Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Темір тапшылықты қан аздық



бет177/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Темір тапшылықты қан аздық Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар арасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды. Этиологиясы. Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет