Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


-дәріс. Тотықтар немесе оттек қосындылары



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
 

9-дәріс. Тотықтар немесе оттек қосындылары 

Ауыр  өнекәсіпте  ең  көп  тараған  металлдар  (темір,  хром,  марганец, 

алюминий т.б.) оттекпен қосылып, табиғатта маңызы зор минералдар құрайды. 

Оттек  жерде  көп  тараған,  өте  активті  элемент.  Ол  жер  қабатының  бетіне, 

атмосферамен  литосферада  орналасқан.  Осы  қабаттарда  ол  барлық  дерлік 

минералдардың құрамына кіріп әр түрлі химиялық қосылыстар жасайды. Одан 

кейін екінші орын алатын элемент - кремний (Si) екені белгілі. Сондықтан осы 

екі элемент құрамына кірмейтін минералдар аз-ақ. Олардың көбінің жалпы аты- 

силикаттар. 

Бұл  тарауда  құрамдарына  кремний  кірмейтін  ең  маңызды  минералдар 

қарастырылады. 

Магнетит  -  Fe

2

O

4

.  химиялық  құрамы:  Fe–72.4  %,  O

2

–31  %.  Қаттылығы-



5,5-6,5, меншікті салмағы 5,0, қоңырқай-қара түсті. 

Ол  табиғатта  балқыған  магмадан  бөлінеді.  Жердің  терең  қабатына 

магмамен бірге көтеріліп, сеппелі түрде болады. 

 Магнетит  өте  бағалы  темір  минералы,  темір  қорыту  үшін  қолданылады. 

Одан  болат  пен  шойын  алынады.  Аты  күшті  магнитті  қасиеті  болуымен 

байланысты  қойылған.  Осы  қасиеті  арқасында  ол  бос  жынысты 

минералдарынан оңай бөлінеді. 

Гематит  –  Fe

2

O

(қызыл  темір  тас).  Гректің  гематикосканды–  деген 

сөзінен  шыққан.  Химиялық  құрамы:  Fe–70  %,  0–30  %.  Қаттылығы  5,5–6,5, 

меншікті салмағы 5. түсі қара сұр.  

 Гематит  жеңіл  балқығыш,  темірге  бай  минералдарының  бірі.  Оның  кен 

орындары Қазақстанда бірнеше жерде бар. (Қарсақпай, Атасу, Қостанай). Оның 

өте бай кендерді Кривой Рогта Курск магнитаномагиясында орналасқан.  

Гематит 


метаморфтық 

жыныстарда, 

магмалық 

және 


шөгінді 

жыныстардың арасында, желілерде кездеседі. Ыстық тұнбаларда кездеседі. 

Оны  тотықсыздандыру  процесімен  өңдеп  магнетитке  айналдыруға 

болады. 



 

43 


Лимонит  –  Fe

2

O



3*

nH

2



O.  Темірдің  сулы  тотығы.  Егер  судың  бір  ғана 

бөлшегі  болса  (n=1)  ол  Гетит  деп  аталады.  Химиялық  құрамы  су  молеку-

ласының аз-көбіне қарай өзгеріп отырады. Көбінесе Fe

2

O



–89.9 %, H

2

O–10,1 %. 



Қаттылығы 4,0–4,5, меншікті салмағы 3,3–4,0. 

Лимонит  темірдің  және  басқа  қоспалардың  тотығу  нәтижесінде  пайда 

болады.  Темір  қорытуда  және  баяу  жасауда  негізгі  минералдың  бірі  болып 

саналады.  Басқа  темір  минералдарынан  айырмашылығы  ол  төменгі 

температурада тез балқып жылдам қорытылады. 

Пиролюзит  –MnO

2

.  Бұл  гректің  пирос  –от,  люзиос-құртамын  деген 



сөздерінен шыққан. Химиялық құрамы: Mn–63,2%, 0–36,8%.  

Пиролюзит  гидротермалық  кендерде  едәуір  сирек  кездеседі.  Көбінесе  ол 

басқа марганец минералдарынан табиғи өзгеру зонасында пайда болады. 

Пиролюзиттен  марганец  металы  өндіріледі.  Марганец    болатпен  шойын 

қорытуда  темірге  қосылады,  олардың  мықтылықтарын  жоғарлатады,  шыныны 

тазарту  үшін  баяу,  құрғақ  электр  батареясын,  медицинада  химиялық 

препараттар жасау үшін қолданылады.  

Қазақстанда марганец кені Жездіде шығады.  



Псилюмелан-  mMnO*MnO

2

*n  H



2

O.  Грекше  псилос-қасқа,  мелас-қара 

деген  сөз.  Қаттылығы  4–6,  меншікті  салмағы  4,4–4,7.  Түсі  қара,  қара  –сұр. 

Химиялық құрамы: MnO

2

–60-80%, MnO–8-25%. 



Псиломлан  ең  алдымен  экзогендік  жағдайда  кендердің  тотықтану 

зоналарында шөгінді кендерде пайда болады. 

Шығу  тегі-  гидротермалық  кендерде  баритпен  жеке  кварцпен  бірлесіп 

минералдардың ақырғы желісін құрайды. 

Псиломелан  пиролюзитпен  және  марганецтің  басқа  минералдарымен 

қатар  ферромарганецті  қорытып  алуда  қара  темір  металлургиясына 

пайдаланылатын  басты  минерал  болып  табылады.  Оның  үлкен  кен  орны 

Чиатурада (Кавказ)  орналасқан. Қазақстанда жезді, Қаражал кен орындарында 

кездеседі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет