Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет35/75
Дата27.06.2022
өлшемі346,66 Kb.
#147106
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
БӨҚ

Пациент туралы мағлұмат: Ер адам 35 жаста
Шарты: пациент оң балтыр аймағының ауырсыну шағымымен жедел жәрдем көлігімен келіп жеткізілді. Науқастың айтуы бойынша жарты сағат бұрын оң аяғына велосипедтен құлаған.
Жергілікті: оң балтыр аймағының ортаңғы аймағында ауырсыну, оң балтырының сыртқы бетінде және теріде көлемі 4,5 х 2,5 см ластанған жара бар.
Студентке арналған тапсырма:Жараны өндеуде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 11
Орны:Травматологиялық пункт
Шарты: Он күн бұрын мал шаруасында жұмыс істейтін 55 жасар ер адам айырмен сол аяғын жарақатап алған. Жарақат алған кезде үйде бар заттармен жарасын өндеп, лейкопластырьмен таңып қойған.
Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуына 38,5°С, өкшеден басталып тобыққа қарай көтеріліп бара жатқан ісіктің пайда болуына.
Объективті:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,науқас әлсіз,шөлдей береді. Тілі құрғақ, бозғылт дақтар басқан. Дене қызуы 38,5°С; PS-135 минутына,әлсіз; АҚ-95/70 мм.с.б.
Жергілікті:Сол аяқтын өкшесі және жоғары бөлігіне дейін балтыры, өкшесі ісінген, терісі бозарған. Өкше аймағында жара 0,5x 0,5 см., шеттері бозғылт, өліеттену белгісі байқалады.
Студентке арналған тапсырма: Ластанған жарада мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз


Клиникалық жағдай № 12
Оқиға орны: Спортзалда
Шарты: 20 жастағы ер адам спорттық жарыс кезінде құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ бұғанасының ортаңғы бөлігінде деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар.
Студентке берілетін тапсырма: Бұғана сынғанда мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз


Клиникалық жағдай № 13
Оқиға орны: Көшеде
Шарты: 25 жастағы ер адам сатыдан құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ иығында деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет