Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы



бет68/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы синдромы деп плевра жапырақшаларының зақымдануы немесе организмдегі су-электролиттердің алмасуының жалпы бұзылыстары нәтижесінде плевра қуысында сұйықтық жиналғандықтан пайда болған клинико-рентгенологиялық және лабораториялық симптомдар жиынтығын атаймыз. Плевра қуысында 5—6 литрге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін. Егер сүйықтың көлемі 100 мл аспаса, ол клиникалық әдістер арқылы анықталмайды, 100 мл-ден артық сұйықтық рентгенограммада көрінеді, әсіресе лапароскопия жасағанда. Алдымен сұйықтық диафрагма үстінен анықталады, кейін қабырғалық-диафрагмалды синуста жиналады, бұл кезде 1500 мл-ге дейін сүйықтық жиналуы мүмкін. Плевралды сұйықтық көп жиналса, ол тыныс алу мен қан айналу қызметгерін нашарлатады. Плевриттер басым көпшілік жағдайда біріншілік ауру емес. Олар өкпенің, кеуде клеткасының, аралықтың, диафрагманың, диафрагма асты кеңістігінің зақымдануында жүйелі аурулардың асқынуы нөтижесінде пайда болуы мүмкін. Клиникалық белгілері. Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар науқастардын ең негізгі шағымдарына ентігу жатады, науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді. Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде, оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт-қызады. Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады. Егерде сүйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса, онда дамыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады. Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса, ол ауруларда дисфагия (тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы), беттің, мойынның ісінуі, дауыстың қырылдауы анықталуы мүмкін. Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады. Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі. Жүдеу, бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп, тіпті түгел бұлтиып шығып тұрады. Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі және тыныс алғанда қалыңқы болады.

Пальпция арқылы: дауыс дірілі әлсірейді не жоқ болып кетеді

Перкуссия арқылы: өкпе дыбысы әлсірейді, не тынық дыбыс анықталады. Өкпе шетінің экскурсиясы азайғаны байқалады.

Аускультация арқылы: везикула дыбысы әлсірейді немесе ешқандай дыбысы естілмейді; бронхофония әлсірейді не жойылып кетеді.

Синдром экссудативті плеврит пен жүрек әлсіздігіде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет