Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Ясперс К. Смысл и назначение истории. — Москва: 1991. 29-30 беттер 

2.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, — Алматы: 2002. 303-

310 беттер. 

3.  Ясперс К. Общая психотология/ Пер.Акопяна. «Практика», — Москва: 

1997. 

4.  Богданова  И.Н.  В  поисках  адекватной  формы  знания  (В.Соловьев  и 

К.Ясперс) //Эпистемы: Альманах. — Екатеринбург: 1998. — С.40-45. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

455 


 

ЮРГЕН ХАБЕРМАС 

 

(18 маусым 1929ж. Дюссельдорфте 

туған) 

      


          — 

неміс 


философы, 

әлеуметтанушысы, 

мәдениеттанушы. 

Хабермас 

әлемге 

белгілі 


әлеуметтанушы–философтар 

Хоркхаймер  мен  Адорноның  ізбасары 

ретінде, 

Франкфурт 

мектебінің 

теориясын 

сыни 

тұрғыдан 



қайта 

қарастырған  «екінші  толқын»  өкілі 

ретінде белгілі ғалым.  

Философиялық көзқарастары: 

Оның  көзқарасы  бойынша,  әлемдегі 

дағдарыстар  мәдени-әлеуметтік  сипатқа 

ие,  сондықтан  қандай  да  болсын 

экономикалық,  саяси  құбылыстың  түкпірінен  мәдени  факторларды  таба 

білген  жөн.  Қазіргі  мәдени-әлеуметтік  жүйеде  мотивация,  рационалдылық 

және  легитимация  дағдарысы  бар  деп  ұғынған  Хабермас  әсіресе  солардың 

соңғысы  (легитимация  дағдарысы)  туралы  көп  ойланады,  өйткені  заңдылық 

және  құқық  –  мәдениеттің  маңызды  бөліктері  болып  табылады.  Ол 

дағдарысқа кез болған қоғамды тек рухани мәдениет, өнер тұрғысынан қайта 

жандандыруға болады деп есептейді. 

                 Хабермас  ілімінің  маңызды  элементі  –  коммуникативті  іс-әрекет 

теориясы.  Ол  адам іс-әрекетінің  қос  түрін  көрсетеді:  коммуникативтік  және 

стратегиялық.  Стратегиялық  іс-әрекеттің  мәні  оның  белгілі  бір  мақсат-

мүддені  көздейтіндігінде,  соған  қызығушылығында.  Алға  қойған  мақсатқа 

жету  барысында  адамдар  бір-бірін  қайткен  күнде  де,  мейлі  саналы  түрде, 

мейлі бейсаналы күйде, алдап-арбауға бейім тұрады. Стратегиялық іс-әрекет 

типі әлеуметтік бірлесу (интеграция) тұрғысынан алып қарағанда жатсынуға, 

индивидтің  ұжымға  лайықтылық  қасиеттерін  жоғалтуына  әкеледі;  мәдениет 

саласында  мән-мағынадан  айырылуға,  құндылықтық  бағыт-бағдардан 

жұрдай  болуға;  тұлға  деңгейінде  –  салт-дәстүрден  қол  үзіп,  әртүрлі 

психопотологиялық  процестерге  душар  болуға  бастайды.  Керісінше,  осы 

айтылған  зұлматтардың  барлығын  болдырмайтын  іс-әрекет  типі  –

коммуникация,  қарым-қатынас,  сұхбатқа  негізделген  іс-әрекет.  Сұхбаттық, 

коммуникациялық  іс-әрекет  типі  реттелген  нормативті-құқықтық  ортаны, 

заңға  негізделген  өзара  қарым-қатынас  әлемін,  тұлғаны  жетілдіретін, 

дамытатын рухани кеңістікті даярлайды.  

             Шынайы  бірлесудің  (интеграцияның)  тек  қана  сұхбаттық  дискурсте 

мүмкін  екендігін  көрсеткен  Ю.Хабермас  философиялық-мәдениеттанулық, 

жалпы  гуманитарлық  ғылымдардың  диалог  тақырыбына  бет  бұруына  көп 

ықпал етті. 


        

456 


 

Философиялық шығармалары: 

«Будущее человеческой природы: На пути к либеральной евгенике?», 



«Вовлечение другого: Очерки политической теории», «Демократия. Разум. 

Нравственность», «Моральное сознание и коммуникативное действие», 

«Политические работы», «Философский дискурс о модерне», «Расколотый 

Запад», «Проблема легитимации позднего капитализма» және т.б. 



 

Әдебиет: 

 

1.  Новейшие течения и проблемы философии в ФРГ. –Москва: 1978. 

2.  Давыдов 

Ю.Н. 

Критика 

социально-философских 

воззрений 

франкфуртской школы. –Москва: 1977. 

3.  Социальная философия франкфуртской школы. –Москва: 1978. 

4.  Мәдени-философиялық  энциклопедиялық  сөздік/  Құраст.  Т.Ғабитов, 

А.Құлсариева және т.б. «Раритет», — Алматы: 2004. 290-291бб. 

5.  Хабермас Ю. Расколотый Запад. — Москва: 2008. — С. 9-29. 

6.  Фурс  В.Н.  Философия  незавершенного  модерна  Юргена  Хабермаса. 

Экономпресс, — Минск: 2000. 

7.  Дабосин  П.С.  «Критическая»  теория  общества  и  государства 

Ю.Хабермаса: Методол. аспект /Удмурт. гос. ун-т. Изд-во Удмурт. гос. 

ун-та, — Ижевск: 2001. 

8.  Шульц  В.Л.  Философия  Ю.Хабермаса  /Рос.  акад.  наук,  Ин-т  соц.-полит. 

исслед. «Наука», — Москва: 2005. 

9.  Соболева  М.  Универсальная  прагматика  Юргена  Хабермаса  //Соболева 

М.Е. Философия как «критика языка» в Германии. СПбГУ, — СПб: 2005. 

10. Тищенко  П.Д.  Новейшие  биомедицинские  технологии:  Философско-

антропологический  анализ  [Анализ  идей  либеральной  евгеники 

Ю.Хабермасом]  //Вызов  познанию:  Стратегии  развития  науки  в 

современном мире. «Наука», — Москва: 2004. — С. 309—332. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

457 


 

МАРТИН ХАЙДЕГГЕР 

 

(26 қыркүйек, 1889ж, Месскирх Баден-



Вюртемберг, Герман империясы тұсында 

–  26 мамыр, 1976ж, сонда) 

 

         — 



неміс 

философы,  

экзистенциализмнің 

ірге 


тасын 

қалаушылардың бірі. 

           Қарапайым 

католиктер  отбасында 

өсті, 

Констанца 



және 

Фрайбургтегі 

гимназияларда 

оқыды. 


Фрайбург 

университетінің  теологиялық  факультетіне 

түседі. 

1911 жылы Мартин философия факультетіне 

ауысып  және  оны  1923  жылы  аяқтайды. 

«Учение  о  суждении  в  психологизме»  және 

«Учение  Дунса  Скотта  о  категориях  и  значении»  атты  тақырыптарда  екі 

диссертациялық жұмысты ойдағыдай қорғайды. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  өзінің  денсаулығына  байланысты  қатысқан 

жоқ. 


1915  жылдан  Фрайбург  университеті  теология  факультетінде  приват-доцент 

болып қызмет атқарды. 

1923 жылдан Марбург университетінде оқытушылық қызметте болды.  

1928  жылы  Фрайбургке  қайта  оралып,  сонда  отставкаға  шыққан  Гуссерлдің 

орнын басады; 

Хайдеггер  Фрайбург  университет  басқарады,  1933  жылы  саяси  жұмыстарға 

араласа  бастайды  (НСДАП-қа  мүше  болады),  екінші  дүниежүзілік  соғыс 

аяқталғанша соның мүшесі болып қала береді.  

1945 және 1951 жылдар аралығында Хайдеггердің нацистермен байланысына 

қатысты  оқытушылық жұмыстан аластатылды. 

1976 жылдың 26 мамырында Мартин Хайдеггер дүниеден өтті. 

Философиялық шығармалары: 

«Психологизмдегі  ілім  мен  пікір»  (1914),  «Уақыт  және  болмыс»  (1927), 

«Техника туралы мәселе» (1935), «Болмыс және уақыт», «Жалған сүрлеулер» 

(Ешқайда  апармайтын  жолдар)  (1950),  «Тілге  баратын  оқапта»  (1959), 

«Метафизикаға  кіріспе»,  «Ойлау  дегеніміз  не?»  (1954),  «Проселок»,  «Дүние 

дидары  дәурені»  («Время  картины  мира»)  (1938),  «Что  такое  метафизика?», 

«Европейский  нигилизм»,  «Доклады  и  статьи»  (1954),  «Тождество  и 

различие» (1957), екітомдық «Ницше» (1961) т.б.  

          Мартин  Хайдеггер  –  бүгінгінің  ең  көрнекті  ақылдыларының  бірі.  Ол 

бейклассикалық әлемге өту үшін ерлікке татитын қызмет атқарды. Хайдеггер 

Батыс  философиясы  үшін  дәстүрге  айналған  субьектіні  (адамды)  обьектіге 

(табиғатқа) қарсы қоюды жоққа шығарып, шығыстық тәжірибиеге тән «адам 

және  әлем»  деген  тұтас  контексті  қайта  қалпына  келтіруге  талпынған. 


        

458 


 

Сондықтан  ол  өзінің  философиясын  Шығыс  пен  Батысты,  Европа  мен 

Азияны жалғап тұрған желіге теңейді. Хайдеггердің іргелі онтологиясы, әлем 

мен  адам  туралы  жаңа  ілімі  шығыстық  және  батыстық  елдерде  ерекше 

танымал  ілімге  айналды.  Оны  африкалықтар  мен  француздар,  немістер  мен 

жапондықтар,  қытайлар  мен  испандар  оқиды.  Оны  қазақтар  да  оқыды  және 

оның  тұжырымдамасы  қазақ  ойшылдарының,  ең  әуелі  Абайдың 

философиялық ізденістеріне жақын екенін аңғарды. 



Философиялық көзқарастары: 

            Философия  дамуының  күрделі  жолын  сыни  тұрғыдан  пайымдай 

отырып,  М.Хайдеггер  өзінің  «Болмыс  және  Уақыт»  еңбегінде  адамның 

әлемнен  бөлінуі  техникалық  өркениетке  тән  деп  сипаттайды.  Техникалық 

өркениет  адам  мен  әлемді  бір-біріне  қарсы  қояды,  ал  субьект  пен  обьект 

бөлінісінің  философиялық  негізделуі,  сонымен  қатар  субьекттің  обьектіге 

белсенді  ықпалы  мен  оны  бағындыруы  Жаңа  заманда  жүзеге  асты. 

Европалық  нигилизм  феноменін  сынап  зерделей  отырып,  М.Хайдеггер 

болмыс  тақырыбына  оралып,  адамның  өз  болмысын  өзекті  мәселе  ретінде 

қарастырады.  Философтың  ойынша  адам  осындағы  –  болмыс  болып 

табылады.  

          Адам  өмірі  көбіне  мәнсіздікті  сезінумен, жалғыздықпен, азап  шегумен 

байланысты. Олай болса, не нәрсе мән болып табылады?  

          Мәнді  болып  табылатын  нәрсе  -  адамның  нақты  болмысы,  уақыттағы 

болмыс.  Адамның  өмір  сүруі  бүкіл  бүтінді,  әлемді  өзіне  қамтитын  «осы» 

мүмкіндігін  жүзеге  асырумен  сипатталады.  Демек,  «Болмыстың  болмысы» 

мәнді болып шығады, ал оны ұғыну үшін тілге құлақ түру қажет, тілдің өзін 

сөйлету  керек.  Тіл  арқылы  әрбір  адам  өзін-өзі  ашады,  өзінен  хабар  береді, 

өзінің  жағдайын,  көңіл-күйін  білдіреді,  ал  сол  арқылы  өзінің  әлемге  деген, 

өзіне деген қатынасын айқындайды. Ал бұл поэзиялық тілде мүмкін болады. 

Дәл  осындай  тіл  адамның жағдайын,  көңіл-күйін,  оның өзіндігін,  ол қандай 

болса соған сәйкестігін ашып көрсетеді. Поэзия әлемді, ондағы ахуалдандыру 

«тәсілін  ашып»,  поэзия  тілі  арқасында  адам  өзінің  кім  екенін,  мақсаты  мен 

тағдырын таба алады. 



Философиялық афоризмдері: 

  Айтыс-тартыс кезінде біреу-біреуді төбесіне көтеріп шығарады. 

  Билік үшін күрестің бәрі – билікке бағынышты. 

  Сайып келгенде – өнер біткеннің бәрінің өзегінде поэзия жатыр. 

  Сөйлеудің өзі тыңдау да: ол – өзіміз сөйлеп тұрған тілдің тыңдауы. 

  Ой  орамдары  бізді  білінер-білінбес  құпия  ишаралармен  тіл  арқылы 

алып өтеді. 

  Антропология  –  дегеніміз  адамның  кім  екенінен  жалпы  хабардар 

болғандықтан ешқашан «ол кім» деген сұрақ қоя алмайтын ой өрнегі. 

  Барлық гуманитарлық ғылымдар мен өмір туралы ғылымдар қаталдық 

сақтау үшін міндетті түрде дәл болмаулары керек. 

  Диалектика  –  ол  туралы  сұраудың  өзі  сөкет  саналатын 

бұлжытпаушылық диктатурасы. 


        

459 


 

  Тас  –  дүние  дегеннің  не  екенін  білмейді.  Өсімдік  үшін  де,  жануарлар 

үшін  де  дүние  деген  ұғым  жоқ,  олар  өздерін  қоршаған  ортаның  көзге 

көрінбейтін ықпалына бағынады. 

  Адам  неғұрлым  мойып,  салы  суға  кеткен  жағдайда  болса  –  ол  көзге 

ұрып тұрса да, тұрмаса да – оның этикаға деген құштарлығы соғұрлым 

күшейе түседі. 

  Адам  үнемі  –  өзіне  бұрын  өткендермен,  бәлкім  одан  да  жиірек  әрі 

жүрекжардылау –өзінен кейінгі ұрпақтармен сөйлесіп жүреді. 

  Адамдар қашанда әлде бірдеңені ойлап табумен әлек. 

  Жақын  арақашықтық  –  әлі  жақындық  емес.  Алыс  арақашықтық  –  әлі 

алыстық емес. 

  Адамдар  көргісі  келмейді,  өйткені  онда  бір  метафизиканың  үстіне 

екіншісін  қойып  салып  жатқан  іргетас  ешқандай  да  іргетас  емес 

екендігін мойындауға тура келер еді. 

  Нигилизм  –  асқақ  құндылықтардың  құнсыздану  процесі  ғана  емес,  ол 

сол  сияқты  құндылықтарды  жай  тартып  алу  да  емес.  Сол 

құндылықтарды өмірге алып шығудың өзі – нигилизм. 

  Зерделеу  дегеніміз  –  ең  алдымен,  өз  пікірлерің  мен  өз  мақсаттарың 

кеңістігінің ақиқаттығына күмәндануға мүмкіндік беретін батылдық. 

  Нақты  жауап  дегеніміз  –  жауапкершіліктің  басы  ғана.  Сондықтан  да 

нағыз  сұрақ  қайтарылған  жауаппен  бірге  күн  тәртібінен  түсіп 

қалмайды. 

  Сөйлеу мен айту – бір нәрсе емес. Адам тоқтамай ұзақ сөйлеуі мүмкін, 

бірақ  ештеңе  айтпауы  мүмкін.  Басқа  біреу,  керісінше,  үнсіз  ғана 

отырады,  ештеңе  сөйлемейді,  бірақ  сол  ештеңе  сөйлемеуімен-ақ  көп 

нәрсе айтуы мүмкін. 

  Адамға қауіп, тіпті, машиналар мен техникалық жабдықтардың зиянды 

қызметінен  де  келмеуі  мүмкін.  Нағыз  қауіп  адамға  оның  өз 

болмысынан шығып, таяп тұр. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Мотрошилова Н. В. Зачем нужен Гегель? (К вопросу об истолковании 

Хайдеггером гегелевской философии) — Москва: 1991. — С.161-166. 

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», — А: 2009. 257 

3.  Ғабитов  Т.  Философия.  /XX-ғасыр  философиясы.  «Раритет»,  — 

Алматы: 2004. 79-бет 

4.  Батыс философиясы /«Мәдени мұра», «Жазушы», — Алматы: 2009. 25 

5.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер)/ 

М.Хайдеггер. «Өлке», — Алматы: 2004. 149-бет. 

6.  Хайдеггер М. Бытие и время. — Москва: 1997. 

7.  Хайдеггер М. Что такое философия?. — Москва: 1967. 

8.  Черняков  А.Г.  Онтология  времени:  Бытие  и  время  в  философии 

Аристотеля, Гуссерля и Хайдеггера. (ВРФШ), — СПб: 2001.  


        

460 


 

ХОСЕ ОРТЕГА-И-ГАССЕТ 

 

(9 мамыр, 1883ж, Мадрид –18 қазан, 1955ж.) 

 

            — 



рациовитализм  ілімін  құрушы 

испандық  философ және социолог, публицист, 

белгілі әдебиетші. 

          Ортеги-и-Мунийаның 

баласы. 

Өмір 


философиясының 

кейіннен 

экзистенциализмнің 

өкілі. 


Өз 

ұлттық 


философиясына,  Латын  Америкасы,  Европа 

елдерінің  ой-парасатына  қарқынды  ықпал 

еткен.  Өзінің  философиялық  ілімін  «өмірлік 

ой» деп атады. 

       Сол  кездегі  испан  «ой  билеушісі»  Мигель 

де  Унамуноға  қайшы,  рухани  жаңаруды  тек 

ұлттық  тарихтан  іздемей,  жалпыевропалық 

дәстүрді  игеру  арқылы  испан  философиясын  томаға-тұйықтықтан  арылтып, 

жаңа деңгейге көтерген тұлға. XX-ғасырдың басында туындаған авангардизм 

ағымының  пайымдаушысы  бола  тұра,  қарабайыр  көпшілікке  көнбейтін 

«рухан азшылық» («шығармашылық элита») туралы ілімді тудырушы. 

            Малага  иезуит-әкейлер  колледжінде  оқып  жүргенде,  Ортега  көнегрек 

және  латын  әліпбиі  мен  білімін  жақсы  меңгерген  болатын.  1904  жылы 

Мадридтегі 

Комплутенсе 

университетін 

бітіреді. 

Сонда 


жүріп 

«Мыңжылдық» /«Тысячелетний» атты докторлық жұмысын қорғайды. Содан 

кейін жеті жылдай Германиядағы Марбург сияқты университеттерде болады, 

онда ол кездері Герман Когеннің аты жер жаратын. Өз отаны Испанияға келе 

сала  Мадридтегі  Комплутенсе  университетіне  жұмысқа  орналасады,  сонда 

1936  жылға  дейін  оқытушылық  қызметте  болады.  Бұл  уақытта  елде 

азаматтық  соғыс  жүріп  жатқан  болатын.  Ортега-и-Гассет  Франконың 

қарсылас жауы болатын. 



Философиялық шығармалары: 

«Бұқаралық көтерілісі» деп аталатын еңбегімен де танымал тұлға.  

 

Философиялық көзқарастары: 

             Испандық  философ  бұқаралық  адамды  талдай  келе,  көпшілік  пен 

таңдамалы  азшылыққа  бөліну  барлық  заманаларда  қоғам  үшін  іргелі  нәрсе 

болған деп  тұжырымдайды.  Бұқаралық  жеке  адам – даралықтан  ада болған, 

жалғыз,  өзгеден  айырмашылығы  жоқ,  кескінсіз,  қарабайыр,  ортаңқол  жан. 

Одан жоғары тұрған нәрселердің бәрі, барлық жарқын әрі сирек гүлдер оның 

жынын қоздырып, ызасын келтіреді. 

            Қарабайырлық  шығармашыл  бастаудың  жоқтығынан,  өзінен  ештеңе 

талап  етпеу  тілегінен,  басқа  да  жүрген  өзгелер  сияқты  жай  ағынның 

ыңғайына  қарай  жүзу  ниетінен  байқалады.  Таңдамалылық,  керісінше, 

шығармашылық  екпіннен,  ең  алдымен,  өзіне  талап  қоюдан,  таңдау,  шешім 


        

461 


 

қабылдау қабілетінен, бір ғана жалғыз өмірлік траекториямен жүре беруден 

бас тартудан байқалады. «Адам өзі оны қалай ма, жоқ па, өзінің табиғатына 

сай  жоғары  бастауды  іздеу  үшін  жаратылған.  Кім  оны  өзі  табады,  сол 

таңдаулы  адам;  кім  таппайды,  сол  оны  бөтен  біреудің  қолынан  алады  да 

көптің біріне айналады». 

           Ортега  XX  -  ғасырға  тән  қауіпті  рокировканы  байқады.  Егер  бұрын 

тобыр  қоғамдағы  басшы  қызметке  таласпаса,  қазір  ортаңқолдар 

кемтарлығынан  ұялмай,  өздерінің  нормалары  мен  таптауырын  мінездерін 

жалғыз  мүмкіндік  ретінде  бекітуге  ұмтылады.  Тобыр  «өзінің  пасық  болуға 

деген құқығын жариялап, оны бекітеді немесе басқаша айтқанда, пасықтықты 

құқық ретінде бекітеді». 



Философиялық афоризмі: 

  Биліктен  таймау  үшін  берік  қолдан  гөрі  құйымшақ  қажеттірек  пе 

деймін. 

Әдебиет: 

 

1.  Ортега-и-Гассет Х.Что такое философия?. — Москва: 1991. 

2.  Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,  —  Алматы: 

2009. 314-бет. 

3.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», — Астана: 2009. 

4.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», — Алматы: 2008. 

5.  История  философии:  Энциклопедия.  «Интерпрессервис»;  «Книжный 

Дом». — Минск: 2002. 

6.  Ортега-и-Гассет Х. Дегуманизация искусства. — Москва: 1999. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

462 


 

ПЬЕР ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН 

 

(1 мамыр1881ж., Клермон-Ферран 



маңындағы Сарсена қамалы, Овернь, 

 Франция – 10 сәуір 1955ж, Нью-Йорк) 

 

       —    атақты  француз  теологы  әрі 



философы. 

Жаратылыстанушы 

һәм 

палеонтолог 



ретінде 

кең 


танымал. 

Палеонтология,  антропология,  философия 

және  католиктік  теология  ғылымдарының 

қалыптасуына  айтарлықтай  өзінің  үлесін 

қосты.  Дін  қызметкері  (священник-иезуит), 

иезуиттер 

орденінің 

(1899) 


мүшесі. 

Ноосфера  теориясын  құрушылардың  бірі. 

Өзінің  артына  ешбір  мектеп,  не  шәкірт 

қалдырмады, дегенмен ғылымда тейярдизм – деген ғылыми бағыттың негізін 

қалады. 

Философиялық шығармалары: 

«Құдай-Орта» (1927), «Адам құдыреті» (1955) және т.б. 

         Бірінші дүниежүзілік соғысқа санитар болып қатысып, Құрметті Легион 

орденімен  марапатталған.  1920  жылы  Сорбонн  қаласында  палеонтология 

докторы  деген  ғылыми  атағын  алады.  Қытайға  жасалған  бірқатар  ғылыми 

экспедицияларға қатысты. Онда адамзаттың арғы тектерінің бірі – синантроп 

адамын  тапты.  1925  жылы  дінбұзар  атанып,  Париждегі  Католиктер 

университетінің  оқытушысы  қызметінен  қуғындалады.  Содан  соң  өмірінің 

соңына  шейін  тұрақты  қызмет  таба  алмай  өткен.  1937-1946  жылдары 

Пекиннің елшілер кварталында тұрып, «Адам құдыреті» кітабын жазды. 1947 

жылы  Парижге  оралады.  Сол  жылы  әлем  таныған  ғұлама  Француз  ғылым 

академиясына  мүшелікке  қабылданады.  1951-1955  жылдары  Нью-Йоркте 

тұрды,  сонда  қайтыс  болды.  Қайтыс  болғаннан  кейін  екі  жылдан  соң  оның 

еңбектері  дінбұзар  деп  табылып,  барлық  католик  шіркеуі  мекемелерінен 

алынып  тасталады.  1962  жылы  Ватикан  кеңесі  католик  жастарды  Тейяр  де 

Шарден еңбектерінің ықпалынан қорғау туралы арнаулы жарлық шығарды. 



Философиялық афоризмдері: 

  Күнбе-күнгі  тірлікте  Құдайдың  өзіне  де  бірнеше  минут  қана  қиюға 

болады. 

  Қаласа  да,  қаламаса  да,  адам  өзіне  жиі  қайта  оралып,  бүкіл  көріп-

білгеннің бәрінен өзін іздеп әуре болады да жүреді. 

  Заттың бәрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де 

бар. 

  Бар салада да әлдебір өлшем жеткілікті дәрежеде өсіп-толған кезде, ол 



өзінің түрін, жағдайын немесе табиғатын тез өзгерте бастайды. Өзінің 

бастау  кезеңінде  өмір  біздің  алдымызда  әрі  тым  ұсақ,  әрі  сансыз  көп 

сипатта көрініс береді. 


        

463 


 

  Бар дәуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп ойлаған. 

  Дініміз  үшін  де  біз  дүниелік  мақсаттарға  құлшына  еңбек  ете  аламыз 

және солай етуге тиістіміз де. 

  Адам  үшін  басқа  адамдармен  байланыс  жоқ  жерде  эволюция 

нәтижесіне орай күтілетін келешектің де болуы мүмкін емес. 

  Жаратылыстану  ғылымдары  біздің  маңымыздағы  шексіз  уақыт  пен 

кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр. 

  Өмір  бір  ғана  тұйық  сызық  бойымен  немесе  жеке-жеке  жаңқалау 

әдісімен  әрекет  жасамайды.  Ол  бір  мезгілде  бар  жүйесін  бірдей  алға 

қарай қозғайды. 

  Сүйіспеншілік!  Егер  мен  жаңылысып  тұрмасам,  маңайымызды 

қоршағанның  бәрін  айқынырақ  көріп-білуімізге  көмектесетін  жарық 

сәуле осы!. 

  Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, әлсіз һәм күнәлі 

қылып  қояды.  Бірақ  сонымен  бірге  материя  дегеніміз  –  бұл  бар  болу 

қуанышы,  сезіну  бақыты,  жеңіске  жеткізер  күш,  өсу-өркендеу 

ғанибеті!. 

  Дүниенің  тереңдігін  өлшейміз  деп  әлек  болған  кезімізде  –

ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады. 

  Қараңғыдан  шыққанда  көз  қарығады.  Кенет  биік  мұнараның  басына 

шыққан  болсаң  –  қаның  тасып,  басың  айналады  немесе  бағдарыңнан 

айырыласың. 

  Көбірек  көру  мен  молырақ  білуге  ұмтылу  –  көрсеқызарлық  та,  білуге 

құндылық та, асқан-тасқандық та емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет