Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Карбонаттар  (латынша  карбон-көмір  деген  сөз).  Карбонат  құраушы  екі 

валентті металдар көбінесе мынылар : Cu, Pb, Zn, Fe, Ca, Mg, Ba, Mn, Sr және 

т.б.  

Карбонаттар жер қыртысында едәуір  көп тараған минералдар.  



Сидерит  –  FeCO

3

.  Грекше  сидерос-  темір  деген  сөз.  Химиялық  құрамы: 

FeO  –62  %,  Fe  –48,35,  CО

2

  –37,9  %.  Қаттылығы  3,5-4,5,  меншікті  салмағы  3,9. 



Түсі  сарғыш  ақ.  Ол  көбінесе  гидротермиялық,  шөгінділік  және  метаморфтық 

жағдайларда пайда болады. Егер оның құрамында фосфор мен күкірт аз болса, 

ол темір өндірісінде пайдаланылады.  

Смитсонит-  ZnCO

3

.  Химиялық  құрамы  Zn–52  %,  CO

2

–35,2  %.  Қоспа-



сында Fe, Mn, Mg, сиректеу Cd, In және т.б кездеседі. Қаттылығы 5, үгілгіш зат. 

Меншікті салмағы 4,1-4,5. Түсі ақ сарғыш.  

Смитсонит-  ізбестас  жыныстары  ішінде  сульфитті  минералының  (ZnS) 

тоттықан  зоналарында  болады.  Сульфид  алдымен  сульфатқа,  сонан  кейін 

смитсонитке  айналады.  Ол  мырыш  металын  қорытып  алуға  пайдаланылады. 

Қазақстанда Қаратау маңайында шығатын кендерде болады (Ащысай, Шалқия 

кендері). 

Церуссит  –PbCO

3

.  Латынша  церусса-  ақ  сыр  деген  сөз.  Химиялық 

құрамы: Pb – 77,5%, CO

2

  – 6,5%.  Қаттылығы  3  –3,5,  өте  үгілгіш  зат,  меншікті 



салмағы 6,4-6,6. Қоспа түрінде  PbS, Ag

2

S, ZnCO



3

 кездеседі. 

Церуссит  қорғасын-мырыш  сульфид  кендерінің  тотығу  зонасында  азды- 

көпті  кездесіп  отырады.  Галениттің  (PbS)  тотыққан  алдымен  Англезит-  PbSO  

шығады  да,  содан  кейін    одан  тұрақтырақ    қосындыға  церусситке  айналады. 

Церусситпен смитсониттің жаратылысы ұқсас.  



Малахит –CuCO

3

 Cu(OH)

2

. Грекше малахит-мальва (өсімдік) деген сөзден 

шыққан.  Оған себеп  болған оның жасыл түсті болуы. Химиялық құрамы: Cu –  




 

48 


57,4  %,  CO

2

–19,9 %, HO–8,2 %. Қаттылығы 3,5–4,  үгілгіш зат. Меншікті сал-



мағы 3,9-4. 

Малахит  айналасында  ізбестасы  көп  мыс  сульфидтерінің  тотығуынан 

шығады.  

Малахиттің  әдемі  ірі  кристалдары  көркемдік  істерге  (одан  шкатулка, 

вазалар  тағы  сондайлар  жасалады)  пайдаланылады.  Ұсақ  түрдегілері  бояу 

жасауға  жұмсалады.  Ол  мыстың  сульфидттері  кендерінде  азды-көпті    үнемі 

кездесіп отырады.  

Металлургиялық  өңдеуде  одан  мыс  оңай  алынады.  Ол  Қазақстанда 

Қоңырат, Жезқазған, сол сияқты Алтай кендерінде бар.  

Азурит-2CuCO

3

 Cu(OH)

2

Французша азурэ- көкшіл деген сөзден шыққан. 

Оны мыс лазурі депте атайды.  Химиялық  құрамы: Cu – 55,3 %, CO

2

 – 25,6 %, 



H

2

О – 5,2 %. Қаттылығы 3,4, меншікті салмағы 3,7-3,9. 



Азурит  малахитпен  бірге  кездеседі,  себебі  екеуінің  тегі  бір.  Металлур-

гиялық  өңдеуде  одан  мыс  оңай  алынады.  Ол  да  бояу  жасауға  да  химия 

өнеркәсібінде қолданылады.  

Кальцит- CaCO

3

.  Ол  табиғатта  көп  тараған  минерал  және  түрлеріде  көп. 

Құрамында  кальцит  жоқ  кен  кездеспейді  деуге  болады.  Қаттылығы  аз  3, 

меншікті  салмағы  2,6-2,8.  Құрамына  кіретін  қоспаларға  байланысты  түсі  әр 

түрлі болады. Ең көп кездесетін түрі сүт түсті ақ, мөлдір, шыныдай жылтыр.  

Кальцмт  бірнеше  түрлі  геологиялық  жағдайларда  пайда  болады. 

Магмалық жыныстарда өте сирек, ал гидротермалды түрде көп тараған. Ең көп 

тараған  түрі  экзогендік  жағдайларда  пайда  болған  (теңіз  шөгінділерінде, 

метаморфизм жағдайында). 

 Кальциттің  мөлдір  кристалды  түсі  оптикады,  құлпырма  түрлері 

зергерлік-көремдік істерде, скульптура жасауға, электротехникада, жазатын бор 

алуға,  бояуға,  құрылыс  өндірісінде,  химия-металлургия  өндірістерінде 

пайдаланылады. 



Магнезит - MgCO

3

. Химялық құрамы: MgO –47,6 %, CO

2

–52,4 %. Қатты-



лығы  4-4,5,  меншікті  салмағы  2,9-3,1.  Кристалдық  құрылысы  және  басқада 

қасиеттері кальцитке ұқсайды.  

 Ол  гидротермиялық  минерал.  Сонымен  қатар  тау-жыныстарының 

бұзылып  ыдырауынан  пайда  болады.  Магнилі  силикаттар  су  мен  көмір  қыш-

қылының әсерінен толық  бұзылып магнезит шығады. 

Магнезиттен отқа төзімді кірпіш жасалынады. Сол сияқты цемент жасау-

да, қағаз өндірісінде, электротехникада қолданылады. 

Родохрозит-MnCO

3

.    грекше  родон-роза,  хрос-түс  деген  сөз.  Химиялық 

құрамы: Mn – 47,8 %, CO

2

 –38,3 %. Қаттылығңы 3,5-4,5, меншікті салмағы 3,6-



3,7, түсі алқызыл, малина түсті. 

  Жаратылысы  гидротермиялық  және  теңіздік.  Родозонит  өте  құнды 

минерал.  Одан маргенец  оңай  алынады.  Ол  ферромарганец  қорытып  алу  үшін 

және  химия  өнеркәсібінде  қолданылады.  Көп  кездесетін  кен  орындары: 

Нижний Тагильде, Закавказьеде.  



 

49 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет