Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


Медицина қызметкерлері қандай жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады?



бет19/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Медицина қызметкерлері қандай жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады?

1.Егер медқызметкер өзінің қызмет міндетін орындауда міндетті түрде қажетті сақтықты қадағаламай немесе ықылассыз және салақтықпен орындаса.

2.Егер қасақана қылмыстар жасалса.

Медициналық қызметкерлердің қасақана жасалатын қылмыстары.

Олар:


1.Өндіріс ережелерінің сақталуы, жіберілуі және улы, күшті әсер етуші, есірткілік заттарының қаражат есебінің бұзылуы. Осындай бұзушылық көбінесе фармацевтикалық мекемелер мен дәріхана, дәрілік қоймалар қызметкерлерінің арасында кездеседі. Жоғарыда айтылып кеткен ережелерді медқызметкерлер міндетті түрде орындауы керек. Соңғы жылдары нашақорлық пен токсикоманиядан зардап шегуші адамдардың саны көбейіп кетті, олар өзінің жетіспеушілігін қанағаттандыру үшін медицина қызметінде істейтін өзінің таныс-туысқандарынан көмек сұрайды. Медбикелер бөлімге түскен дәрі-дәрмектерге қатаң есеп жүргізу керек. Немқұрайлық пен салақтық – сотталушы орындығына әкелуі мүмкін.

2.Медқызметкерге қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, егер ол қасақана науқасқа жәрдем жасамаса: шақыртқанда келмеу, науқасты бақылаудан бас тарту, жолда немесе көшелерде адамдарға алғашқы көмек жасаудан бас тартса.

3.Бізде түсік түсіруге тыйым салынбаған. Бірақ ол емдеу мекемелерінде дәрігермен ғана рұқсат етіледі. Ал басқа жағдайларда жасалған түсік түсіру заңсыз болып саналады да, қылмыс жауапкершілігіне тартылады.

4.Заңсыз медициналық құжаттарды беру бас бостандығынан 2 жыл мерзіміне айырылады немесе түзету жұмыстарымен осы мерзімге немесе жұмыстан шығарылады.

5.Қылмыстық жауапкершілікке орташа және кіші медициналық жұмыскерлер заңсыз емдеу еткені үшін, жоғары білімі жоқтығынан, бұл іспен айналысуға құқығы жоқ.

6.Егер де медициналық жұмыскер жұқпалы аурумен күресті бұзса, уақытында жұқпалы ауруларды денсаулық сақтау органдарына хабарламаса, науқастарды қорғап жедел емдетуге және санитарлық өңдеуіне қажет қылмаса, онда екі жылдық мерзімінен бас бостандығынан айырылып жазаланады немесе сол мерзім ішінде еңбекпен түзеу шараларына жіберіледі немесе айып төлейді.

Медбикенің негізгі төрт міндеті бар:

1.Денсаулықты сақтау

2.Ауруды тоқтату

3.Денсаулықты қалпына келтіру

4.Қайғыруды жеңілдету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет