Бүйрек артерияларының атеросклерозы. Негізгі клиникалық белгісі – симптомдық артериалды гипертония,. Бүйрек артериясы тым айқын тарылғанында немесе толық бітелуінде гипертония тұрақтылығымен және қан қысымының жоғарғы көрсеткіштерімен сипатталады. Бүйрек артериясының тромбозында іш пен бел тұсы ауырсынады, ауыру кенеттен пайда болып , бірнеше сағаттан күндерге дейін созылады. Жүрек айну және құсу сияқты диспепсиялы синдромының болуы мүмкін. Жиі несепте ақуыз, эритроциттер болып және гематурия айқын байқалынады.