Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Эксудатты (ылғалды) плеврит



бет69/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Эксудатты (ылғалды) плеврит – плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық экссудат дейді. Геморрагиялық экссудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір – біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Экссудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет