Қашықтық семинарларын, конференцияларын ұйымдастыру және жүргізуді ұйымдастыру, білімді бақылауды жүргізу құралы
Бұл түрдегі инструментальды құралдар жалпы тілмен айтқанда «групповер» немесе «groupware» деп аталады. Олар:
мүмкіндіктерін береді. Төменде қазіргі таңдағы белгілі «groupware» сайттары келтірілген:
SuperTCP Suite - http://www.frontiertech.com/products/suite/ - электрондық пошта, ақпаратты іздеу, ақпаратты басқару;
TeamWARE Office - http://www.teamw.com/teamware/products/tw5office.htm -
Электрондық пошта, оқу графигін құру, құжаттарды сақтау және іздеу;
TEAMate - http://www.mmb.com/ - құжаттарды дайындау мен оларды өңдеуде бірлесіп жұмыс жасау, топтық мәселелерді шешу процесінің басқару жүйесі;
WebShare - http://www.radnet.com/webshare/main_webshare.html - оқу графиктерін құру, ақпаратты сақтау және іздеу.
Қазіргі білім жүйесіне жаңа ерекшелітер тән, яғни оқу процесін жүргізуде телеконференцияларды қолдану. Телеконференцияларды өткізу технологиясы базасында қашықтықтан оқытуға негізделген ерекше әдістер құрылуда.
Барлық қатысушылардың үздіксіз қатысуымен өткізілетін конференцияларды келесі топтарға бөлуге болады:
аудиоконференциялар;
аудиографика конференция;
бейнеконференция;
анимациялық конференция.
Оқу жүйесінде онлайн конференцияларды өткізу машақаты көп іс. Әсіресе, ауылдық жерлерде ұйымдастыру, өйткені бұл жерлерде байланыстың үзілуі жиі болады. Сондықтан да, көбінесе офлайн-конференциялар өткізіледі, офлайн байланысында қатысушылардың бір-біріне жіберген үндеулеріне сол сәтте жауап беру міндетті емес. Офлайн конференциялар үздіксіз жұмыс жасайды, яғни бұл офлайн конференцияға өзіңе қолайлы уақытта қатысуға мүмкіндік бар.
Әлемдік деңгейдегі білім ортасында конференция электрондық пошта базасы арқылы қатысушыларға таратылып отырады. Осы конференцияны өту барысында туындаған қиындақтарға байланысты мамандар бірлестігінен кеңес және көмек сұрауға, тиімді тәжірибемен алмасуға болады [21].
Қашықтықтан білімді бақылау тақырыбы қашықтықтан оқыту жүйесі мамандарының конференцияда жиі талқылайтын тақырыптарының бірі. Бірқатар елдер жоғары оқу орындарына түсуге арналған классификациялы емтихандарды тестілік формаға ауыстырды. Яғни, білімді тексеру формасы әр формада жүргізіледі, бірқатар елдер қағаз жүзінде жүргізсе, ал екіншілері компьютерленген формада жүргізуде.
Тестілеу жүйесінің технологиясы мен идеологиясы көптеген сұрақтар туындатады: тест нәтижесі «моральды» түрде қанағаттандырарлық болуы міндетті ма?, тест нәтижесін жариялауға болады ма?, тестілеу уақытына шектеу қою керек па?, тестілеу процесі үйрету құралы бола алады ма?, тестілеушіге тест тапсырмасын орындауда қателерді шығару қажеттілігі бар ма? Яғни бұл сұраққа жауапты тек педагог мамандар ғана жауап бере алады. Қазіргі бізге белгілі тест жинақтарының көп қасиеттері дәлелсіз [19].
Сонымен қатар, білім алушыларды жаттықтыратын және тестілік жинақтардың кемшіліктеріне қарастырайық. Оларды келесі түрдегі 3 топқа бөлуге болады:
Білім алу интерфейсінің кемшілігі (Интерфейс-бұл жалпақ тілмен айтқанда, адам мен машинаның арасында мәліметтер алмасуды орындайтын аппараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы):
Тестілік тапсырмаларды құру интерфейсінің кемшілігі:
Ақпаратты енгізу мен тапсырмаларды құруға кететін уақыттың ұзақтығы;
Графикалық ақпаратты енгізуде туындайтын қиындықтар;
Анимациялық құралдардың жоқтығы.
Экзаменатор интерфейсінің кемшілігі:
Материалды игеруде туындайтын қиындықтар;
Білім алушылар жетістіктерін оперативті бақылайтын құралдардың жоқтығы;
Әр түрлі пәндер бойынша топ нәтижелерін салыстыру кезінде туындайтын қиындықтар.
Оқу орнын басқарушы интерфейсінің кемшілігі:
Тестілеу нәтижелерін сақтау және оларды бір жүйеге келтіру
құралдарының жоқтығы;
Әр пән бойынша оқу топтарының үлгірімін салыстыру құралдарының жоқтығы;
Оқу орны студенттерінің үлгірімін оперативті бақылау мүмкіндігінің жоқтығы.
Аталған барлық кемшіліктер электронды оқу құралдарында да кездеседі [39].
Достарыңызбен бөлісу: |