Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата17.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Алмаз  (С).  Қаттылығы  10  (Моос  шкаласы  бойынша).  Ол  ең  қатты  зат. 

Меншікті  салмағы-3,5г/см

3

.  Электр  тоғын  нашар  өткізеді.  Алмаздың 



жаратылысы  магмалық.  Ол  жердің  бетіне  көтеріліп  қатайған  өте  негізді 


 

32 


магмалық  тау  жыныстарымен  (кимперлитпен)  байланысты  түзіледі.  Ол 

жыныстар вулкандардың көмейін толтырып орналасады. Кейде алмазы бар тау 

жыныстары  бұзылып  тарап  кеткенде  алмаздары  оңашаланып,  шөгінді 

жыныстар арасына жиналады. Осындай кендерді шашыранды кендер дейді. 

Алмаз  асыл  тас  ретінде  көркемдікке  және  техникалық  істерге 

пайдаланылады. Іш құрылысы суретте көрсетілген. 

Қырланып ірі кристалдарынан жасалған асыл тасты гауһар(бриллант) деп 

атайды.  Дүние  жүзіндегі  ең  ірі  алмаз  кристалы–1905  жылы  Оңтүстік 

Африкадағы  Кимберлей  кенінен  табылған.  Оған  Африка  жұлдызы  (Куллинан) 

деген ат берген. Оның салмағы 3024 ¾ карат (бір карат 0,2г) болған. Ұзындығы 

10 см, ені 6 см, қалыңдығы 5 см құраған. 

Карбонада,  борт  сияқты  таза  емес  және  ұсақ  кристалды  алмаздар  техни-

када  қолданылады.  Мысалы  тас  тесетін  бұрғылардың  коронкасына  салынады, 

шыны кесуге жұмсалады.  

Алмаз кенінің ең атақты жері – Оңтүстік Африка, Кимберлей қаласының 

маңында орналасқан. Сонымен қатар шашыранды алмаз кендері Бразилия және 

Үндістанда да бар. СССР жерінде алмаз кені Якутияда табылған. 

Графит  (С).  Ең  жұмсақ  минерал,  қаттылығы  1.  Меншікті  салмағы  2,09-

2,23. Түсі қара. Қағазға, қолға жұғады (грекше графо-жазамын деген сөз). 

Химиялық  құрамы  таза  көміртек  бола  бермейді.  Ішінде  оншақты 

процентке дейін қоспалары болады. Графит электр тоғын жақсы өткізеді. Отқа 

өте  төзімді.  Көміртек  атомдары  әр  қабатта  алты  қырлы  сақина  жасай 

коваленттік  байланыс  жасай  орналасқан,  ол  қабаттар  өзара  молекулалық 

байланыспен әрекеттескен. 

Графит  табиғатта  жоғары  температурада,  ауа  жоқ  жағдайда  көміртектен 

пайда  болады.  Ол  метаморфтық  минералға  жатады,  дәлірек  айтсақ  көмірдің 

өзгеруінен туады.  

Графит химиялық ыдыстар жасауға, қарандаш өндірісінде, электр өндірі-

сінде  электрод  жасауға,  бояу  жасауға,  майлауға  май  ретінде  және  атомдық 

энергия өндіру ісінде қолданылады. 

СССР-да  Байкал  көлі  жағалауында  ірі  кен  орны  табылған.  Қазақстанда 

графит кені Аягөз ауданында Сиялысай деген жерде кездеседі. 

Графит табиғи аз суланатын минерал. Сондықтан ол флотациялық әдіспен 

алынады. 

Күкірт(S).  Қаттылығы  1-2,  меншікті  салмағы  2,05-2,08.  Электр  және 

жылу өткізгіштігі нашар, сары түсті, қаттылығы өте төмен, тез балқиды. 

Күкірт  кей  жағдайда  таза  түрінде,  көбінде  табиғатта  топырақ  немесе 

органикалық заттармен, мұнай немесе газдармен араласып кездеседі. 

Күкірт – жер жүзінде көп тараған элементтің бірі. Оның жаратылысын үш 

түрге  бөледі:  1)  газбен  ілесе  ұшқан  күкірт  сыртқа  шығып  кристал  түрінде 

қатады,  2)  шөгінді  жыныстарда  микробтардың  әсерімен  күкірт  сутек 

қосындысы  пайда  болады,  3)  күкірт  көптеген  металдармен  ерігіштігі  аз 

минералдар түзеді (сульфидтер). 



 

33 


Күкірттің ең көп қолданылатын орны күкірт қышқылын алуда. Өндірістің 

көп  саласында  осы  қышқыл  қолданылады.  Одан  басқа  резеңке,  қағаз,  бояу, 

сіріңке, былғары илеу сияқты орындарда пайдаланылады. 

Оның  кристал  құрылысы  графитке  келеді:  сақиналы  молекулаларда 

атомдар коваленттік байланысады да, ол молекулалар өзара әлсіз байланысады. 

Осының  нәтижесінде  күкірт  суланбайды.  Тау  жыныстарынан  бөлуде 

қолданылатын  негізгі  әдіс  –  флотациялық  әдіс.  Шөгінді  күкірт  кенінің  ең  көп 

жері Орта Азияда, Поволжьеде кездеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет