Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Артериалдық қысым денгейінің жіктелуі



бет108/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Артериалдық қысым денгейінің жіктелуі 4 бейнелеме

Сатысы

Систолдық

Диастолдық

Оптималды

<120

< 80

Қалыпты

<130

<85

Көтеріңкі қалыпты

130-139

85-89




Г и п е р т о н и я




Шектелген

140-149

90-94

І дәреже (жұмсақ)

140-159

90-99

ІІ дәреже (орташа)

160-179

100-109

ІІІ дәреже (ауыр)

>=180

>=110

Шектелген систолалық

гипертония



>=140

<90

Артериалды гипертензияда нысана мүшелердің зақымдалуы байқалады: жүрек, ми, көз түбі, бүйрек.

Іш мүшелерінің зақымдалуына байланысты артериалды гипертонияның үш кезеңін айқындауға болады.

І кезең. Қан қысымы –140/90 – 159/99 с.б.б. Артериалдық қан қысым әр түрлі қолайсыз жағдайларда тұрақсыз болып, содан кейін өз бетімен қайтадан қалпына келуі. Ішкі ағзалардың өзгерістері (әсіресе сол жақ қарыншаның үлкеюі) байқалмайды.

ІІ кезең. Қан қысымы –160/100 – 169/109 с.б.б. Артериалдық қысымды түсіру үшін дәрілерді қолданады. Сол жақ қарынша айқын түрде үлкейеді (бұл екінші кезең мен бірінші кезеңді айыруға көмектесетін маңызды және нақты болып табылады)

ІІІ кезең. Қан қысымы –180/110 с.б.б. жоғары. Артериалдық қысым өте қатты түрде және жиі көтеріледі. Мұнда ми қан айналысының бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі, жиі түрде бүйрек жетіспеушілік асқынулары болуы мүмкін. Артериалды қысым болған асқынулардан кейін өз бетімен қалпына келуі мүмкін, сондықтан артериалдық гипертония артериалдық қысымның үшінші кезеңіне тән белгі болып табылады.

Науқастың артериалдық қысымының көтерілуіне байланысты бастың ауры негізгі шағым болып табылады. Жиі бастың ауруы таңертеңгі кезде білініп, шүйде маңайына шоғырланады. Науқастар дұрыс ұйықтай алмайтындығына, жиі қозғыштығына,жұмысқа деген және есте сақтау қабілетінің төмендігіне шағымданады. Содан соң физикалық күш түскенде жүректің ауырсынуы, демікпеге шағымдар пайда болады. Кейбір науқастарда үнемі артериалдық қысым болғандықтан көз көру қабілеті бұзылады. Бірақта, ұзақ уақытқа созылған артериалдық қысымның болуына қарамастан, науқастардың көбінде асқынуы дамығанша ешқандай шағымдарды айтпауы мүмкін. Ұзаққа созылған бүйрек үсті, бүйрек, ұйқы безі артерияларының жиырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қолқада, коронар қан тамырларында, ми қан тамырларында атеросклероз өте қатты түрде дамиды. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Ал науқасты тексергенде артериалды қан қысымы жоғары болады. І кезеңде тек қана артериалдық қан қысымы көтеріледі, ал ішкі ағзадаларда өзгерістер байқалмайды. ІІ кезеңде артериалдық қан қысымы жоғарылап қана қоймайды. Сонымен қатар сол жақ қарыншаның үлкеюі байқалады. Бұл кезде бүйректе патологиялық дәрістің белгілері білініп, науқастың зәрінде ақуыздың ізі, эритроциттер пайда болады (бүйректе атеросклероз дамиды). Емдеу кезінде дәрілерді қолданған жағдайда бүйректің тамырлары жиі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. ІІ кезеңде де коронарлық артерияларда атреосклероз дамиды. Бұл стенокардияның ұстамасы мен сипатталады: физикалық күш түскенде кеуденің қысып ауырсынуы. ІІІ кезеңінде миокард инфарктісі, сонымен қатар ми қан айналысының бұзылысы (ауыспалы немесе шектелген парез және паралич сияқты белгілері) дамуы мүмкін. Көздің көруі күрт төмендеп немесе көз көруі қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Аурудың ағымында артериалдық қан қысымы тез арада жоғарлап сырқат гипертониялық кризбен қайталанбалы түде сипатталуы мүмкін.



Криз дегеніміз қан қысымының күрт көтеріліп, науқаста бас шағымдарының пайда болуы. Криздің екі түрі бар. Бірінші түрі (адреналды) – тез басталумен мінезделеді, вегетативті өзгерістер басым. Науқаста қысқа мерзімде тынышсыздық, сескеншілік, діріл мен тершендік білініп, жүрек қағысы жиілейді, ентігу пайда болады. Екінші түрі (норадреналды) жәй басталып ұзақ уақытқа созылады. Негізінде гипертензиялық энцефалопатиямен сипатталынады. Науқастың басы қатты ауырады, құсу білінеді, көзінің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін. Артериалдық қан қысымы ми қан айналысының бұзылуы бір мезетте болған жағдайда науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, жүріс – тұрысы өзгереді. Ауыр жағдайда миға қан құйылуы мүмкін – инсульт. Гипертониялық криз кезінде жүрек демікпесі немесе миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Артериалды гипертензия баяу қарқынмен өтуі мүмкін (қатерсіз түрі). Кейде артериалды гипертензияның қатерлі түрінің симптомдары тез арада байқалады. Аурудың бұл түрі екі – үш жылға созылып өлімге әкелуі мүмкін. Артериалды гипертонияның қатерлі түрі тез дамиды және тұрақтана бастайды. Содан ауру білінген соң сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалады, көздің түбіндегі артериялары өзгереді (көздің торлы қабаты тез жиырылады). Тез арада бүйрек жетіспеушілігінің белгілері байқалып, нефроангиосклероз дамуы мүмкін.

Артериалды гипертензияның гипертониялық криз асқынуы тез арада арнайы емдік шараларды өткізуді талап етеді. Шұғыл көмек көрсету шаралары артериалдық қан қысымын тез арада жоғарылауына, бас миының қан айналысын жақсартуға және ішкі ағзалар мен бүйрек жұмысын жақсартуға қарсы бағытталған. Науқасқа толық физикалық және психикалық тыныштық, басы көтеріңкі қалыпта төсекте жату, қатаң түрде төсек тәртібін сақтау және бөлмеге таза ауа жіберуін қамтамасыз етіледі. Өкпенің қызметін жақсарту мақсатында шүйдеге қыша қойылады, қыша қосылған ванна, маңдайға мұзды мұйық қойылады. Гипертониялық кризде мұндай көмек көрсету шараларын мейірбике стационарда да және үй жағдайында да өткізуіне болады. Сонымен қоса науқас гипертониялық криздің белігілеріне қатысты шағымдарды айтатын болса, артериалдық қан қысымын өлшеп, жоғарыда аталған шараларды өткізу керек, ал егер жүрек маңайын бір мезгілде қысып, ауырсыну байқалатын болса, онда ЭКГ – ға түсіру керек, себебі гипертониялық криздің әсерінен миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Егер науқас қозғыш келсе, тыныштандыратын (ішке элениум, седіуксен немесе тазепам) дәрілерін қолданады. Бастапқы кезде артериалдық қан қысымын тез арада түсіру үшін тіл астына клофелин таблеткасын (әсіресе үлкен адамдарда гипертониялық криз дамыса) береді. Сонымен бірге зәр шығаратын (50мг гипотиазид немесе 40 мг фуросемид) дәрілерін қолдану жеткілікті болып саналады. Егер жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз болса немесе гипертониялық криз әуелден бастап білінген болса, онда көк тамыр арқылы 1% дибазол ерітіндісін (6 – 10мл) 10 – 15мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінмен бірге қолданады. Артериалдық қан қысымы көк тамыр арқылы енгізілген дибазол дәрісінің әсерінен 15 –20 минуттан кейін түседі, ал гипертониялық кризге қарсы әсері 2 – 3 сағатқа сақталады. Бір мезгілде дибазолды 40 мг фуросемидпен бірге қолданғанда оның әсері күшті болуы мүмкін. Бұл дәрілермен қоса, гипертониялық кризді басу үшін бұлшық ет арқылы 0,5 – 1,0 мл 0,01% клофелин ерітіндісі немесе көк тамыр арқылы осындай мөлшерде 10 – 15 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін енгіземіз. Клофелинді парентеральді жолмен енгізгеннен кейін артериалдық қан қысымның күрт түсіп кетпеуі үшін пациент төсекте жату керек. Мейірбике осы аталған кеңестің орындалуын қадағалау керек. Гипертониялық криздің ауыр түрінде, сонымен қатар егер артериалдық қан қысымы баяу қарқынмен түссе жоғарыда аталған дәрілерден тыс дәрігердің тағайындауы мен пентамин 0,05 – 1 мл 5% ерітіндісін бұлшық ет арқылы немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін көк тамыр арқылы қолданады. Пентамин дәрісін көк тамыр арқылы өте баяу (7 – 10 минут ішінде) қарқынмен жіберіп және артериалдық қысмыды қадағалап отыру тиіс. Пентамин мен бірге ганглиоблокаторларды қолданғанда артериалды қан қысымы төмендеп, есенгіреу мен сипатталуы мүмкін. Сондықтан науқас екі үш сағат төсекте жатуы тиіс және әр 15 – 20 минут сайын артериалдық қан қысымын өлшеп отыру керек. Егер ортастатикалық есенгіреу тыйылмаса, онда науқастың аяғын көтеріңкі қалыпта төсекке жатқызып, кордиамин дәрісін (тері астына 2 мл жіберу) немесе мезатон дәрісін 1% -1мл ерітіндісін бұлшық ет арқылы енгізу керек. Гипертониялық кризде өкпенің ісінуі дамуы мүмкін. Сол кезде дәрігердің тағайындауымен келесі дәрілерді: строфантин (0,5мл 0,05% ерітіндісін) немесе корглюкон (1мл 0,05% ерітіндісін) 20мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен қолданады. Жасы үлкен адамдарға бас миының атеросклероздың белгілері кезіңде қан ағызу ұсынылмайды, оның орнына шүйде өсіндісінің маңайында медициналық сүлікті қолданған өте дұрыс болып саналады (әр жақ қатарға төртеуден қойылуы тиіс). Өкпе ісінуі дамыған кезде жүрек гликозидтерінен тыс сонымен қатар зәр шығаратын дәрілерін тағайындайды, 40 – 80 мг фурасемид ішке қолданады. Психомоторлы қозу айқын білінген кезде науқасқа кіші транквилизаторларды (элениум, седусен, тазепам) тағайындайды, сонымен қатар димедрол 1%-2мл ерітіндісін қолдануы тиіс. Егер гипертоникалық криз үйде пайда болатын болса, онда дәрігерге дейінгі шұғыл көмектен кейін науқасты ауруханаға тасымалдап, ауруханаға жатқызу керек. Науқасты зеңбілге жатқызу қалпында дәрігер немесе фельдшердің көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Содан соң қолданатын дәрілердің әсері гипертониялық криздің сипаттамасына және асқынуының сәйкестілігін ескере отырып емдік шараларды жүргізеді.

Артериалды гипертензия атеросклерозға байланысты. Коронар қан тамырларының атеросклерозы миокард инфарктісіне, миға қан құйылуына (инсульт), бүйрек тамырларының жетіспеушілігіне, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына және гангренаға әкеліп соғуы мүмкін.

Артериалдық қан қысым аса қатты жоғарламағанда, гипертониялық криз болмаған жағдайларда аурудың болжамы жағымды және науқас көп уақытқа дейін жұмысқа деген қабілеттілігін сақтайды. Артериалдық қан қысымы жоғары болғанда, оның баяу қарқынмен төмендеуі кезінде, жиі гипертониялық криз байқалғанда аурудың болжамы жағымсыз.

Артериалды гипертензия алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Сонымен бірге тағамның калоражы төменделінеді. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын тағамдар шектелінеді. Бұл шараларды гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Артериалды гипертензияның екіншілік алдын алуы артериалдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Қажет болған жағдайларда кардиолог, окулист, невропатолог тексереді. Педагогикалық аспектідегі мейірбикенің жұмысы өте маңызды, себебі науқастарды дәрісіз емдеу қағидаларына үйретеді: салауатты өмір салтын сақтау, қауіпті мәнбірлерден сақтану, темекіге шек қою, дұрыс тамақтану (тағамға тұз және майды аз мөлшерде қосу, кофе және алкогольдік сусындарды аз мөлшерде қолдану). Сонымен қатар шұғыл жағдайларда өз-өзіне алғашқы көмек көрсете алуды үйретеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет