Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


АЛЬБЕР КАМЮ 

 

(7 қараша, 1913ж, Мондови, Алжир – 

4 қаңтар, 1960ж, Вильблевен, Франция) 

 

         — 



француз 

жазушысы 

(әдебиетшісі),  әрі  философы,  публицист,  

экзистенциализм өкілі. Көзі тірісінде оны 

«Батыстың  ар-ұяты»  деп  атаған.  1957 

жылы  әдебиет  саласы  бойынша  Нобель 

сыйлығына ие болды.  

Философиялық шығармалары: 

   «Сизиф 

туралы  аңыз»,  «Бүлікшіл 

адам»,  «Бөгде»,  «Індет»,  «Құлау», 

«Калигула», «Жаңылыс», т.б.  

         Оның  шығармаларында  жатсыну 

мәселесі  қойылып,  адамға  тән  болатын 

абсурдтық сезім қарастырылады. Абсурд 

ол  үшін  өз  шектілігін  түсіне  білетін  анық  та  айқын  ақыл-ой.  Дүниенің  өз 

мағынасы  жоқ,  ал  тек  өмірге  мағына  беретін  «адам  ақиқаты»  бар.  Осы 

ақиқатқа  сүйене  отырып,  адам  лайықты  өмір  сүре  беруге  тиіс.  «Бүлікшіл 

адам»  атты  еңбегінде  А.Камю  адамның  еркіндігі  мен  құқықтары  туралы 

мәселелерді  көтеріп,  гуманистік  тұрғыдан  шешуге,  сөйтіп  адамды  еркіндік 

пен сұлулық жолын таңдауға, жан-жақты рухани дамуға шақырады. 

           Камю  философиясының  басты  мәселесі  –  өмір  мәні  мәселесі,  шын 

мәнінде  адам  өмірі  мағынасыз,  мәні  жоқ.  Адам  өмірі  –  абсурд,  қисынсыз, 

негізсіз.  Өмір  алдында  –  тұнғиық,  ештеме,  ажал,  өлім  тұр.  Абсурдтік  бүлік 

экзистенциализмі.  Бұл  дүние  –  бөтен,  жат,  қорғансыз,  құқықсыз,  дәрменсіз, 

дүдәмал,  немқұрайды  дүние,  ондағы  адам  өзін  «бөгде»  сезінеді.  Тек  өлім 

табалдырығының  алдында  ғана  адам  бұл  дүниеде  өзін  еркін,  тыныш  және 

бақытты сезінеді. 

           Абсурд – барлық философиялық мәселелерді ашатын кілт, болмыс пен 

ойлаудың,  барлық  мүмкін  болатын  әрекеттердің,  өмір  сүрудің  өзегі.  Камю 

шындықтық  дегеніміз  қисынсыздық,  ақылға  сыймайтындық  –  деп  жазды. 

«Мен  осы  хаостан  өзгені,  осы  кездейсоқтықтың  билігінен,  осы  анархиядан 

туындайтын  қасиетті  тепе-теңдіктен  өзгенің  бәрін,  мені  қоршаған  дүниені, 

жалпы дүниені терістеуім мүмкін». 

          Осындай  дүниеде  рационалдық  таным  бізге  «жол  көрсеткіш»  бола 

алмайды.  Дүние  иррационалдыққа,  мағынасыздыққа  толған  және  «орасан 

иррационалдық» тұтастықта қалған. 

          «Тек  нағыз  бір-ақ  философиялық  мәселе  бар  –  ол  өзіне  қол  салу 

мәселесі, өз жанын өзі қию мәселесі. Өмірді сүру, не сүрмеу, ол оған тұра ма, 

не  тұрмай  ма,  осыны  шешу  –  философияның  түпкілікті  мәселесіне  жауап 

беру. Одан басқаның бәрі – дүние үш өлшемді ме, парасат тоғыз немесе он 

екі категорияны басшылыққа ала ма – бұл екінші қатардағы мәселе». 


        

434 


 

           Адамның  жалғыздыққа  душарлығы,  оның  ажалдығы,  ашылмауы, 

тіршіліктің  қисынсыздығы  және  трагизмі,  ностальгия  және  дүние 

әурешілігінен,  әлемдік  хаостан  жатсыну  –  осының  бәрі  Камю 

шығармашылығының өзегін құрайды. 

         Пессимистік  иррационализм  мен  рационалдық  танымның  қақтығысын 

Камю  былай  көрсетеді:  «Мен  ештемеге  сенбейтінімді  және  барлығының 

қисынсыздығы жөнінде айқайлаймын, бірақ мен өзімнің айқайыма күмандана 

алмаймын және ең болмағанда өзімнің наразылығыма сенуім керек. Осылай 

маған абсурд тәжірбиесінде берілетін ең алғашқы және жалғыз айғақ нәрсе - 

ол бүлік». 

          «Бір  адам  зардап  шеккен  зұлымдық,  барлығы  үшін  жұқпалы  індет 

болады.  Біздің  күнделікті  сынағымызда  бүлік,  ойлаудағы  «когито»  ролін 

ойнағандай  ойнайды:  бүлік  ең  алғашқы  айғақтық.  Бірақ  бұл  айғақтық  кісіні 

жалғыздықтан  арылтады,  барлық  адамдар  үшін  бірінші  құндылықтың  негізі 

болатын  –  жалпылық болады.  Мен бүлік  шығарып  тұрмын,  сондықтан  өмір 

сүріп тұрмыз». 

          Дүниені  басқаруда  қисынсыздық  емес,  бір  мағына  бар,  бірақ  оны 

түсініп  шешу  өте  қиын-  осы  ұстатпайтын  мағынаны  ашатын  кілт  –  бүлік 

болып табылады. 



Философиялық көзқарастары: 

              Ол  құдайға  сенім  жоғалған,  барлық  сүйеніштен  айырылған  бұл 

әлемдегі  құндылықтар  қақтығысында  өмір  сүріп  отырған  адамның  санасын 

таңдайды. Сүйеніш іздеудің мәні жоқ екендігін ұққан, санасы «жұлмаланған» 

мұндай адам ендігі жерде тек қана өзіне сенуі тиіс. Тек бір ғана нәрсе бар -

адам өмірінің ашықтығы.  



Философиялық афоризмдері: 

  Калигула:  «Менің  қарапайым  адам  екенімді  сіз  ешқашан  түсіне 

алмайсыз». 

  Өткенге де, өзіме де тым еркін қараймын: менің әлсіздігім де, жалғыз 

байлығым да осы. 

  Адам  неғұрлым  бақытты  болған  сайын  оның  бақытының  сыртқы 

көрінісі солғұрлым трагедиялық сипат ала түседі. Ең мұңлы шығарма –

ең бақытты адам туралы шығарма. 

  Философияның  маңызы  философтың  ой  өрісімен  өлшенеді.  Адам  ірі 

болған  сайын  оның  философиясындағы  ақиқат  та  соғұрлым  көбірек 

бола түседі. 

  Ел  саясаты  мен  адамдар  тағдыры  мұрат  (идеал),  ізгілік  дегеннің  не 

екенін  білмейтіндердің  қолында.  Жаны  ізгілер  саясат  ауылына  аттап 

баспайтын  болды.  Барлық  істе  де  солай.  Бірақ  енді  әркім  өз  бойында 

жаңа  адам  қалыптастыруы  керек.  Іс  адамдарының  игі  мақсаттары 

болғаны жөн, ал ақындар іс адамдарына айналсын. Армандарды жүзеге 

асыру, іске қосу керек. 

  Қасірет  біткен  дүние  игіліктерінің  баршаға  бірдей  ортақ  болмауы 

салдарынан туындап жатады. Бірақ ортақтықтан да көрер көресіміз аз 

емес. 


        

435 


 

  Қорқақтыққа қашан да өзін ақтайтын философия табыла кетеді. 

  Данышпандықтың өзі кездейсоқтықтан басталады. 

  Ерте  дүние  философтары  оқудан  гөрі  ойлануға  көбірек  көңіл  бөлген. 

Олардың  шығармаларында  нақтылықтың  көбірек  кездесетіні  содан. 

Кітап  бастырып  бәрін  өзгертіп  жібереді.  Қазір  ойланудан  оқу  көп. 

Нағыз  философияның  орнын  түсіндіру  (комментарий)  басты. 

Жильсонның 

философиямен 

айналысатын 

философтардың 

орындығына  философтарды  зерттейтін  философия  профессорлары 

жайғасып алды деп қынжылуының жаны бар. 

  Қазір  өзінің  жазған  кітабын  бәрін  басынан  бастайық  деген  сөздермен 

бастайтын  ойшылыңыз  мазаққа  қалады.  Беделді  адамдардың  аттары 

аталмаған,  сілтемелері  мен  түсіндірмелері  жоқ  философиялық 

трактатқа ешкім мән бермейтін жағдайға жеттік. Бірақ ... 

  Құштарлыққа  толы  өмір  сүру  құштарлықты  бағындыра  алғандардың 

ғана қолынан келеді. 

  Мәңгілікке  қайта  оралу  идеясы  азап  біткенге  деген  шыдамдылыққа 

шақырады. 

  Бостандық  дегеніміз  –  өзіңнің  көзің  жетпегеннің  өзін  қорғау 

мүмкіндігі. Ол қарсыласыңды да ақтауға мүмкіндік береді. 

  Мен идеялармен емес, сөзбен ойлаймын. 

  Адамдар  бірін-бірі  жақсы  көрудің  не  екенін  ұмытып  барады.  Оларды 

жеке  адамдар  тағдырынан  гөрі  жалпы  адамзат  тағдыры  көбірек 

қызықтырады. 

  Ештеңемен айналыспай жан бағу ажал философиясына жатады. 

  Адам  өзіне  не  керек  екенін  анық  білмей  тұрып,  ештеңеге  қол  жеткізе 

алмайды. 

  Рух  аспаннан  түспейді,  жерде  жасалады.  Ғұмыр  бойы.  Рух  жасау 

процесі аяқталған жерден барып ажалдың шекарасы басталады. 

  Әділдік дегенді іздеп әуре болмай-ақ қой: ол мүлдем жоқ, тек әлде бір 

шектеулер ғана бар. 

  Дүниенің  түкке  тұрмайтындығы  да,  ұлылығы  да  мынада:  онда  ақиқат 

деген мүлдем жоқ, тек махаббат қана бар. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Камю А. Избранное: Сборник. «Радуга», — Москва: 1989. — 464 с.  

2.  Камю А. «Бунтующий человек». — Москва: 1990. 24-бет 

3.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  «Парыз»,  —  Астана:  2009. 

114-бет. 

4.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, — Алматы: 2002. 358-б. 

 


        

436 


 

ТОМАС СЭММЮЭЛ КУН 

 

(18 шілде, 1922ж, Цинциннати, Огайо 



–  17 маусым, 1996ж, Кембридж, 

Массачусетс) 

 

           —  американдық  философ,  өзінің 



парадигмалар 

ұғымымен 

танымал, 

ғылым  философиясындағы  тарихилық 

бағыттың көшбасшысы.  

Шығармалары: 

 «Ғылыми 

революция 

құрылымы» 

(1962), т.б.  

          Ғылым  дамуы  процесінің  негізгі 

бірлігі  парадигма  –  зерттеу  қызметі 

негізі  ретінде  ғылыми  қауымдастық 

мүшелері 

мойындайтын 

концептуалдық схеманы ойлап тапты.  

         Теріске  шығару  туралы  Поппер  тезисін  Т.Кун  өзінің  «ғылыми 

қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы» деген идеясы арқылы сынға алады. 

Философиялық көзқарастары: 

         Кунның  анықтауынша,  әлем  картинасында  оның  мынадай  маңызды 

компоненттерін  байқауға  болады:  парадигма,  ғылымның  қалыпты  дамуы 

және  ғылыми  революция.    Кунның  пікірі  бойынша  парадигма  –  бұл 

тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын 

белгілеу  үшін  қолданылатын  ұғым.  Ғылымның  қалыпты  дамуы  –  бұл 

шынайылығы  күмән  туғызбайтын  ұсыныстарды  пайдалана  отырып, 

ғалымның  проблемаларымен  жұмыс  істеу  кезеңі.  Ғылыми  революция  –  бұл 

ғылыми  зерттеулер  барысында,  оның  кейбір  мәселелерін  пайымдау 

нәтижесінде оның жалпы жиынтығын өзгерту қажеттілігі туындайтын кезең. 

Бір  парадигмадан  екінші  парадигмаға  өту  Кунның  сипаттамасы 

бойыншасекірулер  арқылы  жүзеге  асады.  Білімнің  өсуі  жекелеген  бір 

парадигманың ішінде жүзеге асады және бір парадигмадан екіншісіне өтуге 

қатысы  болмайды.  Кунның  айтуынша,  әрбір  парадигманың  өз  ішінде 

ақиқаттылық  пен  маңыздылық  критерийлері  болады,  демек  екі  немесе 

бірнеше  парадигмаларды  салыстырғанда  олар  бір-біріне  сәйкес  келмейді. 

Сонымен  қатар  пайда  болған  ғылыми  революцияны  бағалайтын  және  оны 

ғылыми  үдеріс  ретінде  аяқталған  нәтижесі  деп  анықтайтын  ешқандай  да 

бейтарап  позиция  жоқ.  Мұндай  жағдайда  ғылыми  тұжырымның 

шынайылығы  мен  жалпы  маңыздылығы  нақты  бір  парадигмаға  бағынышты 

болады. 

        Парадигма  әр  түрлі  түсіндірілуі  мүмкін.  Онтологиялық  тұрғыдан  алып 

қарағанда,  ол  «өмір  сүретін  нәрсеге»  бағыттайды,  методологиялық  тұрғыда 

«жақсы» 


зерттеу 

нормаларына 

сілтейді, 

педагогикалық 

тұрғыда 

әлеуметтендіру 

мақсатында 

ғалымды 


оқытып-үйрету 

үлгісінің 



        

437 


 

маңыздылығын  көрсетеді,  өйткені  оны  белгілі  бір  ғылыми  қауымдастыққа 

баулиды. 

        Ғылымның  дамуына  деген  мұндай  тарихи  көзқарас  неопозитивизмнің 

көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші жетістігі – ол 

тәжірибиелік  деректердің  неопозитивизмдегі  басымдылығын  теріске 

шығарып,  ғылымда  парадигмаға  тәуелсіз  деректердің  жоқ  екенін  дәлелдеді. 

Парадигманы  игерген  ғылым  деректердің  бәрін  соның  «сәулесі»  арқылы 

көреді. Деректер теорияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді 

тәжірибиеге енгізу керек екенін пайымдап анықтайды. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Ғабитов  Т.  Философия.  /XX-ғасыр  философиясы.  «Раритет»,  — 

Алматы: 2004. 81-82 беттер 

2.  Мырзалы  С.  Философия/  Неопозитивизм  ағымы.  «Бастау»,  — 

Алматы: 2008. 360-бет. 

3.  Кун Т. Структура научных революций. — Москва: 1977 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

438 


 

ИМРЕ ЛАКАТОС (ЛАКАТОШ, 

АВРУМ ЛИПШИЦ) 

 

(9 қараша 1922ж, Дебрецен 



–  2 ақпан 1974ж, Лондон) 

 

           — венгр-британ философы және 



ғылым  тарихшысы.  Постпозитивизм 

өкілдерінің  бірі.  Өзінің  зерттеулерінің 

мақсаты деп, білімнің өзгеру үрдісінің 

логика-нормативті  қайта  құрылуын 

және  ғылыми  теориялардың  даму 

логикасын құру деп білген.  

            Нацизм  кезінде  өзінің  ұлтын 

(Липщиц)  Мольнарға  (Диірменшіге), 

ал  коммунистер  билігі  жүріп  тұрған 

кезде  Лакатошқа  (Ағаш  ұстасына) 

ауыстыруға мәжбүр болған.  

Философиялық шығармалары: 

«Дәлелдеу 

мен 

жалғандау», 



«Фальсификация және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының методологиясы» 

және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

                Имре Лакатос тарихи-ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлді. Ол 

былай  деп  жазды:  «Ғылым  философиясы  ғылым  тарихынсыз  бос;  ғылым 

тарихы  – философиясыз бұлдыр». 

  Кез  келген  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  ғылымилығын 

анықтаудың методологиялық анализі мына кезеңдерге бөлінеді: 

  Рационалдық реконструкцияны (қайта жаңғыртуды) ұсыну; 

  Осы  рационалдық  қайта  жаңғыртуды  берілген  ғылым  дамуының 

кез келген кезеңіндегі тарихи-ғылыми деректерімен салыстыру; 

  Рационалдық  қайта  жаңғыртудың  тарихилығы  мен  шынайы 

тарихының болмауы – рационалдықтың болмауы үшін сынауының 

белгісі. 



Негізгі идеялары: 

Нормативтік, 



методологиялық 

ереже-реттеулер, 

олар 

алдағы 


зерттеулердің  қайсысы  оңтайлы  болатын  жолдарын  («оң  эвристика»), 

қайсысы  оңтайлы  емес  («теріс  негативті  эвристика»)  жол  екенін 

көрсетеді; 

Ғылыми-зерттеу  бағдарламасы  дамуының  негізгі  кезеңі  –  «қанығу 



пункті», яғни прогресс пен регресс, осы стадиялардың шекарасы болып 

табылады; 

Жаңа бағдарлама ескінің түсіндіре алмағанын түсіндіре алуы керек



Негізгі ғылыми-зерттеу бағдарламаларының ауысуы дегеніміз ғылыми 

революция; 


        

439 


 

       Жалпы,  «Ғылыми-зерттеу  бағдарламасы»  (ҒЗБ)  –  Имре  Лакатостың 

ұғымы, ғылым дамуының тұжырымдамасы. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы –

бәсекелесуші 

ғылыми-зерттеу 

бағдарламаларының 

сериясы, 

іргелі, 


фундаменталдық  идеялар  мен  методологиялық  принциптер  жиынтығын 

біріктіретін, бірін-бірі ауыстырып тұратын теориялар. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Лакатос  И.  Доказательства  и  опровержения.  Как  доказываются 

теоремы. /Пер. И.Н.Веселовского. «Наука», — Москва: 1967. 

2.  Лакатос  И.  Фальсификация  и  методология  научно-исследовательских 

программ. «Медиум», — Москва: 1995. 

3.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /И.Лакатостың  «ғылыми-

зерттеу бағдарламасы». «Парыз», — Астана 2009. 234-235 беттер 

4.  Лакатос И. История науки и её рациональные реконструкции // Прил. к 

кн.: Кун Т. Структура научных революций. АСТ, — Москва: 2001. 

5.  Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік:  Философия  –И.Лакатос  /жалпы 

ред. басқ. э.ғ.д., проф.Е.Арын. «ЭКО» ҒӨФ, — Павлодар: 2006.  

6.  Лакатос  И.  Избранные  произведения  по  философии  и  методологии 

науки. «Академ,проект», — Москва: 2008. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


        

440 


 

ПОЛ (ПАУЛЬ) КАРЛ ФЕЙЕРАБЕНД 

 

(13 қаңтар, 1924ж. Вена 



–  11 ақпан, 1994ж.) 

 

          —  американдық  философ-ғалым, 



ғылым методологы.  

        Ол 

эпистемологиялық 

немесе 


методологиялық 

анархизм 

деген 

концепцияны тұжырымдады. 



Философиялық шығармалары: 

«Методқа 

қарсы» 

(1975), 


«Еркін 

қоғамдағы  ғылым»  (1978),  «Эмпиризм 

проблемалары» және т.б.  

Философиялық көзқарастары: 

        Пауль 

Фейерабендтің 

ойынша, 


ғылымда 

әрқашанда 

мойындалған 

теорияларға 

қарсы 

бағытталған 



теориялар  жасалуы  керек,  сонда  ғана  олардың  арасында  өзара  бәсекелестік 

пайда  болып,  ғылымның  дамуы  тездейді.  Ғылыми  теорияларда 

пайдаланылатын  терминдер  әрбіреуінде  тек  өзіне  ғана  тән  мазмұнға  ие 

болады.  Бұл  теориядағы  терминдер  екінші  теорияға  енгізілсе,  олардың 

мазмұны  дереу  өзгереді.  Сондықтан  оларды  бір-бірімен  салыстырып  баға 

беру  мүмкін  емес.  Олай  болса,  әрбір  ғылым  өзінің  теориясын  жасауға 

мүмкіндік  алады.  Бәсекелестіктің  негізінде  жеңіске  жеткен  теория  ақиқатқа 

жақын,  я  болмаса  оған  сәйкес  келгенінен  емес,  ол  –  соны  қолдайтын 

қауымның насихатының жемісі. Олай болса, ғылым – қоғам өміріндегі басқа 

идеологиялық  институттар  сияқты:  оның  дін,  миф,  философия  т.с.с. 

айырмашылығы  шамалы.  Сондықтан  олардың  бәрі  де  тең  құқылы  болуы 

қажет.  


        Бұл 

қорытынды 

неопозитивизм 

ағымының 

шығармашылық 

потенциалының  сарқыла  бастағанын  көрсетеді.  Дегенмен  неопозитивизм 

шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды жақтары бар – олардың бәрі де ғылым 

философиясында кеңінен пайдаланылады. 



Негізгі идеялары: 

 Фейерабенд  көптеген  тең  дәрежелі  білімдер  типі  болады  және  осы 

жағдай білімнің өсуі мен тұлғаның дамуына септігін тигізеді дейді; 

 Фейерабенд  теориялық  және  методологиялық  плюрализм  көзқарасын 

жақтады; 

 Фейерабенд таным мен ғылыми қызметтегі рационалдық критерийінің 

салыстырмалылығын атап өтті; Ол ғылым рационалдықтың ең жақсы, 

әрі бірден-бір формасы болып табылмайды деп санайды, 

 Фейерабенд  танымының  бірде-бір  әмбебап  нормасы  ретінде  «бәрі  де 

жарай  береді»  деген  қағиданы  ұстанады.  Бұл  принцип  артықшылық 

берілген 

нормалар 

жоқ 

екенін 


және 

басқа 


жағдайларда 

        

441 


 

қабылданбайтын нормалар, стандарттар және тұжырымдамалар «жарай 

беретін»  фактілер  мен  жағдайлар  қашан  да  болса  табылатынын 

мойындайды; 

 Фейерабенд  верификация  мен  фальсификация  методтарын  қайта 

қарастырады, таным прогресін қамтамасыз ететін әдіс ретінде ғылымға 

психологиялық сенім мен саяси араласудың маңызын көрсетеді; 

 Фейерабендтің 

әлеуметтік 

философиясы 

«еркін 

қоғам» 


тұжырымдамасынан  туындайды,  мұнда  «барлық  дәстүрлер  мен  тең 

құқыққа және билік орталығына баруға бірдей мүмкіндікке ие»; 

 Фейерабендтің 

пікірінше, 

тарих 

мәліметтері, 



бәсекелесуші 

методологиялық  концепциялар  арасындағы  таласты  шешуде  шешуші 

роль атқарады, 

 

Әдебиет: 



 

1.  Фейерабенд П. Против метода. Очерк анархистской теории познания 

/Пер. с англ. А.Л.Никифорова. АСТ; Хранитель, — Москва: 2007.   

2.  Мырзалы  С.  Философия/  Неопозитивизм  ағымы.  П.Фейерабенд. 

«Бастау», — Алматы: 2008. 360-бет. 

3.  История  философии:  Энциклопедия.  «Интерпрессервис»;  «Книжный 

Дом». — Минск: 2002. 

4.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  «Парыз»,  —  Астана  2009. 

235-236 беттер 

5.  Фейерабенд П. Избранные труды по методологии науки /Пер. с англ. и 

нем.  А.Л.Никифорова;  общ.  ред.  и  вступ.  ст.  И.С.Нарского. 

«Прогресс», — Москва: 1986. 542 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

442 


 

ЛЕВИ-СТРОСС КЛОД 

 

(28 қараша, 1908ж, Брюссель, 



Бельгия – 30 қазан, 2009ж,  

Париж, Франция) 

 

         — 



француз 

философы, 

этнографы, 

социологы 

әрі 

культурологы, 



этнологияда 

структурализм  мектебін  құрушы, 

«инцест»  теориясын  (мемлекет 

және  құқық  теориясының  бір 

бөлігі)  құрушы,  туыстасу  жүйесін, 

мифология 

және 

фольклорды 



зерттеуші. 

Шығармалары: 

«Структуралық антропология» 

және т.б. 

         Леви-Строс 

– 

ең 


әуелі 

мәдениеттің  философы.  Рас,  оның  мифологияға  арналған  еңбегі  өзінің 

энциклопедиялығымен,  эрудициясымен  таң  қалдырады.  Рас,  ол  үндістердің 

өмірі жайында материалдар жинап, олармен бірге тұрады. Бірақ ол этнология 

шеңберінде  қамалып  қалмайды.  Оның  міндеті  –  жалпы  мәдениетті  түсіну, 

батыстық  өркениеттің  дағдарысты  күйін  ұғыну,  Шығыстың  тәжірбиесіне 

қарап, дағдарыстан құтылу. 

          Классикалық  батыстың  философиясы  тіл,  мифология,  туыстық  жүйесі 

сияқты мәдениеттің ең маңызды феномендерін ескерусіз қалдырып, негізінен 

сана  мен  адамның  танымдық  қызмет  мәселелерін  зерттеумен  айналысқан. 

Дәстүрлер  мен  салттардың  керемет  мәдениет  әлемі  философиялық 

теориялардың назарына ілікпей қалған. Леви-Строс батыстық мәдениет үшін 

таңсық  әлемдік  мәдениеттің  беттерін,  әлемді  игерудің  басқа  түрлерін  ашу 

арқылы шығыстық сарындарды енгізеді. 

               Бұл  үшін  ол  өзіндік  жолдарды  табады  –  жер  бетінде  сақталған 

«алғашқы  қауымдық»  адаммен,  «алғашқы  қауымдық»  мәдениетпен 

танысады.  Леви-Строс  алғашқы  қауым  адамдарының  арасында  жүрсе  де, 

батыстық  әлемнің  күйреу  себептері  мен  оны  құтқару  жолдары  туралы 

ойлаған.  Ол  –  структурализм  деп  аталатын  философиялық  бағыттың  әлем 

мойындаған өкілі. 

              Леви-Строс  өз  ұстанымын  «Структуралық  антропология»  деп 

аталатын  басты  кітабының  кіріспесінде  тарих  пен  этнология  сияқты 

ғылымдардың ұқсастығы мен өзгешелігін талқылаған кезде айқындап береді. 

Этнология-этнографияның  теориясы  сияқты  ғылым,  ол  әр  түрлі 

мәдениеттерді,  бір  мәдениеттің  әр  түрлі  кезеңдерін  салыстырып, 

пайымдайды.  Тарих  пен  этнологияның  айырмашылығы  біріншісінің  жазба 

куәліктеріне,  екіншісінің  ауызекі  аңыздар  мен  сол  сияқты  қайнарларға 


        

443 


 

негізделуіне  байланысты  деген  көзқарас  бар.  Бірақ  мұндай  айырмашылық 

маңызды емес. Этнология да жазуы бар мәдениеттерді– көнетүркі әлемі, көне 

Мексика, араб әлемі, Қиыр Шығыс сияқты мәдениеттерді зерттеуі мүмкін. 

              Тарих пен этнологияның айырмашылығы бұдан мәнді. Егер тарихты 

жазулар,  мәтіндер  яғни  өткеннің  адамдарының  саналы  өмірі  қызықтырса, 

онда  этнологияны  папирустарда  жазылмаған  нәрселер,  адамдардың 

санасында  қалған  мәдениет  пен  тарих  үшін  аса  маңызды  қандай  да  бір 

бейсчаналық  құрылымдар  қызықтырады.  Тарихты  әулеттердің  алмасуы  мен 

бітпейтін  соғыстар  ретінде  бейнелейтін  тарихи  жазбалардың  заманы 

келмеске  кетті.  Онымен  бірге  тарих  мәнін  іздеу  дәуірі  де  кеткен.  Леви-

Стростың  айтуынша,  тарих  пен  мәдениетті  менталдылықтың  бейсаналық 

құрылымдары  анықтайды.  «Тарих  қоғамдық  өмірдің  саналы  көріністеріне 

жататын  деректерді  жалпыласа,  этнология  оның  түпсаналық  негіздеріне 

жататын деректерді жалпылайды». 

               Бірақ  бұл  олардың  бағыттары  қарама-қарсы  деген  сөз  емес. 

Керісінше,  тарих  саналы  нәрсені  зерттесе  де,  этнологиясыз,  бейсаналық 

жайттарды  ескерусіз  өмір  сүре  алмайды.  Өз  кезегінде  этнология  тарихқа 

сүйенеді.  «қазіргі  қоғам  өмірінің  белгілі  бір  сәтін  зерттеумен  шектелетін 

адам, ең алдымен, сағымның құрбанына айналады, өйткені бәрі тарих: кеше 

айтылған нәрсе де, бір минут бұрын айтылған нәрсе де – тарих». 

             Алғашқы  қауым  адамына  Леви-Стростың  тарихтың  бейсаналық 

негіздерін  зерттеуге  арналған  жобасында  ерекше  рөл  беріледі.  Фрейдпен 

келіскен  Леви-Строс  бейсаналық  адам  психикасының  негізі  болады  деп 

есептейді.  Бірақ  оны  тұлғаның  тарихы  және  бейсаналықты  сана  деңгейіне 

«апару»  қызықтырмайды,  оны  қызықтыратын  нәрсе  –  ұжымдық  рухтың 

бейсаналық  қызметі.  Бұл  қызмет  жалпыға  бірдей  заңдармен  басқарылады 

және  барлық  әлеуметтік  құбылыстар  –  өнер,  дін,  миф,  туыстық  жүйелер 

бейсаналықтың сананың бетіне түскен бейнесі сияқты нәрселер. 

                 Ең 

алдымен, 

Леви-Строс 

тіл 

феноменіне 



жүгінеді. 

«Лингвистикалық  мінез-құлықтың  барлық  әрекеттері  бейсаналық  ойлау 

деңгейінде  жүзеге  асырылады.  Біз  сөйлеген  кезде  тілдің  синтаксистік  және 

морфологиялық заңдары туралы ойламаймыз». Тілдің құрылымы сөйлеушіге 

беймәлім болады, ол грамматиканы мүлде білмей, көптеген ережелер туралы 

ойланбауы мүмкін. 

              Алайда  ұжымдық  рухтың  бейсаналы  қызметін  басқаратын  заңдар 

таным  үшін  айқын,  қолжетімді  болады.  Фрейд,  белгілі  болғандай, 

бейсаналықтың символдық тілін тапқан, олар- жаңылыс жазу, қате жазу, қате 

оқу,  түс  көру,  қалжыңдау.  Бірақ  мұның  бәрі  –  жеке  бейсаналықтың  тілі. 

Ұжымдық бейсаналыққа келер болсақ, бұл жерде де үміттенуге болады. Бұл 

бейсаналық  көкейкөз  арқылы  қабылданбайды.  Оны  эмпирикалық  жолмен, 

яғни фактілерге сүйеніп те сипаттауға болмайды. 

            Леви-Строс  өзінің  ойын  әйел  костюмінің  дамуына  қатысты 

зерттеулерге  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Сән,  басқа  әлеуметтік  құбылыстар 

сияқты  өз  негізінде  –  бейсаналық:  біз  қайсібір  үлгінің  бізге  неліктен 

ұнайтынын,  сән  неге  өзгеретінін  айта  алмаймыз.  Бірақ  кездейсоқ  болып 


        

444 


 

көрінетін  даму  да  белгілі  бір  заңдарға  бағынады.  «Олар  кастюмнің  әртүрлі 

элементтері  арасындағы  көптеген  қатынастарды  өлшеген  кезде  көрінеді». 

Қатынастар  математикалық  формулаға  салынғанда,  сәннің  болашақ 

өзгерістерін болжауға болатын негіз шығады. 

               Демек,  бейсаналық  жүйенің  әртүрлі  элементтері  арасындағы 

қатынастарды  талдау  кезінде  айқындалады.  Мұндай  қатынастар  белгілі  бір 

құрылымды жасайды. 

              Леви-Стростың түпкі ойын көптеген ғалымдар құр қиял деп атайды. 

Бірақ нақ осы міндет оның назарын «алғашқы қауымдық ойлауға» аудартады. 

Пралогикалық  болмаса  да,  логикалық  қасиетті  иеленетін  ол  зерденің 

бейсаналық құрылымын талдауға көптеген мүмкіндік береді. 



Философиялық көзқарастары: 

               Ең  алдымен,  ғалым  «алғашқы  қауымдық»  деген  терминді  онымен 

байланысты философиялық нанымдардан азат етуді ұсынады. Біріншіден, ол 

ондай  қоғамды  «суық»,  прогресс  жарысына  тартылмаған  деп  атайды; 

дегенмен,  олар  да  қатып  қалмайды,  қалыптасуға  бейім  келеді.  Айталық,  ең 

артта қалушы есептелетін намбиквара тайпасы у жасау мәдениетін иеленеді, 

тіпті,  улардың  метафизикасын  иеленеді.  Өз  ішінде  тұйықталған  «алғашқы 

қауымдық» қоғамдар қайшылықтар мен сәйкеспеуді танытады, бұл олардың 

да қозғалыста болатынын дәлелдейді. 

              Екіншіден, «алғашқы қауымдық» термині шартты, өйткені этнология 

тірі, қазіргі қоғамды, XXI - ғасырда жаһандану дәуіріне бұзып-жарып өткен 

әлемді зерттейді. Уақытына қарасақ, ондай қоғамдар – «алғашқы қауымдық» 

емес,  қазіргі,  онда  барып-келуге,  қауіп-қатерге  бас  тігуге,  азап  шегуге, 

достарды тауып, өмір сүруге болады. 

             Үшіншіден,  «алғашқы  қауымдық»  терминін  көпшілік  «жабайы»  деп 

түсінеді, ал Леви-Стростың айтуынша, алғашқы қауымдық ойлау қарабайыр 

болмаған. Олай болған жағдайда, ежелгінің өркениеттері мүмкін болмас еді. 

«Мұндай ойлау біршама ғылыми, логикалық, тіпті де жабайы емес: ол адам 

өркениетінің негізіне алынған». 

             Сонымен, Леви-Строс –  этнология  саласына  қалам  тартқан  философ. 

Философияны  тастамаған  этнолог.  Бейсаналық  құрылымды  іздеген  және 

алғашқы  қауымдық  адам  логикалық  түрде  ойлайтындықтан,  алғашқы 

қауымдық  ойдың  әуелгі  қисындылығын  мойындамайтын  зерттеуші  (егер 

логика  оның  классикалық  нұсқасына  сәйкес  келмейді  дегенмен  келісетін 

болсақ).  Онан  басқа,  алғашқы  қауымдық  ойлаудың  ерекше  қадір-қасиеті 

болады. 


Леви-Строс 

тұжырымдамасының 

қазіргі 

мәдениет 

үшін 

маңыздылығы  күмәнсіз.  Ол  мәдениетті  терең  деңгейден  іздейді-тек  оның 



«көрінетін»  қабаттарын  ғана  емес,  сонымен  бірге  «көрінбейтін»  қабаттарын 

да,  тек  саналыны  емес,  бейсаналықты  да.  Ол  алғашқы  қауымдық  сананы 

«қарабайыр»  деп  есептемей,  дұрыс  бағалайды.  Рационализм  ұстанымын 

тастамай,  ол  логикалық  ойлаудың  өзге  типтерін  тауып,  Батыс  мәдениетін 

реформалауға өзінің үлесін қосады. Ол батыс  жақшаның сыртына шығарып 

тастаған  сиқыр,  мифология,  дін  сияқты  мәдениет  феномендерін  зерттейді. 



        

445 


 

Батыстық  ғылымның  идеалдарына  адалдығын  сақтай  отырып,  ол  Батысқа 

жаңа ерекше көкжиектерді – жұмбақ әрі ұстатпайтын Шығысты ашып береді. 

              Леви-Стростың 

структурализмі 

қазіргі 


таңда 

қазақтың 

философиялық ойын зерттеуге де қажет болуы мүмкін. Біріншіден, француз 

ойшылы  логиканың  классикалық  батыстық  нұсқасы  жалғыз  ғана 

болмайтынын,  әлемді  метафоралық  бейнеде  қабылдауға  негізделген 

логикалық ойлаудың өзге де типтері болуы мүмкін деп дәлелдейді. Мұндай 

поэзиялық  логика  қазақ  философиясына  да  тән.  Екіншіден,  Леви-Стростың 

тілді,  мифтерді  және  тектік  құрылымды  зерттеуде  қолданған  құрылымдық 

талдау  тәсілдерін  қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінің  бай  мұраларын  зерттеуде 

де сәтті пайдалануға болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет