Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Орны:Травматологиялық пункт Шарты



бет17/75
Дата27.06.2022
өлшемі346,66 Kb.
#147106
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75
Байланысты:
БӨҚ

Орны:Травматологиялық пункт
Шарты: 15-20 минут бұрын 60 жастағы ер адам қорасында кетпенмен сол аяғын жарақаттап алды
Объективті: Сол балтырдын ішкі жағынын төменгі бөлігінде жара 3,0x2,0см., шеттері тегіс, үздіксіз баяу қан кетумен сипатталады.
Студентке арналған тапсырма: Жараны өңдеу және қан кетуде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.


Клиникалық жағдай № 9
Оқиға орны:Жедел медициналық жәрдем көлігінде
Шарты:35 жастағы әйел тайғақ асфальтта құлап қалғаннан кейін, оң сан аймағының ауырғанын байқайды.
Жергілікті: Аяқтарының тері жамылғысы зақымдалмаған. Оң жақ санының үштен ортаңғы бөлігінде ісіну, пальпацияда күшті ауырсыну және сүйектердің крепитациясы анықталды.
Студентке берілетін тапсырма: Сан сүйегі сынғанда мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.


Клиникалық жағдай № 10
Оқиға орны: Қабылдау бөлімі
Пациент туралы мағлұмат: Ер адам 35 жаста
Шарты: пациент оң балтыр аймағының ауырсыну шағымымен жедел жәрдем көлігімен келіп жеткізілді. Науқастың айтуы бойынша жарты сағат бұрын оң аяғына велосипедтен құлаған.
Жергілікті: оң балтыр аймағының ортаңғы аймағында ауырсыну, оң балтырының сыртқы бетінде және теріде көлемі 4,5 х 2,5 см ластанған жара бар.
Студентке арналған тапсырма:Жараны өндеуде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 11
Орны:Травматологиялық пункт
Шарты: Он күн бұрын мал шаруасында жұмыс істейтін 55 жасар ер адам айырмен сол аяғын жарақатап алған. Жарақат алған кезде үйде бар заттармен жарасын өндеп, лейкопластырьмен таңып қойған.
Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуына 38,5°С, өкшеден басталып тобыққа қарай көтеріліп бара жатқан ісіктің пайда болуына.
Объективті:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,науқас әлсіз,шөлдей береді. Тілі құрғақ, бозғылт дақтар басқан. Дене қызуы 38,5°С; PS-135 минутына,әлсіз; АҚ-95/70 мм.с.б.
Жергілікті:Сол аяқтын өкшесі және жоғары бөлігіне дейін балтыры, өкшесі ісінген, терісі бозарған. Өкше аймағында жара 0,5x 0,5 см., шеттері бозғылт, өліеттену белгісі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет