Минералдардың кристалдарының формалары. Кен байтуда минерал-
дарды пішініне қарап бөлу сирек қолданылады. Оның себебі кен ішінде
минерал кристалдар өте ұсақ күйде кездеседі. Дегенмен, тау жынысы
минералдарынан тек кристалл формасының айырмашылығын пайдалану
арқылы бөлінетін бір минералы бар, ол асбест. Оның кристалл формасы
талшықты, жіп тәріздес жұмсақ иілгіш. Осы талшықтардан құралатын қатпар-
лар желі тәрізді созылып жатады.
Минералдардың химиялық және физикалық қасиеттерінің айырма-
шылығы кен байытуда да металлургиялық өңдеуде де кеңінен пайдаланылады.
Кен байытуда кеңінен қолданылатын флотациялық процесс минерал
бетінің сумен әрекеттесуіне негізделген, демек минералдардың бет қасиетімен.
Бет қасиеттерді бірдей минералдар болмайды, тек айырмашылықтары әр түрлі
болуы мүмкін. Бет қасиеттері минерал кристалының құрылымымен ал ол өз
кезегінше атомдардың өзара байланыс түрлерімен, иондық радиустарымен
және валенттіліктеріне тәуелді. Осыған байланысты олардың қасиеттеріне
үнемі белгілі мөлшерде айырмашылық болады. Кен байытуда осы жай өте
тиімді пайдаланылады.
Минералдардың бет қасиетінің өзгеруіне олардың суда ерігіштік қасиеті
әсер етеді.
Кеннен алынған бағалы өнім (концентрат) металлургиялық зауытқа
түскенде не пирометаллургиялық (балқыту) не гидрометаллургиялық(ерудің)
әдістермен өңделеді. Соңғы әдіспен өңдегенде минералдардың қышқылды
орталарда, не сілтілерде еру қасиеттірі кеңінен пайдаланылады.
Әдебиет: 1-[101-122]
Бақылау сұрақтары:
1) Минералдардың тығыздығы, қандай байыту әдісінде пайдаланылады
2) Минералдардың магнитті қасиеттері
31
3) Минералдардың тоқөткізгіш қасиеттері
4) Минералдардың қаттылығы неге байланысты
5) Минералдардың меншікті салмағы
6) Минералдардың әр түрлі түсті болу себептері
7) Минералдардың физикалық, химиялық, және физико-химиялық
қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |