Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Мыс сульфидті минералдары туралы қорытынды



Pdf көрінісі
бет31/48
Дата17.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
 

Мыс сульфидті минералдары туралы қорытынды  

Жоғарыда  келтірілгендей  мыс  сульфидтерінің  қаттылығы  төмен,  үштен 

аспайды. Ең қаттысы халькопирит. Кендерде олар ұқсас сеппелі түрде болады. 

Ірілеу кристалдары сирек кездеседі. Ковелин ең ұнтақ, жұмсақ түрде болады. 

Кенді  байытуда  минералдардың  қаттылығы  төмен  болған  сайын 

морттылықтарына  байланысты  белгілі  мөлшерден  аса  өте  ұнтақталып  кетсе 

олар кен байытуда бөлінбей жоғалады.  

Борнит,  халькозин,  халькопирит,  ковеллин  негізінде,  халькопириттің 

бұзылуынан  пайда  болатын  минералдар.  Осыған  қарай  халькопирит,  әдетте, 

біріншілік  сульфид  деп,  ал  басқалары  туынды  (вторичные)  сульфидтер  болып 

саналады. 

Мыстың  барлық  сульфидтері  өте  жақсы  флотацияланатын  минералдар. 

Сондықтан, егер кенде басқа сульфидтер болса, алдымен мыс минералдары, ал 

егер кенде қорғасын сульфиді болса сонымен бірге кеннен флотациялау арқылы 

бөлініп алынады.  



 

39 


Олардың  флотациялану  тұрғысынан  қарасақ  айтарлықтай  қасиеттеріне 

минералдардың  тотығуы  жатады:  туынды  сульфидтердің,  әсіресе  халкозиннің 

және  ковелиннің  тотығулары  халкопиритке  қарағанда  жоғары  болады.  Соған 

байланысты  туындылардың  суда  ерігіштіктеріде  жоғарырақ,  әсіресе  циан 

тұздарының ерітінділерінде жақсы ерітуге болады. 

Тотықтану  зонасында  сульфидтер  карбонатты  тотықты  минералдарға- 

малахит және азуритке айналады.  

Аталған сульфидтерден басқа мыс тетраэдрит   – 3Cu

2

S



Sb

2

S



 түрінде де 

кездеседі.  Оның    қаттылығы   3–4,  меншікті  салмағы 4,5. Электр  тоғын  нашар 

өткізеді. Түсі қара, болат тәрізді. 

Тетраэдрит    алғашқы  минерал  ретінде  ыстық  судың  ерітіндісінен 

(гидротермадан)  минералдық  желілерде  пайда  болады.  Ол  көбінесе  пиритпен, 

халькопиритпен,  сфалеритпен,  галенитпен  бірге  жүреді.  Ол  Қазақстанда 

Жезқазған және Қоңырат кен орындарында кездеседі. 



Галенит  –PbS.  Галенит  латынша  галена  –  қорғасын  минералы  деген 

сөзден  шыққан.  Химиялық  құрамы:  Pb    86,6%,  S-13,4%.  Онда  кездесетін 

кірмелерге    Ag,  Zn,  Sc  жатады.  Қаттылығы  2–3,  меншікті  салмағы  7,5. 

Морттығы жоғары. 

Галениттің  кристалдары  қуыстарда  кездеседі.  Көбінесе  ол  түйірлі 

массалар немесе сеппеленіп шашылған формалар түрінде байқалады. 

Галениттің түсі қорғасынша сұр түсті. Электр тоғын нашар өткізеді. 

Галенит қорғасынның басты минералы. Қорғасынның дүние жүзілік қоры 

осы минералмен байланысты. 

Металлургиялық  өңдеуде  қорғасыннан  басқа  азды  –  көпті  күміс  және 

висмут бөлінеді. 

Галенит  Қазақстанда  көптеген  кен  орындарында  кездеседі.  Оларға 

жататындар: Алтай кендері, Мырғалымсай, Ащысай, Қаратау, Шалқия, Текелі, 

Ақжал, Қарағайлы және т.б. 

Көпшілігінде  галенит  кварцпен,  сфалеритпен,  мыс  сульфиттерімен, 

пиритпен  бірге  кездеседі.  Тау  жыныстарының  жарықшаларында  ыстық  судың 

ерітінділерінен пайда болады. Демек, осы жағдайда  желілі кен болып шығады. 

Тотықтану зонасында ол сульфатқа (англезит – PbSO

4

), карбонатқа (церуссит –  



PbCO

3

) және басқа күрделі қоспаларға  айналады. 



Метал  қорытып  алудан  басқа  галениттен  оның  қарапайым  тотығы  (PbO) 

алынады. Одан  мысалы, түрлі бояулар (белил, сурик, крона) жасалады. 

Галенит мыс сульфидтерінен кейінгі ең флотоактивті минералға жатады. 

Сфалерит-ZnS.  Гректің  сфалерос-алдамшы  деген  сөзінен  шыққан. 

Химиялық құрамы: Zn-67,1%,S-32,9%. Оның алдамшы аталған себебі – түсінің 

ақшылдан  қышқыл  қоңырға  дейінгі  өзгеруі.  Бұлай  өзгеруі  оның  құрамына 

кіретін  темірдің  үлесінің  кең  шекте  өзгеруі:  темір  көбейген  сайын  қара 

қоңырлана  береді.  Ол  түрі  марматит  деп,  кадмийі  бар  сары  түсті,  ақшыл-сұр 

түстісі пршибрамит деп аталады.      

 



 

40 


Темірден  басқа  оның  басты  кірмелеріне  жататындар  кадмий  және  өте 

шашыранды  элемент  индий.  Олардан  басқаларына  күміс,  қорғасын  және  т.б 

жатады.  

 Сфалериттің  қаттылығы  3–4,  меншікті  салмағы  3–4.  Электр  тоғын 

өткізбейді.  Ол  жеке  кен  орнын  құрамайды,  тек  басқа  сульфидтермен  бірге 

кездеседі, әсіресе галенитте, мыс сульфидтерімен және пиритпен .  

Тотықталуына  қарай  ол  мырыш  сульфаттарына,  ал  одан  кейін  суда 

ерігіштігі төмен смитсонидте (ZnCO

3

) және каламиндге айналады. 



Сфалерит  мырыштың  басты  минералы,  демек  мырыштың  басты  көзі. 

Металлургиялық зауыттарда мырыштан басқа кадмий, индий қоса өндіріледі. 

Сфалерит кенде ұсақ сеппелі түрде кездесуімен байланысты флотациялық 

әдіспен  алынады.  Сондықтан  оны  тиімді  бөліп  алу  үшін  арнаулы  реагентпен 

(химиялық қосылыспен) өңдеп активтендіріледі. 

Мырыш барлық Алтай кен орындарында, Мырғалымсай, Текелі, Шалқия, 

Акжал,  Қарағайлы  кен  орындарында  бар.  Полиметалды  кендерде  мырыштың 

кендегі үлесі мыс, қорғасынға қарағанда жоғары болады (2-3-тен 4-5%-ке дейін 

жетеді). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет