Қашықтықтан оқыту жүйесінің басқа жүйелер секілді өз кемшіліктері бар:
- Мұғалім мен білім алушының арасында жеке қарым-қатынастың болмауы, яғни, тәрбие беру, білім алушымен жеке айналысу, жеке білім алушымен тәжірибе алмасу жүргізу тәрізді мүмкіндіктердің жоқтығы.
- Нәтиже білім алушының өзінің таңдаған пәніне байланысты. Қашықтықтан оқытуда ең бастысы таным және өзіндік бақылау дәрежесі қажет. Көптеген тұлғаларға күнделікті бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы еркіндік факторы болып табылады.
-Білім сапасы жасалған стандарттардың талаптарына сай көп жағдайда орындала бермейді.
-Техникалық жабдықталуы. Барлық қолданушылардың интернет пен компьютерге барлық кезде дерлік мүмкіндіктері бола бермейді.
- Практикалық білімнің жетіспеушілігі. Күндізгі бөлімнің студенттері оқытушы бакылауымен алған білімдерін практикада қолдана алса, ал қашықтықтан оқыту формасында мұндай мүмкіндік жоқ.
-Оқытудың жазбаша түрі. Негізінен, қашықтықтан оқытуда оқытудың жазбаша түрі қолданылады, егер білім алушы ақпаратты тыңдау арқылы қабылдайтын болса, немесе оған өз ойларын ауызша айту ыңғайлы болса, онда бұл оқу түрі оған зеріктіретіндей болып көрінеді.
Сонымен, бұл жағдайда, біз қашықтықтан оқыту өте тиімді және пайдалы екенін анықтаймыз [65].
2 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың электрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.
Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникацияларды пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
Қашықтықтан оқытуда консультациялар телефон, электрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
электрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, эсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің электрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында электронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек [16].
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оқу орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты - эффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:
Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Ақпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға әсер етеді [16]:
Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, эксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
Білім беруде ақпараттық технологияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі анықталды:
Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
Басқа пән оқытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларына оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұндарының сәйкес келуі [10,34,35].
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.
Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
2.2 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:
1. Қашықтықтан оқыту курстары түріндегі электрондық библиотекаға материалдар базасын жасау және жинақтау;
2. Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтық курстар, электрондық кітапханалар);
3. оқу процесін ұйымдастыру [22,33,60];
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттыруды ұйымдастыруда оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін.
Бір деңгейлі модель
Қашықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі
|
Қашықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары
|
Қашықтықтан оқытудың тыңдаушылары
|
Қажет алғы шарттары:
-оқытушылар, тьюторлар, координаторлар;
-компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары;
-электрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту курстары.
|
Қажет алғы шарттары:
-кейс-технологиясын қолдануда CD жеткізу каналы; телефон байланысы; Интернетке шығудың мүмкіндігі;
|
Қажет алғы шарттары:
- компьютерлер;
- кейс-технологиясын қолдануға байланыс каналы;
- электрондық почта;
- телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN);
|
Бір деңгейлі модельді мына жағдайларда қолдануға болады:
- тыңдаушылар тұратын аудандарда қашықтықтан оқытудың бөлімін орналастыруға мүмкіндік жоқ;
- белгілі бір курс бойынша бір топтың тыңдаушылары облыстың әр түрлі аудандарында тұрады;
- белгілі бір аудан бойынша тыңдаушылар саны өте аз.
Бұл модельде тыңдаушыға оқу мерзімін өзі анықтауға мүмкіндік беріледі.
Бұл модельдің кемшіліктері:
- оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жоқ;
- оқытушының кеңесі телефон арқылы алынады;
- тыңдаушының техникалық мүмкіндіктері болмаса, оқу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |