Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Гидраргилит  –  Al(OH)

3

.  химиялық  құрамы:  Al



2

O



 

65,4,  H



2

O  –  34,6  %. 

Қаттылығы 2,5-3,5, меншікті салмағы-2,35, түсі ақ, сұр, кейде қызғылт. 

Гидраргилиттің  суы  кемдеу  болса,  мысалы,  Al(OH)

–  ол  боксит  деп,  ал 



оданда кемдеу болса Al(OH) – ол диаспар деп аталады. Ол алюминий бар тау 

жыныстарының  еріп  жайылуынан  пайда  болады.  Экзогендік  процестерден 

жаралады. 

Гидраргилит  алюминий  қорытып  алу  үшін  басты  минерал.  Алюминий 

химиялық  жағынан  төзімді  жеңіл  метал.  Ол  самолет,  ыдыс-аяқ,  кеме  жасауға 

пайдаланылады. 

Жалпы  алюминий  минералдары  боксит  кендерін  құрайды.  Қазақстанда 

Қостанай, Целиноград, Павлодар облыстарында бар. 



Ильменит – FeTiO

3

. Химиялық құрамы Fe –36,8 %, Ti –31,6 %, О –31,6 %. 



Қаттылығы 5-6, меншікті салмағы-5.  

Ильмениттің  түсі  қара,  магниттігі  нашар.  өте  негізді  магмалыұ  тау 

жыныстарына  байланысты  кездеседі.  Негізгі  жыныстар  бұзылғанда  ильменит 



 

44 


өзгермейді  және  басқа  берік  минералдармен  бірге  құмдарда  жиналады.  Ол 

шашыранды түрде табылады. 

Ильмениттің  көп  шоғырланған  жері  титан  минералы  ретінде  металл 

қорыту үшін қолданылады. Сонымен бірге темір-титан қорытпасы алынады.  

Титан өте берік болат жасауға өндіске қажетті өте қымбат бағалы металл. 

Қазақстанда ильменит кендері Алтайда бар. 



Рутил- TiO

2

, латынша рутилус- қызғылт деген сөз. Химиялық құрамы Ti-



60  %,  0–40%.  Қоспа  ретінде  темір,  қалайы,  хром,  ванадий  т.т.  кездеседі. 

Қаттылығы-6, меншікті салмағы 4,2-4,3. 

Рутилдің  кристалдық  сырт  бейнесі  өте  әдемі  және  тұрақты-  төрт  қырлы 

призма түрінде. Ол призма кейде ұзарып шыбықша немесе сымша созылады.  

Рутил  өте  көп  жағдайларда  кездеседі.  Ол  магмалық,  гидротермалық, 

метаморфтық, кейде экзогендікте болады. 

Рутил  ферротитан  болат  қорытуда,  керамикада  қоңыр  бояу  ретінде  және 

радиотехникада детектар ретінде қолданылады. 

Қазақстанда Семізбұғада (Орталық Қазақстан) кездеседі.  

Касситерит  –  SnO

(қалай  тас).  Грекше  касситерос-  қалайы  деген  сөз. 



Химиялық құрамы Sn – 78,8 %, О – 21,2 %. Қаттылығы 6-7, меншікті салмағы 7, 

түсі  қара  сұр.  Мортты  минерал.  Онымен  бірге  кездесетін  минералдар:  Fe

2

O

3



Ta

2



O

5

, Nb



2

O

5



, TiO

2

, MnO.  



Касситерит кендері көбінесе магмалық жыныстарға, оның ішінде қышқыл 

граниттерге байланысты. Гидротермалық кварцты касситерит немесе сульфидті 

касситерит  желілері  көп  кездеседі.  Касситерит  тотығы  және  бұзылу  зоналар-

ында төзімді минерал, сондықтан оның кендері шашыранды болып кездеседі.  

Касситерит  қалайының  басты  минералы.  Қалайы  металл  қоңылтыр 

жасауға, қола жез жасауға, жалату, ұстату ісінде т.б. қолданылады. Қазақстанда 

Қалба тауында (Шығыс Қазақстан) шашыранды кен орындары жиі кездеседі.  

Корунд  -  Al

2

O



3

.  Минералдың    Корунд  аты  ерте  заманда  Үндістан  елінде 

қойылса  керек.  Химиялық  құрамы  Al  –53,2  %,  О –46,8  %. Ол  кварцпен  темір 

тотығымен бірге кездеседі.  

Оның  ең  үлкен  қасиеті  қаттылығы  –9,  алмаздан  ғана  кейін  тұрады. 

Меншікті  салмағы  4.  Жылтырлығы  шыны  сияқты.  Оның  құрамына  кіретін 

кірмелерге байланысты неше түрлі түске боялады. Қызыл корунд – рубин (асыл 

тас), көк корунд- сапфир (лағыл) деп аталады. 

Корундтық  кристалдың  бейнесі  кішкене  қырлы  бөшке  тәрізді  келеді. 

Жеке  кристалдары  кейде  өте  үлкен  –10  см  дейін  кездеседі.  Оларды  өңдеу 

арқылы  асыл  тастары  алынып  көркемдікке  жұмсалады.  Ұсақ  кристалдарынан 

наждак жасалады. 

Әдетте  корунд  жыныстарда  шашыранды  және  тұтас  түйірлі  массалар 

түрінде болады. Оған себеп болатын жай сол қаттылығы. 

Корунд  станоктарда  металды  өңдеу  үшін,  сол  сияқты  оптикалық  шыны 

өңдеуге,  тас  кесу  ісінде  және  т.б.  мақсаттар  мен  кең  түрде  қолданылады 

(қайрақ, сағаттарда асыл тас ретінде т.б.) 



 

45 


Табиғи  корунд  аз  болғандықтан  (ірі  кристалды)  ол  жасанды  түрде 

шығарыла  бастады.  Мысалы,  бокситтен  электрлік  қорыту  әдісімен  электр 

корунд – алунд жасалады. Осы алунд айналма шарықтарда, рубин – сағаттарда 

тірек ретінде қолданылады. 

Корунд кендері Қазақстанда Павлодардың оңтүстік батысында кездеседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет