Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


сурет. Экссудатты плевриттің рентгенограммасы Өкпе қабыньң қуысына ауа жиналу синдромы



бет71/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

3 сурет. Экссудатты

плевриттің

рентгенограммасы
Өкпе қабыньң қуысына ауа жиналу синдромы

Пиевмоторакс деп висцералды және париеталды плевра жапырақшалары арасында ауаның жиналуын атаймыз. Пневмоторакс біржақтылық немесе екіжақтылық, ал газ көлеміне байланысты ол жарым-жартылай немесе толық (тотальдық) болуы мүмкін. Бұл кезде өкпе жарым-жартылай немесе толық бүрісіп сығылады (коллапсқа ұшырайды). Егерде ауа жұтқанда атмосфералық ауа өкпе қабы қуысына бос кірсе, ал дем шығарғанда қуысынан шығып тұрса пневмоторакс ашық деп аталады.

Егерде ауа әрбір жұтқан сайын өкпе қабы қуысына кіріп - дем шығарғанда кері шықпай қалса, өкпе қабы қуысы ішіндегі қысым көтеріле берсе, оны клапандық немесе вентильді пневмоторакс деп атайды.

Егерде өкпе қабы қуысына ауа кіретін тесік бітеліп, жиналған ауа кері шықпаса, пневмоторакс жабық деп аталынады.

Клиникада спонтандық пневмоторакс кездесіп тұрады. Спонтанды пневмоторакстың себебіне абсцесс, өкпе гангренасы, өкпе рагы нәтижесінде өкпе тінінің ыдырауы (деструкция); туберкулездік немесе бронхоэктатикалық кавернаның, карциноманың, өңеш дивертикулының, диафрагма астылық абсцестің жарылуы, өкпе эмфиземасының булласының, өкпе немесе өкпе қабы кистасының туа біткен немесе жүре пайда болған конституциялық кемістігі барлығынан жарылуы, т.б. болуы мүмкін.

Өкпе қабы қуысына ауаның кіруі өкпе қабы қысымын едәуір көтереді де, соның нөтижесінде өкпе тінінің сығылуы (коллапс), одан кейін газ алмасуы және өкпелік кызметінің жетіспеушілігі пайда болады. Альвеоларлық гипоксия нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде өкпелік гипертензия дамиды, ол оң жақ қарынша жүктемесін көтереді. Кеуде аралығы ағзаларының сау жаққа ығысуы, ірі қан тамырлардың қысылуына немесе оларды иіп жіберуіне әкеліп соғады. Осы айтылғандар өкпелік гипертензияға, жүректің оң жақ қарыншасы қызметінің жіті жетіспеушілігіне себепкер болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет