Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


Науқастың туыстары мен таныстары арасындағы мейірбикенің этикалық қарым-қатынастары



бет17/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Науқастың туыстары мен таныстары арасындағы мейірбикенің этикалық қарым-қатынастары

Мейірбике науқаспен ғана емес, оның туған туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек. Орта медқызметкерлер науқастың туған туысқандарымен қатынасы кезде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.

Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді, жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйкесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алу керек. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жсырмай, түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ, олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін, сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтықтық пен әдептілікті білдіру керек. Науқастың (әйел адамға қатысты болса), жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келісушілермен сөйлесер алдында, дәрігермен ақылдасып алу керек, ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын, нені хабарламауын сұрау керек. Әсіресе, телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды, әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ, ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін, мамандығын, бөлімін айту керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы, бірақ анық түрде қайыру керек.

Өз кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін тереңдетуге, жаңа дағдыларды иемденуге ұмтылысы – медбикенің міндетті қасиеті болу керек. Медқызметкердің парызы - әр медиктің өзінің кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрінде атқарылуын Конституцияда, Денсаулық сақтау туралы заңнамаларында, ведомствалық нұсқауларда, ережелерде қарастырады. Медқызметкердің жауапкершілігі қызметінің ерекшелігіне негізделген: медик пен науқастың екі жақтық сенімінде. Медқызметкердің сапалық адамгершілігі, әлде біліктілігі төмен және ішкі сезімнің мазасының кетуі, сасқалақтауы ауруға қолайсыз нәтиже туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет