Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет104/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Қолқа атеросклерозы. Атеросклероздың артерия жүйесіндегі жиірек дамитын орыны қолқа мен оның ірі тармақтары. Олардың клиникалық белгілері, сәйкес келетін ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ірі тармақтардың осы дәріске тартылуына байланысты. Қолқаның жоғарғы бөлігінің өзгерістеріне тән белгілерінің бірі қолқаның серпімділігінің төмендеуінен пайда болатын симптомдық гипертония. Атеросклероздық гипертония систолдық қысымның жоғарылап, диастолалық қысымның қалыпты болуымен сипататалады. Атеросклерозды дәрістің қолқаның іш бөлігінде орналасуы жиі кездеседі. Оның симптомдары орыны мен айқындылығына, зақымдалған тармақтарына, тромбдардың пайда болуына байланысты. Атеросклероздық қатпарлы табақшалар ыдырағанда одан бөлініп шығатын атероматозды салмақтар артериялық тармақтар өзегін бітеуінен соларға сәйкес белгілер пайда болады. Жүрек тамырлары зақымданғанда жүрек қыспасының ұстамасы, миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Ми тамырларының зақымдануы да жиі кездеседі.Атеросклероздық өзгерістер іш құысының мүшелерінде де байқалады. Сипалағанда іштің бұлшық еттерінің шамалы қатайғандығы және жоғарғы бөлігінің ауыратындығы байқалынады. Осы айтылған белгілердің қосындысын “іш қыспасы” деп атайды және ол ас қорыту ағзаларына қажетті қан мен келетін қан мөлшерінің сәйкес келмеуінен туындайды. Қарағанда байқалынатын үдемелі қатты болатын ауырсынудың қарқындылығы мен іштегі объективті симптомдар сәйкес келмеуі. Мезентериалды тамырлардың тромбозы ішектің гангренасымен аяқталып, іш пердесінің қабынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет