Мейірбике қызметі және оны бұзу мүмкіндігі
Заң бұзушылықты қылық және қылмыс деп бөлуге болады.
Қылықтар заңдық көзқарасы бойынша азаматтық, әкімшілік, тәртіптілік болып бөлінеді.
Егер де медмекеме мүлігін қызметкер бүлдірсе, тану материалдары мен дәрі-дәрмектерді ұқыпсыз сақтап және қолданса, сонымен бірге қате ем жасауынан зиян келтірсе (мысалы, дәрігердің белгілемеген дәрісін қабылдауға беріп, әсерінен аллергиялық реакциялар туса және манипуляция орындау кезінде індет (инфекция) кіргізсе, т.б.) бұл жағдайда оның ісін азаматтық қылық деп қарастырып, азаматтық жауапкершілікке тартады. Ол медқызметкеріне мынадай тәркілеу шараларын қолданумен шектеледі. Науқасты қате емдесе – жұмысқа жарамсыз, дәрі-дәрмекті шексіз қолданып және құрал-саймандарды бұзғаны үшін, шығындарды қалпына келтіруге тиіс. Азаматтық жауапкершілік азаматтық талап бойынша сот немесе қоғамдық тәртіпке тартылады (мысалы, қылығы үшін ұжым алдында жауапқа тартылу).
Медқызметкердің әкімшілік қылықтары: науқасты емдеу ережелерін, техника қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы сақтық пен санитарлық эпидемияға қарсы ережелерін бұзуымен айқындалады. Бұл жағдайда медқызметкер әкімшілік жауапкершілікке татылады: айып төлейді, тәркіленеді. Уақытша қызметінен босатылуы мүмкін.
Медқызметкердің тәртпшілдік қылығы: еңбек пен қызмет, өндіріс тәртіптерін және қойылған ережелерді (жұмысқа кешігіп келуі немесе келмеуі, бөлім меңгерушісінің, дәрігердің, аға мейірбикенің нұсқауларын орындамауы) бұзу болып табылады. Осы қылықтары үшін медмекеме әкімшілігі медқызметкерге тәртіп жазаларын қолданады:
-ескерту жасау;
-сөгіс беру;
-жұмыстан шығару.
Тәртіптік жаза теріс әрекет байқалған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей талап етіледі және оны теріс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп талап етуге болмайды.
Медқызметкерге бір мезгілде бірнеше кінә салынуы мүмкін. Мысалы, ол ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бұза отырып, материалға зиян келтірсе, оның қылығы азаматтық немесе әкімшілік тәртібі бойынша жазаланады.
Медқызметкерлердің жұмысында, көбінесе азаматтық және тәртіпшілдік қылықтар кездеседі. Кейбір жағдайда медқызметкер науқастармен қарым-қатынасында заң нормаларын бұзуы мүмкін. Бұдан қылмыстық іс пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |