АМБУЛАТОРИЯЛАР:
Амбулатория- ауруханадан тыс медициналық жәрдем көрсетеді және дәрігерлер негізгі мамандықтар бойынша қабылдайды.Ауылды жерлерде амбулаторияға фельдшерлік пункттер жақын болады,амбулатория дәрігерлері жоспарлы түрде шығып, олардың жұмысын тексеріп ауруларды қабылдайды.Амбулаториялар аудандық емханаларға немесе
Медициналық-санитарлық бөлімдерге қарайды. Амбулаториялық жағдайда медициналық жәрдем учаскелік принцип бойынша жүргізіледі, ол шұғыл түрде сырқат адамды айқындап білу, оларды тұрақты бақылап тұруды және дер кезінде білікті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді,сондай-ақ ауруларды зерттеуге және эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігі мен учаскедегі санитарлық міндетті көтеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |