100
тастау (струмэктомия) қолданылады. Диффузды зобтың ауыр түрлерінде субтоталды
струмэтомия көрсетілген. Бұл операцияда бездің көп бөлігі алынып тасталады, тек қана
кеңірдектің бүйірлік-артқы жағындағы аз ғана бөлігі қалқанша
маңы бездерімен және
қайырылма көмей нервімен қоса сақталып қалдырылады. Бұл операция субтоталды
струмэктомия деп аталатындығы – бездің толық
дерлік резекцияланатындығын
көрсетеді. Қалқанша безді мүлдем алып тастауға болмайды,
себебі микседема асқынуы
дамиды, ал қалқанша маңы бездерін алып тастау бұлшықеттердің сіресін қалуына алып
келеді (тетанус). Науқаста тиреотоксиноз белгілері өте күшті болса,
операция тек оны
түсіргеннен соң жасалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: