Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Дәріс № 13. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары



бет73/95
Дата01.06.2020
өлшемі282,89 Kb.
#71925
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95
Байланысты:
силлабус

Дәріс № 13. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары
Жоспары:

  1. Тәрбие сағаты және оның атқаратын қызметі

  2. Тәрбие сағатының ұйымдастыру жолдары

  3. Тәрбие сағатының түрлері

  4. Сынып жетекшісінің қойын дәптері

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақ екені түсініті. Сол секілді, орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.

Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілі қасиетін қалыптастыруда, өнер саландағы талғам-тілектерді тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық езімдерін шыңдауда, абақтан тыс кезде өтізілетін тәрбие жұмысын ұйымдасьтырудың негізгі формасы болып саналады.

Сынып сағатының қызметтері:

  1. тәрбиелік қызмет;

  2. ағартушылық қызмет;

  3. болжамдылық қызмет;

  4. бағыттаушылық қызмет;

  5. қалыптастырушылық қызмет.

Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі: 1) өткен апта негізінде оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады; 2) әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.

Сынып сағаты аптаның нақты бір күні өтізіледі. Онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына байланысты оның ұйымдастыру формасы анықталады. Мүмкін сынып жиналысы немесе тақырыптық тәрбие сағаты, болмаса мектептен және сыныптан тыс жұмыс болады.

Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағаын дайындау және өтізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда:

  1. Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі.

  2. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқарылатын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.

  3. Оқушылардың өзіндік дербес, беленді жұмысымен сипатталады.

Сынып жетекшісінің қойын дәптеріне:

    • Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты сыныпты ұйымдастыру қажет болды. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар бөлінді. Ең алдымен ол құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімін және оқушылардың алған заттарын қай уақытта қайтаруы қажеттігін дәптеріңе белгілеу.

    • Әр жұмыс орнына жауап беретін оқушыны белгілеу. Олармен істің барысы, атқарылатын жұмыстары туралы есеп беретін он бес минуттік кеңес өтізуді басшылыққа алу.

    • Екінші дәрежедегі іспен шұғылданбауға тырысу, бар күш-жігерді басты жұмықа жұмылдыру.

    • Алда істелер іске барлық оқушыларды, соның ішінде белсенділерді тартуға қол жеткізу.

    • Жоспарланған істі дер кезінде орындалмаған себепті кейінге қалдырудан аулақ болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет