2. «Дүниетануды» оқытудағы ауызша әдістер. Оқытушының сөзі әрқашан негізгі мәнгі ие және оқу-тәрбиелік жұмыста маңызды роль ойнайды. Мұғалімнің нәсібі маманданған тілі ұйымдастырушылық, танымдық, тәрбиелік және дамытушы функцияларды атқарады.Ауызша әдістерге оқытушының тек қана сөзі мен тілі жатпайды сонымен бірге оқушының да тілі мен сөзі жатады, өйткені бұлар бір бірімен тыгыз байланысты. Ауызша әдістер белгілі бір процессті немесе суретті бейнелеуге қажет кезінде ғана қолданылады. Мұғалім сабаққа даярланар кезінде өзіне қажетті материялды таңдап алады және сөз бен тілдің көмегімен материялдың мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігін анықтайды, сонымен бірге оқушылардың мұқият тындауын қамтамасыз ететін материялдардың қажеттілігіне назар аударады. Ауызша әдістердің теріс және оң жақтары бар. Ауызша әдістерді қолдану кезіндегі ең негізі қиындық ол оқушылардың ұйымдасу деңгейі болып табылады 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың сабаққа қойылатын назары 3-5 минут аралығында ғана белсенді болып, кейін ол әлсіреп, олардың назары сабақтан тыс қалып қоюы мүмкін. Сондықтан оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытатын әдістемелік тәсілдерді ойластырып және сабаққа сай көрнекі қуралдарды алдын ала дайындап алу қажет.
3.Оқытудың көрнекілі әдістері. Көрнекі қуралдар оқу процесінде әртурлі дидактикалық мақсатта қолданылады, яғни оқыту қуралы ретінде, ауызша әдістердің танымдық мумкіндіктерін кушейтудегі әдістемелік тәсілдер ретінде және алда турған практикалық жумыстардың міндеттерін уйғарудағы улгі ретінде қолданылады оқытудың көрнекілі әдістері оқушылардың обьектілер мен нәрселерді қарастыруы, бақылауы және қабылдауы процесі кезінде немесе сезім органдарының көмегімен сол объектілер жөнінде белгілі бір ақпараттарға ие болған кезде ғана әдістер функциясын атқара алады. Материалдар жалпы және жеке белгілерді тауып, салыстыру жолымен уғынылады, және осының негізінде белгілі бір білімдер қалыптасады. Оқытудың көрнекі әдістері олардың қолдану процесінде жаңа білімдерге ие болу мақсатымен көрнекі қуралдарды қолданумен сипатталады. Көрнекілі әдістерді қолдану кезінде білімдердің басты негізі ретінде белгілі бір дидактикалық мақсатта біріктірілген динамикалық және статикал ық образдардың жуйесі қызмет етеді. «Дүние танудың» көптеген сабақтарында әртурлі суреттер мен таблицаларды, натуральды обьектілер көрсетіледі, сонымен бірге басқа да көрнемдік динамикалық және статикалық көрнекі құралдар да көрсетіледі. Көрнекі әдістерді қолдану кезіндегі әрбір жағдайда, қабылдау мен уғынудағы белсенділікті дамыту қарастырылады, сондықтан оқушылардың алдына нақты танымдың тапсырмалар қойылады. Мұнда қалай бақылау керек, нені қарастыру керек, нені көрсете білу керек және нені меңгеру керек жайында айтылады. Көрнекі әдістерді қолдану сәтті болуы ушін, мына бір шарттар өте қажет, олар белгілі бір обьектінің немесе процесстің мақсатқа лайық қарастырылуын және оның басты белгілері мен ерекшеліктері ойңын көрсетуге қол жеткіздіру керек.