Обтурациялық ателектазы: Науқастарды қарап тексерген кезде: өкпенің бір жақты семуі мен ауру жақта дем алу қимылының азаюы:
Пальпция арқылы: дауыс дірілінің әлсіреуі не жойылып кетуі
Перкуссия арқылы: өкпе дыбысының әлсіреуі не тынық дыбыс
Аускультация арқылы: везикулярлы тыныс дыбысының әлсіреп, жойылып кетуі, бронхофонияның әлсіреуі не жойылып кетуі байқалады.
Обтурациялық ателектаз бронх ретінде кездеседі.
Компрессті ателектазда: Науқастарды қарап тексерген кезде: ауру жақтың өсіңкі болуы және ол жақта тыныс алудың әлсіреуі. Пальпция арқылы: дауыс дірілінің күшеюі. Перкуссия арқылы: өкпе дыбысының бәсеңсіп, дабыл реңкелі болғаны не тынық дыбыс; Аускультация арқылы: бронх тынысы естіледі және бронхофонияның күшейгені байқалады.
Компрессті ателектаз пневмоторакс пен гидротораксқа тән.
Достарыңызбен бөлісу: |