АКАДЕМИЯЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ
2019-2020 оқу жылы
Хаттама: № 2
07.10.2019
Қатысқандар: Сүлейменова Н.М. – куратор; 1-курс 6В01512 - «Биология-жаратылыстану» білім беру бағдарламасының студенттері.
Қарастырылатын сұрақ:
1. «21-ғасыр дерті» тақырыбында тәрбие сағатын өткізу.
2. Студенттер үйлеріне барып, тұрмыс жағдайларымен танысу.
3. Студенттердің тәртібі, тазалығы туралы әңгімелесу.
ТЫҢДАЛДЫ: Сүлейменова Н.М. – топ кураторы, 6В01512-Биология жаратылыстану білім беру бағдарламасының кураторы.
«XXI ғасырдың дерті» атты тәрбие сағатының мақсаты:
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Сүлейменова Назерке: «Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ есірткіге қарсы ұйымдастырылған «XXI ғасырдың зиянды әдеттері» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?
Бүгін біз өмірімізге осындай жаман әдеттердің қалай әсер ететінін қарастырамыз
Адам өмірі ғажайып нәрсе боғанымен қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерттің бірі темекі.
Темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай»- деп ақпараттандырылды.
Студенттерге қоғамның ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлерін уландыратын ауыр кеселдерден аулақ болу керектігі айтылып, қорытындыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |