26.05.Тәжірибенің екінші күні.Қабылдау бөліміндегі жұмыс Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау. 1Қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері және науқастарды қабылдау және тіркеу,медициналық құжаттарды толтыру.қабылдау бөліміндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртібімен,бұйрықтармен таныстым Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері: 1) науқастарды қабылдау және тіркеу;
2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;
3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;
4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;
5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау. Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі электронды жүйеде (КМИС)толтырады.