Алтын (Au). Жеке элемент түрінде кездесетін минералдардың ішінде ең
көп тараған және адам баласына өте ерте замандардан бері белгілі металл осы
алтын. Қаттылығы 2,5-3. Меншікті салмағы 12,0-19,3. Балқу температурасы
1001
0
С. Жылу мен электр тоғын өте жақсы өткізеді. Ол жұмсақ, оңай созылған
металл. Өте маңызды қасиеті тотықпауы және қышқылдарда ерімейді. Тек циан
тұздарында және патша сұйығы аталатын қоспа қышқылда ғана ериді.
Алтын табиғатта өте таза болып кездесе бермейді. Оның ішінде көбінде
күміс және басқа металдар (мыс, палладий, висмут) кездеседі. Таза түрінде
ашық, жарқыраған сары түсті болса, ал күміс қоспасы болса түсі ақ сары болып
келеді.
Алтын ақшалық құнды металл. Ол әшекейлік-көркемдік істерде, зергерлік
бұйымдар жасауда қолданылады. Алтын жеке түрде кездесуінен басқа көптеген
сульфидті минералдар құрамына изоморфизм жасай кіреді. Жеке түрі тау
жыныстарынан ауырлығына байланысты гравитациялық әдіспен, ал сульфидті
минералдар құрамында болса флотациялық әдіспен, не цианмен еріту арқылы
бөлінеді.
Алтын кені әр елдерде көп кездеседі.
Күміс(Аg). Күміс жеке түрінде өте сирек кездеседі. Ол көбіне алтын, мыс,
қорғасын, сынап, сурьма қоспаларымен аралас келеді. Қаттылығы 2,5.
Меншікті салмағы 10–11, жылтыр, металдың түсі ақ. Жылу мен электр тоғын
жақсы өткізеді.
Күмістің жаратылысы–магмалық. Ол көбіне сульфидті минералдар құра-
мында жиі кездеседі, әсіресе қорғасын минералдар құрамында көбірек болады.
Жалпы жаратылыс жағынан күміс алтынға көп ұқсайды. Бірақ ол жер бетінде
алтындай төзімді емес, беті қарайып азырақ тотығады. Алтынға қарағанда көп
тарамаған минерал. Ол азот қышқылында, тұз қышқылында жақсы ериді.
Күміс ақша жасауға, химиялық ыдыстар және ас ыдыстарын және әртүрлі
қорытпалар жасауға қолданылады. Оның тоқ өткізгіштігі мыстан көп жоғары
болғандықтан аспаптарда түйісу нүктелерінде пайдаланылады. Бұлармен қатар,
оның бактерицидтті қасиеті жоғары.
Мыс (Сu). Ол басқа жеке кездесетін элементтермен салыстырғанда (С, Au,
Ag, S) химиялық таза элемент. Кейде 2,5 %- ке дейін күміспен алтын қоспасы
кездеседі. Қаттылығы 2,5 – 3,0, меншікті салмағы 8,5 – 8,9, түсі қызғылтым
келеді. Балқу температурасы 1080
0
C. Ол оңай созылғыш,электр тогын жақсы
өткізеді. Соған байланысты оның ең көп пайдалынатын орны электр сымдарын
жасау екені белгілі.
34
Күміс азот қышқылында тез ериді, ал тұз қышқылында баяу еріп хлорлы
мыс қосындысына айналады.
Мыс адамның өмір тарихында көп замандардан бері белгілі. Соған бай-
ланысты, көп уақыт мыс, қола дәуірлері атанғанын білеміз.
Мыс жер қойнында бірсыпыра элементтермен бірігіп, әсіресе күкіртпен
250 минералдар түрінде кездеседі.
Қазіргі кезде ол электротехникада, машина жасау өндірісінде, аспаптар,
ыдыстар жасау үшін, ақша жасауда, қола жасауда кеңінен қолданылады.
Қазақстанда Қаңырат, Жезқазған сияқты үлкен кен орындары бар.
Олармен қатар полиметалды кендерде жиі кездеседі.
Платина (Pt). Табиғатта оның құрамы таза емес, әсіресе онда темір көп
кездеседі. Темірі көп платинаны поликсен дейді. Сонымен қатар платина
тобына кіретін элементтер: осмий (Os), паладий (Pd), родий (Rh), иридий (Ir)
т.б.
Платина химиялық қасиеті жағынан тотықпайтын алтынға ұқсас. Оны ақ
алтын деп те атайды. Оның қаттылығы 4–5, меншікті салмағы 14–19, түсі
ақшыл сұр. Балқу температурасы 1780
0
C.
Платина негізгі тау жыныстарымен бірге кездеседі, яғни магмалық,
сиректеу гидротермалық түрде де болады. Ол шашыранды кендерде де
кездеседі.
Платинадан жоғарғы температураға шыдамды химиялық ыдыстар
жасайды.
Сынап (Hg). Сынып сұйық металл, меншікті салмағы 13,6, қайнау
температурасы 357
0
C, балқу температурасы – 38,9
0
C. Онда кейде күміс пен
алтын да кездеседі. Азот қышқылында ериді. Буы, тұзы өте улы. Ол күкіртпен
қосылса ерігіштігі өте төмен қатты киноварь (HgS) атты сульфидті қосылыс
жасайды. Сұйық сынап осы минералдың ыстық бұлақтарда тотығып (вулкан
әрекеті пайда болған жерлерде) тұнып еруінен пайда болады. Ауырлығына
байланысты жылдам қозғалып жарықшаларға кіріп жиналады.
Сынап Қазақстанда Торғай сурьма кенінде және Жарма ауданында аздап
табылған.
Темір (Fe). Темір жерде екі түрде кездеседі. Бір түрі жердің өзінде пайда
болған темір, екіншісі – аспаннан метеорит түрде түскен темір.
Темірдің қаттылығы 4–5, меншікті салмағы 7–8. Түсі қара қоңыр.
Магниттік қасиеті бар. Таза темір сирек кездеседі және негізді, не ультранегізді
магмалық жыныстармен байланысты болады. өте ірі таза темір Гренландияның
батыс жағалауында және Германиядағы Кассель қаласының маңайында
табылған. Осы екі кен орындарында темір қосылыстары пирротин (FeS) және
когенит (FeC) түрінде кездеседі. Соған байланысты таза темір жаратылысы осы
минералдармен байланысты болуы керек деген жорамал бар.
Әрине, жек элемент түрінде кездесетін темірдің өндірістік маңызы жоқ.
Қазіргі кезде темірдің басты көздері болып (өндіріс үшін) оның тотықты
минералдары болып саналады.
35
Қазіргі заманда металдардың ішінде ең көп пайдаланатыны темір екені
белгілі, демек қазір темір заманы. Ол барлық ірі өнеркәсіп пен машина жасау
өндірісінің негізгі металы болып табылады. Темірсіз жасалатын машина жоқ
десек артық болмас.
Темірдің өндірісте қандай түрлері алынатыны, оның минералдары туралы
кейінірек толығырақ тоқтаймыз. Сол сияқты, жеке элементтер туралы сөз
болғанда олардың жаратылысының ерекшеліктері қарастырылған жоқ. ол
ерекшеліктерінің мәнін толық түсіну үшін әр элементтің атом құрылыстарын
жетік білу қажет. Содан кейін олардың валенттіліктерін, атомдық және иондық
радиустарын еске ала отырып кристалдық торларының құрылысымен
байланыстыру қажет. Әрине, бұлармен қатар минералдың қандай геолиялық
жағдайда пайда болу заңдылықтары бірінші кезекте қаралуы тиіс.
Қорыта айтсақ, жеке элементтердің жаратылу ерекшеліктерін қатты
заттың физикасымен байланысты. Ол бұл пәннің бағдарламасына кірмейді. Бұл
пәнде қойылатын мақсат-жер байлығын тиімді пайдалану үшін оны құрайтын
минералдың қысқаша жаратылыстарын, қасиеттерін, оларды кендерден бөліп
алу үшін қажетті деректермен танысып білу
Әдебиет: 1-нег.[201-217],2-нег.[44-53]
Бақылау сұрақтары:
1. Минералдар қандай топтарға бөлінеді?
2. Жеке элементтерге нелер жатады?
3. Жеке кездесетін асыл металдар.
4. Асыл металдардан басқа жеке кездесіп қалатын металдар.
5. Жеке кездесетін металлоидтар.
6. Алмаз бен графит арасындағы үлкен айырмашылықтың негізгі себебі не?
7. Алмаздың қолданылуы.
8. Графиттің қолданылуы.
9. Күкірттің негізі не үшін қолданылады?
10. Платина тобына кіретін элементтер.
11. Сынаптың ерекше қасиеті.
12. Өндірісте темір қандай минералдардан алынады?
13. Алтынның қасиеттері, оның еріткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |