Жоғары оқу орындарының ректорларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Ұлттық біліктілік тестілеуіне тіркеу үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық бағыттар бойынша оқитын білім алушыларына (бакалавр, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімге негізделген білім беру бағдарламасы негізіндегі қысқартылған) арналған нұсқаулықты жұмыс үшін жолдайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура түлектері білім беру ұйымдарына (балабақшалар, мектептер, колледждер) жоспарлы жұмысқа орналасқан жағдайда Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырады.
Сонымен қатар, бітірушілерге Ұлттық біліктілік тестілеуі ағымдағы жылдың 16 сәуір мен 06 мамыр аралығында өткізілетінін хабарлаймыз. Ұлттық біліктілік тестілеудің өтетін уақыты: I лек – 8.00 сағ., II лек – 14.00 сағ., III лек – 16.30 сағ.
Ұлттық біліктілік тестілеуі кестеде белгіленген күндер бойынша өткізіледі (кесте қоса беріледі).
Тестілеуге 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап тіркелуге болады.