Студентке арналған тапсырма: Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 12
Оқиға орны: Спортзалда
Шарты: 20 жастағы ер адам спорттық жарыс кезінде құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ бұғанасының ортаңғы бөлігінде деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар.
Студентке берілетін тапсырма: Бұғана сынғанда мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 13
Оқиға орны: Көшеде
Шарты: 25 жастағы ер адам сатыдан құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ иығында деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар
Студентке берілетін тапсырма: Иықтың сынығында мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 14
Шарты: Бір апта бұрын құрылысшы жұмыс кезінде өкшенің ашық жарақатын алған. Жарақат алған кезде жарасын өндеп, таңып қойған, одан кейін еш жерге көрінбеген.
Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуына 37,5°С, шайнау және мимикалық бұлшық еттерінің тырысуына.
Жергілікті: Өкше аймағында жара 2,0x 1,0 см. шеттері тегіс емес, өлі еттенген.
Студентке арналған тапсырма: Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 15
Орны: Саяжайда
Шарты: 48 жастағы ер адам оң алақанына ағаш жаңқасы кіріп кеткеніне, ауырсынуға шағымданады.Жедел жәрдем шақырылды.
Жергілікті статус: Оң алақанындакөлемі 0,4х0,2 см. тері жарақаты бар, пальпацияда жарақат астында бөгде зат сезіледі, айналасындағы тері өзгеріссіз.
Студентке арналған тапсырма:
Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 16
Орны: Спортзалда
Шарты:23 жастағы жігіт оң жақ тобығының ісіп кетуіне, ауыратынына шағымданады. Айтуынша 30-40 минут бұрын жарыс кезінде оң аяғын қайырып алған. Жедел жәрдем шақырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |