Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі


Көрнекі құралдардың топтары мен түрлері



бет29/48
Дата12.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#196635
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Î?Ó ?ä³ñòåìåë³? êåøåí «Áàñòàóûø ìåêòåïòåã³ ä?íèåòàíó ï?í³í î?ûòó

2. Көрнекі құралдардың топтары мен түрлері.
Көрнекі құралдардың негізгі топтары мен түрлеріне сипаттама беру.
Оқу көрнекі құралдары шартты түрде табиғи және көрнемдік деп бөлінеді. Табиғи көрнекі құралдарға тірі және өлі табиғаттың обьектілер жатады, яғни адамдардын өндіріс қызметтерімен байланысты болатын пайдалы қазбалар мен топырақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың және заттардың үлгілері жатады, сонымен бірге бұған қоғамдық тарихи сипаттағы шынайы заттарды да жатқызуға болады. Табиғи көрнекі құралдарды пайдалану оқушыларда табиғи, өндірістік және тарихи қоғамтанушылық сипаттағы зерттелініп, қарастырылатын заттар жөнінде нақты образдың тусініктер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепте табиғи көрнекі құралдар ретінде көбінесе гербарийлер, табиғи және өндірістік улестіру материалдары, коллекциялар, қараушы тәрізді қуыршақтар мен препараттар пайдаланылады Гербарийлер дегеніміз кептірілген өсімдіктердің жинағы, мұнда өсімдік кіші көлемде болса, онда ол тутастай көрсетілуі мүмкін, бірақ көбінесе өсімдіктен жапырақтары, гүлдері, сабақтары жекелеген бөліктері көрсетіледі мұнда.
Коллекция дегеніміз жалпы тақырып үшін арнайы біріккен заттардың жүйеленген жинағы. Бастауыш мектептерінде пайдалы қазбалардың , өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының , жергілікті топырақтардың үлгілерінің коллекциялары, сонымен бірге шикізаттың дайын өнімге дейінгі әртүрлі тканьдерді өндірудің негізгі сатыларын көрсететін коллекциялар да қолданылады
Үлестіру материалының мазмұны ретінде топырақтардың, пайдалы қазбалардың, өнеркәсіп шикізаттарының, дайын өнімдердің улгілері ретінде көрініс береді, бірақ бұл демонстрациялық ретінде бір ғана экземплярда емес, көлемі кішірейтілген 20-40 экземплярда шығарылады. Бұл улгілер оқушыларға онымен тікелей жұмыс жүргізу ушін үлестіріліп, таратылады. Өсімдіктер мен жануарлар организмінің препараттары кептірілген құрғақ препарат түрінде немесе консервіленген сұйық препарат ретінде шығарылады. Мұндай препараттарда ұсақ жануарлардың жекелеген экземплярлары біртүтас, мушеленген немесе жабық түрде көрсетілген, құрғақ препараттар беті жабық қораптарда, ол суйық препараттар цилиндр немесе басқа бір формадағы шыны ыдыстарда сақталынады. Ал қуыршақтар болса жануарлар позасын сипаттайтын сыртқы турді, көлемді, тусті береді. Шынайы заттар болса, адамдарың бұрынғы өмірін, олардың еңбектерін, турмысын, мәдиниетін сипаттайды және бұл тарихи-қоғамдық сипаттағы статьяларды оқу кезінде демонстрация ушін қолданылады. Шынайы заттар тобына археологиялық жолмен табылған заттар яғни ыдыс аяқ қалдықтары, еңбек құралдары, қарулар, тиындар, әшекей буйымдар жатады. Бастауыш сыныптарына арналған оқу құралдарына көрнемдік көрнекі құралдар жатады. Олар жазықтықты және көлемді болып болінеді. Жазықтықты құралдарға бейнелер суреттемелер, иллюстрациялық таблицалар жатады, ал көлемді құралдарға үлгілер, макеттер, муляждар жатады. Көрнемдік көрнекі құралдар образдың және шартты болып бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет