрты  әулие  тұтып 

әлпештеген қадірлі қалпында пәниден өтеді. Оның қабырындағы құлыптаста 

мынадай өлең жолы айшықталған: 



45 

 

         Дана өлді, жұрты сөзін 



         Дұғалықтай жаттайды. 

        Линда – Отаны сүртіп көзін, 

         Күңіреніп жоқтайды.  

Философиялық афоризмдері: 

  Дана адам – жалғандықтың жауы. 

  Аз сөйлеп, көп тыңда. 

  Өзің жек көргенді өзгеге тілеме.  

  Мөлшер бәрінен маңызды. 

  Тағдырдың сынынан абыроймен өте біл. 

  Мазаққа ұшырағандарға күлме – өзіңе жау табасың. 

  Бақ қонса - тасыма, қасірет көрсең – жасыма. 

  Не нәрседе сабыр сақтап бел ортаны ұстасаң – 

Өмірің тыныш, қор болмайсың ешқашан. 

  Мас құлды жазалама, өзің масқара боласың. 

  Досыңа да, дұшпаныңа да жаға біл: 

Досыңның достығы артады, 

Қасың пиғылынан қайтады. 

  Үйден  шығып  бара  жатқаннан:  неге  кетіп  барасың  деп  сұра;  қайтып 

келгенде: не бітірдің деп сұра. 

  Қыз баланы жасы – бойжеткен, ақылы – әйел боп ержеткен кезде ұзат. 

  Өзіңе тең жар таңда – өкініші болмайды. 

Тегі жоғарының туыстары билеп-төстеп қорлайды. 

  Білімге асық бол, надандықтан қашық бол. 

  Елдің көзінше әйеліңмен аймаласпа, не онымен керіспе. 

Біріншісі – есерлік, 

Екіншісі – мінез емес кешерлік. 

  Жақсылықтың досы бол, жамандықтың қасы бол. 

  Жалғандықтан қаш. 

  Жаулық іздеп жанталаспа. 

  Мейлі үлкен, мейлі болсын кішкене, 

Еш нәрсені зорлықпенен істеме. 

  Әділетпен билік құрса Әмірің, 

Рақат деп соны айтсаңшы, Тәңірім! 

 

Әдебиет: 

 

1.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов,  Пер.  М.Л.Гаспарова;  Ред.  тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев; «Мысль», —Москва: 1986. с. 81-83. 

2.  Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Клеобул. «Аударма», —Астана: 

2007. 51-53 беттер. 

 


46 

 

ПИТТАК МИТИЛЕНСКИЙ 



 

(б.д.д. 651 – 569 ж.ж.) 

 

— әйгілі жеті данышпанның бірі.  



        Он 

жылдай  Свиданы  билеген. 

Афиндықтар 

мен 


митилендықтар 

Ахилентида аралына таласып бір-бірімен 

соғысқанда,  Питтак  митилендықтарды, 

ал  олимпия  жеңімпазы  –  бессайысшы 

Фринон  афиндықтарды  басқарады.  Ол 

қарсыласын 

жекпе-жекке 

шақырып, 

қалқанына  жасырған  торды  оңтайлы 

сәтте  басына  орап  жібереді  де,  оны 

буындырып 

өлтіреді. 

Сөйтіп 

басшысынан  айырылған  афиндықтар 



жеңіліп, даулы жерді қайтарып алады. 

       Кейін 

биліктен 

кеткенде, 

митилендықтар  қадірлеп  оған  еншіге  жер  бөліп  береді.  Сонда  Питтак: 

«Жарты – бүтіннен үлкен» деп, ол жердің кішкентай бір бөлігін ғана алыпты. 

Сосикраттың  айтуынша,  ол  онсыз  да  ақшам  керегінен  екі  есе  көп  деп  Крез 

патша  берген  пұлды  алмай  қойыпты.  Бұлай  дейтін  себебі,  Питтак  артында 

баласы  жоқ,  қайтыс  болған  ағасының  мұрагері  екен.  Оның  Тиррей  деген 

баласын  Ким қаласында  шаш  алдырып  отырғанда  бір  ұста  балтамен  шауып 

өлтіріпті.  Қаланың  азаматтары  қылмыскерді  тұтқындап,  Питтактың  алдына 

жібереді.  Сонда  Питтак  оқиғаның  қалай  болғанын  анықтап  біледі  де: 

«Өкінгеннен кешірген жақсы!» деп, оны қоя береді. 

           Билік  жүргізген  кезінде  «Аралда  шарап  көп  деп  есі  кеткенше  ішпес 

үшін маскүнемге екі айып салынсын» деген заң шығарған. 

Философиялық афоризмдері: 

  Кісіні сынағың келсе – билік бер. 

  Ойға алған ісіңді жария қылма, орындалмаса – күлкіге қаласың. 

  Не бұлыңғыр? – Болашақ. 

  Не сенімді? – Жер. 

  Не сенімсіз? – Теңіз. 

  Ақылды пәлені болмай тұрып болжай біледі, батыр келген пәлені жеңе 

біледі. 


  Біреудің сәтсіздігіне күлме, сондай болудан қорық. 

  Ең жақсы не? – істеген ісіңді жақсылап істе. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов, Пер. М.Л.Гаспарова; «Мысль»,— Москва: 1986. С.77-79. 

2.  Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Питтак. «Аударма»,—А: 2007.  


47 

 

СОЛОН АФИНСКИЙ 

 

(б.д.д. 638 – 559 ж.ж.) 



 

              —  афиндік  саясаткер,  ұлы  ойшыл, 

ақын  әрі  заңгер.  Кезінде  әйгілі  жеті 

данышпанның бірі атанған.  

              Платон  оны  «жеті  кемеңгердің  ең 

данышпаны,  бекзат  ақын»  деп  бағалаған. 

594  жылы  афиндықтар  Солонды  архонт 

(билеуші,  төбе  би)  ғып  сайлап,  жаңа 

мемлекеттік  тәртіп  орнатуға  төтенше 

өкілеттік  береді.  Жұрттың  бәрі  бұл 

шешімді 

ризашылықпен 

қабылдайды: 

байлар оны ауқатты деп бағаласа, кедейлер 

адал адам деп оған үміт артады.  

     Солон  қанша  жерден  игі  жұмсақ 

болғанымен  билік  құрған  кезінде  онша  осалдық  танытпаған.  Ықпалды  деп 

алпауыт-шонжарлардың  ығына  жығылмайды,  заң  түзгенде  осылар  мені 

қолдап  еді  ғой  деп  сайлаушыларға  да  іш  бұрмайды.  Дұрыс  тұрған  нәрсені, 

түзеудің  жөні  осы  екен  деп,  орынсыз  өзгертуден  бой  тартады.  Тек  сендіру 

арқылы  іске  асыруға  болатын  шараларға  жүгінеді.  Тіпті  күштеген  күннің 

өзінде де қарсылық туғызбайтындай болғанын қалайды. Осыған байланысты 

ол «күштеумен заңды ұштастыра білдім» дейді. 

    Солон  сексен  жасында  Кипрде  қайтыс  болған.  Өсиеті  бойынша  сүйегін 

өртеп, күлін туған жері – Саламинаға әкеп шашып жіберген. 

Шығармалары: 

        Солонның  басты  еңбегі  –  шығарған  заңдары,  оған  қоса  көптеген  үлгі, 

насихат  тұрғысындағы  ғақлия,  бес  мың  жолдай  элегиялық  өлеңдер  жазған. 

Солардың біразы қанатты сөзге айналып, қазір ұрпақтар аузында қалды. 



Философиялық афоризмдері: 

  Халқыма мен билікті қажетіне қарай бердім: 

Ұжданына тимедім, артық ұхұқ та бермедім. 

Байлығымен, айбынымен елден асқан ерлерді де ойладым – 

Басқаларға қорлатып, басындырып қоймадым. 

Ортасында тұрып алып қалқаныммен жасқадым, 

Жол бермедім әділетсіз жеңуіне басқаның. 

  Бай болғым келеді, бірақ адал байлықты қалаймын. 

Арамнан жиған дүние түбіне жетті талайдың. 

  Байлар көп жамылған кісі атын, 

Ал жақсылар – мүсәпір. 

Қалай айырбастаймыз кісілікті бір қапшық ақшаға: 

Өйткені кісілік әрқашан өзімізде қалады, 

Ал ақша – бүгін сенде, ертең кетер басқаға. 

  Ұлы істе бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. 


48 

 

  Сөз дегеніміз істің көрінісі. 



  Кім бәрінен күшті, сол ғана патша. 

  Өзгеден жауап талап ете отырып, өзің де есеп бер. 

  Көпті қорқытқан көптен қорқуға тиіс. 

  Заң қарақұрттың торы сияқты: 

Әлсіздер шырматылып, түк шықпасын ұғады. 

Ал күштілер бұзып-жарып шығады. 

  Қылмысты қалай жоюға болады деп сұрағанда: 

«Зәбір  шеккенге  де,  шекпегенге  де  бірдей  ауыр  тиетіндей  болсын!» 

депті. 

  Өзгеге бұйырмас бұрын өзің бағынып үйрен. 



  Қартайдым, бірақ ылғи да көп нәрсені үйренудемін. 

  Солонның баласы өліп жылап отырғанда біреу: 

«Бұған енді шара жоқ қой!» дейді. Сонда Солон: «Шара жоқ болған соң 

жылап отырмын!» депті. 

  Мен күштеп мәжбүрлеуді заңмен ұштастырдым. 

  «Әкесін  өлтіргенді  жазалау  туралы  неге  заң  шығармадыңыз?»  деп 

сұрағанда:  «Ондай  заңның  қажеті  болмай-ақ  қойсын!»  деп  жауап 

беріпті. 

  Құдайды құрметте, ата-анаңды ардақта. 

  Әрқашанда ақылың жетекші болсын. 

  Халық билеген елде тұру мен үшін бәрінен қымбат. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Аристотель. Афинская полития. Пер. С.И.Радцига. В кн.: Аристотель. 

Политика. Афинская полития. «Мысль», —М: 1997, с. 271—343. 

2.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов. Пер. М.Л.Гаспарова. «Мысль», —М: 1986, c. 68-75. 

3.  Плутарх. 

Сравнительные 

жизнеописания. 

/Солон. 

Пер. 

С.И.Соболевского. 1-т. «Наука», —Москва: 1994. С.92–114. 

4.  Солон. Фрагменты. В кн.: Античная лирика. «Худ.лит.», —М: 1968. 

5.  Ленцман  Я.А.  Достоверность  античной  традиции  о  Солоне.  В  кн.: 

Древний  мир:  сборник  статей  в  честь  академика  В.В.Струве, 

«Вост.лит.», —Москва: 1962. 

6.  Суриков И. Е. Законодательные реформы Драконта и Солона: религия, 

право и формирование афинской гражданской общины. В сб.: Одиссей. 

Человек в истории. 2006. «Наука», —М: 2006, с. 201–220. 

7.  Эндрюс  А.  Рост  Афинского  государства.  В  кн.:  Кембриджская 

история  древнего  мира.  Т.  III,  ч.  3:  Расширение  греческого  мира. 

«Ладомир», —Москва: 2007. 

8.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Солон.  «Аударма»,—Астана: 

2007. 100-112 беттер. 

49 

 

БИАНТ ПРИЕНСКИЙ 



 

(б.д.д.VI – ғасыр) 

 

        —  атақты  ойшыл,  қоғам  қайраткері, 



көне 

Эллададағы 

атақты 

жеті 


данышпанның 

бірі. 


Тапқыр 

ой, 


шешендігімен,  мәрттігімен  өз  заманында 

аты шыққан. 

       Бианттың  туған  жері  Приенаға  Кир 

патша  шабуыл  жасайды,  қала  қоршауда 

қалады.  Үрейленген  жұрт  ең  қажет 

қымбат  мүліктерін  алып,  қаша  бастайды. 

Тек  Биант  қана  ештеңе  алмайды.  Жұрт 

таң  қалып,  түк  алмағаның  қалай  деп 

сұрағанда, Биант: «Өзіме қажеттің бәрі өз 

бойымда» деп жауап берген екен. 

         Соғыс  кезінде  спартандар  тұтқынға 

түсірген  мессениялық  қыздарды  Биант  құнын  төлеп  сатып  алыпты.  Өз 

баласындай  асырап-бағып  кейін  көп  тарту-таралғымен  оларды  отанына 

қайтарыпты. Біраз жыл өтіп, Афинада балықшылар су түбінен «Кемеңгерге» 

деген  жазуы  бар  алтын  тостаған  тауып,  қазылар  алқасына  әкелгенде,  халық 

жиналысында  әлгі  қыздар  өздері  бастан  кешкен  тағдырды  айтып,  Биантты 

кемеңгер деп бағалайды. Қазылар тостағанды Биантқа жібереді. Бірақ Биант 

жазуды  көріп,  кемеңгер  мен  емес,  Аполон  деп,  тостағанды  қабылдамай 

қойыпты. 

      Алиатт  патша  Приена  қаласын  қоршаған  кезде,  Биант  екі  қашырды 

жемдеп, патшаның шатырына қарай айдап жібереді. Қашырды көрген патша 

«малдары мынадай семіз, қоршауда жатса да күйзелмейтін не деген бай ел!» 

деп қайран болады. Тілдеспекке елші жібереді. Биант құмды жота ғып үйіп, 

үстіне бидай себеді де елшіге көрсетеді. Астығы көп екен деп ойлаған патша 

приеналықтармен бітімге келеді. Кейін патша Биантты өзіне шақырғанда ол: 

«Алиятт пиязға тойсын!» (көзінен ащы жасы ақсын) деп жауап қайтарыпты. 

       Замандастарының  айтуынша,  сот  алдындағы  сайыста  оны  жеңу  мүмкін 

болмаған.  Бірақ  ол  өзінің  шешендік  құдыретін  тек  игі  мақсатқа,  әділет 

жолына жұмсаған. Гиппонакт оны: 

      «Қазылыққа жүгінер тартыс туса бұл күнде, 

       Приеналық Биантты сөзден тосу мүмкін бе!» деп мадақтаған. 

Философиялық афоризмдері: 

  Кемеде жүзіп бара жатқандар тірінің де, өлінің де есебінде жоқ. 

  Бақытсыздыққа төзе алмаған адам – бақытсыз. 

  Ең жақсы ақылшы кім? – Уақыт. 

  Ең тәтті не? – Үміт. 

  Рақат іс не? – Тапқан табыс. 

  Не қиын? – Басқа іс түскенде сабырмен төзу қиын. 


50 

 

  Нәрсізді байлығына бола мақтама. 



  Жаман адам қайда да көп. 

  Күшім жетіп алдым деме, 

Құдай сәтін салды де. 

  Іс бастауға асықпа, қолға алдың ба, тістей қат. 

  Асықпай сөйле, аптыққан – ақымақтың белгісі. 

  Күшке салма, сеніммен жүрегін жаулап ал. 

  Құдай туралы айтқанда, оны бар деп қана айт. 

  Жастықтан кәрілікке азық қып ақылды ғана ал, өйткені одан қайырлы 

байлық жоқ. 

  Өмірді  кесіп-пішкенде  алдағы  ғұмырың  әрі  аз,  әрі  көп  қалғандай 

есепте. 

  Достарыңнан  гөрі  қастарыңның  арасындағы  дауға  билік  айт,  өйткені 

ондай істен кейін досыңның бірі қасқа, қасыңның бірі досқа айналады. 

  Бітпес іске білек сыбанушы көп. 

  Ақыл-парасатқа табын. 

  Бір  күні  ылғи  алаяқ  зұлымдардың  арасында  кемемен  жүзіп  келе 

жатады.  Кенет  дауыл  ұйытқып,  жанындағылар  улап-шулап  құдайға 

жалбарына  бастайды.  Сонда  Биант:  «Жап  ауыздарыңды!  -  деп  айғай 

салыпты. – Әйтпесе құдай сендердің мұнда екендеріңді біліп қояды!». 

  Алаяқтың бірі ізгілік деген не? - деп сұрайды. Биант үндемейді.  Анау 

неге  үндемейсің  дейді.  Сонда  Биант:  «Себебі  сен  өзіңе  қатысы  жоқ 

нәрсені сұрап тұрсың!» деп жауап беріпті. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов /пер. М.Л.Гаспарова, ред.тома и авт. вступ. ст. А.Ф.Лосев, 

АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль»,—Москва: 1986. 

2.  Таранов  П.С.  106  -философов  (в  двух  томах).  «Таврия»,  — 

Симферополь: 1995.  

3.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Биант.  «Аударма»,—Астана: 

2007. 24-26 беттер 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


51 

 

ПЕРИАНДР КОРИНФСКИЙ 



 

(б.д.д. 629 – 586 ж.ж.) 



 

         —  жеті  кемеңгердің  бірі  атанған 

Периандр 

қырық 


жылдай 

Коринфті 

билеген екінші тиран. 

         Кипсел  және  Кратеидің  баласы.  Ол 

тұңғыш рет жеке күзет тәртібін енгізіп, өз 

жанына  200-қорғаушы  ұстаған.  Төңкеріс 

жасау  арқылы  Коринфті  басып  алып, 

шексіз билікке қол жеткізеді. 

      Тежеусіз  билеп-төстеудің  құпиясын  ол 

өзінің 


досы 

Милеттің 

билеушісі 

Фрасибулдан біледі. Кеңес сұрап жіберген 

уәзірін Фрасибул қаланың шетіндегі егінге 

алып  барады  да  ләм  деп  жақ  ашпастан  ең 

биік  боп  өсіп  тұрған  масақтарды  таяқпен 

оңды-солды  ұрып  құлата  бастайды.  Уәзір  түк  түсінбей  таңырқап,  көргенін 

Периандрға айтып келеді. 

       Периандр  досының  бұл  жұмбағы  –  тыныш  билік  құрғың  келсе,  еліңнің 

бас көтерер ақылдысын құрт деген ишара екенін ұғады және солай етеді де. 

Аз  уақыттың  ішінде  Коринфтегі  ең  көрнекті  адамдарды  өлтіргенін  өлтіріп, 

қуғанын қуып тоз-тозын шығарады. 

       Оның кейбір қылықтары ақылға сыймайтын болған. Эфордың айтуынша, 

бірде Периандр Олимпийдегі жарыста күймесі озса, алтын мүсін құюға серт 

етеді.  Күймесі  озып  келіп  уәдесін  орындауға  алтыны  жетпей  қалса  керек. 

Сонда  Периандр  қаладағы  тойға  келген  әйелдерді  көріп,  үстеріндегі  асыл 

киімдерін, алқа-жүзіктерін түгел сыпырып алдырыпты. 

        Периандр  Гераклдің  әулетінен  шыққан.  Эпидавардың  билеушісі 

Проклдің  қызына  үйленіп,  екі  ұл  сүйген.  Үлкенінің  есі  шала,  кішісі  зейінді 

болады.  Үшінші  балаға  жүкті  боп  жүрген  әйелін  ашу  үстінде  орындықпен 

ұрып  өлтіреді.  Кейін  күңдерінің  өсегіне  алданғанына  опынып,  оларды  да 

тірідей отқа жағып жібереді. 

        Анасының  өліміне  қатты  қайғырған  ұлын  үйінен  қуып  шығады,  кімде-

кім  онымен  сөйлессе,  Апполон  храмына  айып  төлейді  деп  қалаға  жарлық 

таратады. Біраз уақыттан кейін жүдеп-жадаған ұлын көшеден көріп райынан 

қайтады  да,  үйге  кел  деп  шақырады.  Сонда  баласы:  «менімен  сөйлескенің 

үшін Апполонға айып төле» депті. 

        Периандр  сексен  жасында  дүниеден  торығып,  жалғыздықта  өлген. 

Кейбіреулердің айтуынша, ол қабірін ешкімге білдірмеу үшін мынадай қулық 

ойлап  тауыпты.  Екі  жігітке  түн  ішінде  бір  жолды  нұсқап,  кім  бірінші 

жолықса,  соны  өлтіріп,  көміп  тастаңдар  деп  бұйрық  береді.  Іле-шала  төрт 

кісіні  шақырып,  ана  екеуін  өлтіріп,  көміп  тастаңдар  деп  ізінен  жібереді. 

Олардың  артынан  көзін  жоюға  бұйырып  тағы  бір  топ  адамды  жұмсайды. 



52 

 

Содан  кейін  өзі  әуелгі  екі  жігіттің  алдынан  қарсы  шығады  да,  солардың 



қолынан  қаза  табады.  Коринфтіктер  бос  табытты  көміп,  қабырдың  басына 

былай деп жазған:  

       «Асау  толқын  аймалаған  жағалауда  Периандырдай  асылды,  даналықпен 

даңқы шыққан Коринфтің топырағы жасырды». 

      Периандрдың  тұсында  Коринф  шаһары  гүлдеп  көркейеді,  әдемі 

ғимараттар  бой  түзейді.  Әр  тараптан  әйгілі  ақындар  кеп,  билеушінің 

сарайында  айлап  жатып  мейман  болған,  солардың  ішінде  Дионисидтің 

құрметіне арнап алғаш рет елұран шығарған Арион да ат басын тіреген. 



Философиялық шығармалары: 

     Периандр  ақындармен  дос  болып  қана  қоймай  өзі  де  поэзияға  бой  ұрған. 

Ертедегі  ойшылдардың  өмірінен  дерегі  мол  тамаша  кітап  жазып  қалдырған 

атақты  Диоген  Лаэрцийдің  дерегі  бойынша,  Периандр  өлеңмен  екі  мыңға 

жуық ғақлия жазған. Оның жұмырлап сөзбен түйген асыл ойлары да даналық 

мәйегі ретінде бағаланбақ. 



Философиялық афоризмдері: 

  Ойлап істе – өкінбейсің. 

  Отан үшін жан қиюға әзір бол. 

  Қылығы үшін ғана емес, ниеті үшін де жазала. 

  Бәріне себеп не? – Уақыт. 

  Бостандық деген не? – Ар-ұждан тазалығы. 

  Ең ұлы не? – Сергек ақыл. 

  Сәтін күтіп іс қыл. 

  Қасіретіңдң көрсетпе, дұшпаның қуанбасын. 

  Тыныш билегің келсе, найзаға емес, көптің сүйіспеншілігіне сүйен. 

  Ашуыңды ауыздықта. 

  Бәрінің атасы – ынта. 

  Жаттыққан жалаң қолмен от көсейді. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов  /пер.  М.Л.Гаспарова,  ред.  тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев, АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль»,  

— Москва: 1986. 

2.  Таранов  П.С.  106-философов  (в  двух  томах).  «Таврия»,  — 

Симферополь: 1995. 

3.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері  /Периандр.  «Аударма»,— 

Астана: 2007. 53-55 беттер 

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет