ерекше орын алатыны белгілі. Түсті айыру үшін көзбен көру керек. Түстің
30
рет Ньютон ашты. Ол ақ жарық үш қырлы призмадан өткенде түрлі түстерге
бөлінетінін байқады. Соны зерттей келе мынадай жаңалықтар ашылды:
1) Ақ түс қарапайым түстердің қосындысы;
2) Әр түрлі түсті жарық белгілі заттан өткенде әр түрлі дәрежеде сынады;
3) Әр түстің өзіне тән толқын ұзындығы бар, соның нәтижесінде жарық
сәуле ағынын зат жұтады белгілі мөлшерде, сындырады және шашыратады.
Егер заттың жарық жұту қасиет жоқ болса, мұндай зат мөлдір болады. Жұтуы
көбейген сайын түсі қоңырлана береді.
Егер заттың бетінде жарықтың шағылуы күшті болса, ол ақ болып
көрінеді. Жарықтың қай түсі зат бетінен көбірек шағылса, зат сол түске
боялады. Жарықтың шағылуы күшті болса, соғұрлым жылтырлығы артады.
Минералдардың осы қасиеті пайдаланылады, деген сұрақ туады.
Металлургиялық өңдеуде заттың түсі ешқандай рөл ойнамайды деуге болады.
Кен байытуда да тікелей пайдаланылмасада кейбір жағдайда қажеті бар.
Мысалы, қазылып алынған кен ішінен кейде кейбір бағалы минералдардың
қолға үстауға келетін ірілігі болғанда, соларды түсіне қарап танып, қолмен
теріліп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: