Қосымша әдебиеттер: 1, 3
Тақырып №9. Оқушының білімін-білігін, дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары. (4 сағат)
Тапсырмалар:
1. Дүниетану тақырыптарының біреуінен жаппай сұрақтар тізімін жасау 4 сыныпқа.
2. Дүниетанудан үшінші тоқсанға 3 сыныпқа тесттер құрастыру.
Орындауға ұсынылған әдістеме.
Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі ғана дұрыс болу керек. Тесте берілген сұрақ әр адамға түсінікті болатындай етіп жазылу керек.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 8
Қосымша әдебиеттер: 1, 3
Тақырып №10. . Қазіргі кездегі кіші комплектілі мектептер жағдайлары, олардағы жұмыстарды талдау. (4сағат).
Тапсырмалар:
1. Үш сыныпта бір мезгілде өткізілетін күзгі топсаяхатының кестесін келтіру.
Орындауға ұсынылған әдістеме.
Тапсырманы орындау кезінде мынадай ескерту: топсаяхаты кезінде алынған бақылау нәтижесі біріктірілген сыныптардың әрқайсысында оқытылатын бағдарламалық материялға байланысты жеке қарастырылады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 8
Қосымша әдебиеттер: 1, 3
Әдістемелік нұсқаулар:
Дүниетану технологиясы дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық зандылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді. Тақырыптың әдебиеттерін, және лекциялық материалдарын қолдану керек.
Тапсырмаларды орындауда озат-тәжірибелі мұғалімдердің материалдарымен танысуға мынадай баспасөз журналдарын қолдануға болады. Олар: «Бала тәрбиесі», «Оқушы тәрбиесі», «Сыныптағы тәрбие», «Бастауыш оқыту», «Бастауыш мектеп», «Шағын комплектілі мектеп», «Педагогика», «Психология».
2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
Конспектілер:
1. 1 сыныптағы «Қустардың қысқы тіршілігі» тақырыбы бойынша сабақтын үлгісі
2. 3 сыныптағы «Топырақтын табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбы бойынша сабақтын үлгісі
3. 3 сыныптағы «Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі күзгі өзгерістер» топсаяхат сабақтын үлгісі
4. Реферат «Ізгілендіру (тұлғалық-гуманистік) технологиясы негізін салушы Ш. Амонашвили»
5. Реферат «Тірек белгілері технологиясы негізін салушы В. Шаталов»
6. «Пайдалы қазбалар» атты тақырып бойынша 3 сыныпқа арналған жоспар-конспектісі
7. «Туған өлкенің жануарлары» атты тақырып бойынша 4 сыныпқа арналған жоспар-конспектісі
8. «Жергілікті жерде бағдарлау» атты тақырып бойынша проблемалық сабақтын конспектісі
9. Оперативтік сабақтын жоспары
10. 1 сыныптағы экскурсия тақырыбы: «Тірі және өлі табиғатты күзде бақылау» конспектісі
Достарыңызбен бөлісу: |