Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


Амбулаториялық мейіркеш міндетіне-



бет23/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Амбулаториялық мейіркеш міндетіне-кабинетті және сырқатты қабылдауға дайындау,дәрігерге қабылдау кезінде көмектесу,амбулаториялық қағаздың паспорттық бөлімін толтыру, рецепт жазу, сондай-ақ күрделі емес медициналық манипуляцияларды орындау.

Емханалар.

Емхана-біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме.Емхана барлық диагностикалық кабинеттер бар,олар қазіргі құрал-жабдықтармен және ең жаңа аппаратуралармен жарақаттанған, мұның өзі сырқатты білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Емханада дәрігерлерді барлық мамандық бойынша қабылдайды,лабораториялық рентгендік және басқа түрлі тексерулер жасайды.Емханаға келе алмайтын сырқаттар дәрігерді үйге шақырып,одан білікті көмек пен консультация алады,ал қажет деп тапса,оларды ауруханаға жатқызады.Әрбір емханада процедуралық кабинеттері бар,онда иньекция(дәрі құю) жасайды,оңқа, қыша қағаздарын т.б.қояды.Созылмалы ауруы бар сырқаттар диспансерлік есепте тұрады және профилактикалық тексерілумақсатымен үнемі дәрігерге қаралады.Көптеген емханаларда тәулік бойы істейтін шұғыл жәрдем пункттері бар.

Емханадағы мейіркештің жұмысы мынадай:дәрігерлердің қабылдауына даярлық, алдын ала тіркеуден алған амбулаториялық карточкаларға лабораториялық зерттеу нәтижелерін жапсыру, қызуы жоғарғы сырқаттарды дәрігердің бірінші кезекте қарауын қамтамасыз ету.

Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецептер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екенін және басқа да зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек,қарын,бөтеке т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындалу керегін түсіндіреді.

Учаскеде санитарлық эпидемияғақарсы шараларды жүргізу:оның санитарлық-эпидемиялық станцияларға (СЭС) учаскедегі жедел,инфекциялық аурулар жөнінде дер кезінде хабарлау.Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.

Өз учаскесінің тұрғындары арасындасанитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Емханада арнайы кабинеттер бар, онда мейіркештер екі топқа бөлінеді:

а.терапевтік саладағ кабинеттерде(терапевтік,педиатриялық, неврологиялық) істейтіндер, олар дәрігердің қабылдауында процедуралар мен манипуляциялар жасамайды;

б.хирургиялық

саладағыкабинеттерде (хирургиялық,отоларингологиялық,т.б.)істейтіндер,олар қабылдау үстінде түрлі емдеу-диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар орындайды.

Учаске мейіркеші дәрігермен бірге жұмыс істей отырып оған учаскедегі емдеу-профилактикалық көмектің барлық түрін қамтамасыз етуге көмектеседі.Сырқатты күтудіе және дәрігердің барлық белгілегендерін орындауда ұйымдастыруда мейіркешке үлкен рөл беріледі.Өзінің сырқатты тікелей күтуінен басқа, ол науқас жақындарына қалай күту керек,бөлмені қалай жинастыру және желдету жайлы нұсқау береді.Мейіркеш барлық дәрігерлік белгілеулерді (оңқа,қыша қағаз, қыздыратын компресс,сүлік қою) орындайды.

Амбулаториялар мен емханалардың мейіркештері жұмысқа кабинет пен жұмыс үстелінің жзағдайын тексеру,дәрігердің бланкотека мен рецептотекаларын, құжаттар жинағын толықтыру үшін дәрігер қабылдауын бастамастан 15 минут бұрын келуі тиіс.Мейіркештер дәрігердің қабылдауына келген сырқат кезегін, талоны бар-жоғын тексереді, олардың сұрағына жауап беріп, келіспеушіліктерді болдырмай,тәртіпті қадағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет