Стандарттыбатырма Button - терезелік басқару батырмасы болып саналады. Оның бетіне батырманының тағайындалуы туралы немесе батырманы басқандағы орындалатын іс - әрекеттің қысқаша анықтамасы келтірілуі мүмкін.
Button батырмасымен орындалатын негізі оқиға - OnClick - оны сырт еткізу. Осы сәтте батырма түрін өзгертіп, команданы қабылдағанын көрсетіп тұрады. Батырманы жібергеннен кейін OnClick оқиғасын өңдеуші үзінді өз жұмысын бірден бастайды. Батырманы әртүрлі әдістермен басуға болады:
Терезені жабудағы қолданылатын батырмалардың ModalResult қасиетін пайдалануға болады. Бұл параметр терезе жабылғандағы форманың ModalResult мәнін анықтайды. Әдетте ModalResult - ты сүхбаттасу терезелерін жабуда қолданады және оның мүмкін болатын мәндері бүтін сан түрінде анықталады. Егер батырманың ModalResult мәні mrNone - дан басқа кез келген мәнді қабылдаса, онда батырма басылғанда форма автоматты түрде жабылады. Мәндердің кейбіреулері аталынған түрақтылар түрінде жарияланған.