Жергілікті:Мұрнынан қою қан ағып тұр.
Студентке берілетін тапсырма: Мұрыннан қан кеткенде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 3
27 жастағы ер адам медпунктке оң жақ білегінде кесілген жарақат барын, одан шапшып қан ағып жатқанына шағымданады. Айтуынша екі минут бұрын оң білегін әйнек кесіп кеткен.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, t-36,7 С, PS-88,
АД-110/60 мм.сын.бағ.
Жергілікті: Оң білегінің ішкі төменгі 3/1 бөлігінде 0,4х1,7 см. жиегі тегіс жарақат бар, одан фонтан тәріздес алқызыл қан шапшып ағуда.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 4
35 жастағы ер кісі, қауіпсіздік техникасын сақтамау нәтижесінде әйнекпен кесіп алған жарадан қан кетуін байқады.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. PS-90, АД- 100/60 мм.сын.бағ.
Жергілікті: Сол жақ білектің ішкі 3/1 төменгі бетінде шеті тегіс көлемі 4,0х,0,3см кесілген жарадан алқызыл түсті қан шапшып ағып тұр.
Студентке берілетін тапсырма: Артериядан қан кеткендемейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 5
28 жастағы әйел, қауіпсіздік техникасын сақтамау нәтижесінде пышақпен кесіп алған жарадан қан кетуін байқады.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. PS-90, АД- 100/60 мм.сын.бағ.
Жергілікті: Сол жақ білектің ішкі 3/1 төменгі бетінде шеті тегіс көлемі 2,5х,0,5 см кесілген жарадан алқызыл түсті қан тоқтаусыз ағып тұр.
Студентке берілетін тапсырма: Артериядан қан кеткендешұғыл көмекті көрсету іс-әрекетін көрсетіп,мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 6
15 жастағы оқушы, қауіпсіздік техникасын сақтамау нәтижесінде пышақпен кесіп алған жарадан қан кетуін байқады.
Достарыңызбен бөлісу: |