Атеросклероздың клиникалық ағымы екі кезеңге бөлінеді: алғашқы және клиникалық кезеңі. Соңғысы үш сатыдан тұрады: ишемиялық тромбо – некротикалық және склерозды. Бірінші сатысы, ағзалар мен тіндердің қан айналысының жеткіліксіздігі қайтымды дистрофиялық дәрістермен және ағзадан функционалды өзгерістермен бейнеленеді. Екінші сатысы, қан айналысының айқынырақ түрде нашарлануынан және тромбылардың пайда болуынан кері даму(дегенерациялы) және некрозды ошақтар қалыптасады. Үшінші сатысында, зақымдалған ағзаларда кері дамыған некроздық өзгерістерден кейін тыртықты – дәнекер тіні дамиды. Әр сатысы өзіне сәйкес клиникалық белгілерімен сипатталынады. Сатылар араларында әртүрлі ауыспалы кезеңдері болады. Атеросклероздың клиникасы дәрістің басым шоғырланған орыны мен аурудың даму ағымын ауырлататын мәнбірлердің болуымен (артериалды гипертония, тромбоздар) анықталады. Атеросклерозда ағзаның барлық мүшелері зақымданады, бірақ олардың ішінде бір жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді.