Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Аяқ тамырларының атеросклерозы



бет106/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Аяқ тамырларының атеросклерозы. Негізгі белгісі – жүргенде пайда болатын аяқтарының немесе бір аяқтың ауратындығы. Ауырғаны ұстамалы және жиі балтыр бұлшық етінде, табанда, сирегірек санда болады. Ауырғандығын басу үшін науқас тоқтап тұруға мәжбүр болады (“ұстамалы ақсақтық”). Басқа симптомдарына аяқтарының тоңғақтығы, жалған сезім жатады. Зерттеп қарағанда зақымданған аяқтары салқын, терісінің түсі өзгерген (ақтығы “мрамор” түсті), құрғақ және оның жұқарғаны байқалады. Кейінгі сатыларыда аяқтың бармақтарында, өкшеде, сирақтың алдыңғы бетінде құрғақ және ылғалды трофикалық жаралар пайда болады. Аяқ артериясын сипалағанда тамыр соғуының әлсіздігі немесе жоқтығы анықалады. Атеросклероздың қатпарлы табақшалар қолқа айырығында немесе мықын артерияларының тамыр соғуы анықталынбайды.

Атеросклероздың біріншілік алдын алуы артериалды гипертензияда, қант сусамырында, семіздікте жүргізіледі. Көпмәнбірлі алдын алудың мақсаты тұрғындарға келесі медициналық ақпаратты қарастыру:



  1. жағымсыз қылықтардан арылу: шылым шегу, ішімдік ішу, аз қимылдау;

  1. мамандығына, дене салмағына, жынысына байланысты рациональды тамақтануды қатаң ұстау;

  1. әр адам өзінің артериальды қан қысым көрсеткішін білу керек, егер ол жоғары болса, дәрігердің бақылауымен оны қалпына келтіріп отыру керек;

  1. жанұясында қант сусамыры, семіздік бар адамдар міндетті түрде тексеріліп отыру керек, тек сонда ғана ерте кезде аурулардың жасырынды түрлерін айқындауға болады, яғни ерте кезде ем қағидаларын қолдануға болады;

  1. үнемі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын, қатты толқуда жүретіндерге міндеті мен мамандығын дұрыс ойланып таңдау керек;

  1. жұмыстан бос уақытты тиімді пайдаланып, ішкі толқуды шығарып үйреніп, өзін дұрыс түнгі ұйқымен қамтамасыз ету.

Атеросклероздың көпмәнбірлі алдын алуы жақсы ұйымдастырылса, оның әсері жағымды болып шығады. Ол үшін оған әрбір жеке адам және тұрғындар белсенді қатысу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет