Клиникалық бейнесі. Науқастан келесі анемиялық синдромның белгілерін анықтауға болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу. Аяқ ұштары, балтырлар, беті шамалы ісінуі мүмкін. Асқазан – ішек бұзылыстардың ішінде ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері жатады. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен теміртапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында сидеропениялық синдромның белгілері айқындалынады: ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды.Парадонтоз дамиды, глоссит, стоматит білінеді. Ерекше белгілерінің бірі – «сидеропениялық субфебрилитет», дене қызуы узақ уақыт субфебрильді денгейде тұрады
Емі. Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз, темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер теміртапшылықты анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Теміртапшылықты анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррум - лек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Теміртапшылықты анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |