Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Жанұяға бару. Баланың жанұясына бару кезінде міндетті түрде мұғалім өзінің алдына мақсат қою керек. Мысалы: жанұясымен танысу, жанұядағы қарым-қатынасын зерттеу, үй тапсырмасын орындауын тексеру және т.б. Жанұяға бармас бұрын баратындығын ескерту қажет.
Ата-ананы мектепке шақырту. Ата-ананы мектепке шақырту тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда болмауы керек Ата-ананы мектепке шақырту бала тәрбиесі туралы пікір алмасу, тәжірибе алмасу мақсатында, мектептегі әр түрлі шараларға, сынып сағаттарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылуы үшін де шақырылуы керек. Мектепке ата-аналарға арнап ашық есік күндері жарияланады.
Ата-аналар жиналысы мектепте жылдың басында, аяғында, тоқсан сайын өткізіледі. Ата-аналар жиналысында тек қана үлгірім, тәртіп туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыпта тәжірибе алмасу, пікір алмасу тұрғысында болғаны жөн.
Дәріс - бұл ата-аналармен тәрбие үрдісін ұйымдастырылуының жолындағы жұмыс түрі. Дәріс жүргізуші - лектор әрі педагог, әрі тәрбиеші. Ол ата-аналардың мәліметтері мен жағдайын білуі керек.Мұғалім өз дәрісінде баланың тәртібі, психикалық дамуы, жанұядағы тәрбиенің тәртібі туралы тақырыптарды қамтуы тиіс. Дәрістің тақырыбы ата-ана үшін өзекті және қызықты болуы керек. Мыс: «Мектеп оқушыларының күн тәртібі», «Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?» «Бала және махаббат»
Конференциялар: ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу конференциялары, әкелерге арналған конференциялар. Конференциялардың тақырыптары нақты болуы тиіс.
Практикум – бұл бала тәрбиесі жөніндегі ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыратын жұмыстың түрі. Практикумда мұғалім ата-аналарға қандай да бір ситуациядан шығатын жолды табуға шақырады.
Ашық сабақ. Ата-аналардың пән бойынша жаңа бағдарламамен, оқытудың әдістерімен, мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптарымен танысу үшін ұйымдастырылады. Көбіне ашық сабақ бастауыш сыныптарда өтеді. Ашық сабық арқылы ата-аналар балаларының білім деңгейін танып біледі.
Педагогикалық диспут. Педагогикалық мәдениетті қалыптастырудағы жұмыстың бірі. Диспуттың нәтижелі болуы, оның дайындығының жақсы өтуіне байланысты. Диспут тақырыбы бір ай бұрын беріледі.
Рөлдік ойындар - қатысушылардың ұжымдық, шығармышылық іс-әрекетіне ұйымдастырылған форма. Ролдік ойындар ата-аналармен мына тақырыптарда болуы мүмкін.»Отбасылық кеңес», «Біздің ауылымызда ортақ мәселе тұр».
Жеке тақырыптық кеңестер. Мұғалім оқушылар жөніндегі мәліметті олардың ата-аналарынан біліп отырады. Кеңес нәтижелі болуы үшін педагог пен ата-аналар арасында сенімділік болуы шарт.
Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтаған орынды.
Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы, өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. ”Міндетті”, ”қажетті” деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма –ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнына “Үлгерім экраны”, ”Ашық журнал” сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. ”Қара тізімге”ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім,сынып жетекшісі осы жағдайды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже: Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі - ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.
Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.
Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды жұмыстан қалдыруы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолайсыздықтан құтқарады.
Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындауы тиіс. Дегенмен, ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық педагогикалықтұрғыдан сенімді шығуы керек.
Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге “Семья и школа”, “Воспитание школьников”, “Бастауыш мектеп”, “Ақжелкен” жураналдары мен “Ұлан” газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанмен сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сөздерімен бірге тәрбие міндеттерін шешу туралы ақыл-кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.
Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.
Тапсырманың бірінші түрі – белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.
Тапсырманың келесі түрі – мұғалімге, тәрбиешіге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқұмар клубын ұйымдастыру.
Ендігі тапсырмалар мектептің материалдық базасын дамыту және нығайтуға қатысудан туындайды. Олар – кабинетті безендіру, құралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жөндеу жұмыстарын қатысу.
Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір бөлігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетіндігін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін өтінуден бастаған дұрыс.
Мектеп шағын ауданда отбасылық және қоғамдық тәрбиені ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру мынадай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады:
мектептің педагогикалық ұжымының, ата-аналар комитетінің, тұрғын орны бойынша қоғамдық кеңестің, клубтардың, кітапханалардың, стадиондардың, полиция және денсаулық сақтау ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарының жоспарын үйлестіру және тәрбиелік процеске қатысушылардың әрбіреуінің функ-цияларының анық болуы.
мектептің күшімен ата-аналарды және жұртшылықты педагогикалық біліммен қаруландыру.
тәрбиелік жұмыстың барысын және нәтижесін мұқият зерттеу және бірлесіп талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |