Жергілікті: Оң иықтың деформациясы, ауырсыну және крепитация байқалады.
Студентке берілетін тапсырма: Жарақаттық шок кезіндемейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай №18
Оқиға орны: Дачада
Шарты: Науқас 38 жаста, 1 сағат бұрын үйдің шатырынан оң жақ кеудесімен арматураға құлап қалған. Жедел жәрдем шақырылды.
Жергілікті: Оң жақ кеуде клеткасында көлемі 1-1,5см. шеттері тегіс емес жара бар, жара плевра қуысына енеді. Айқын ентігу, тері жамылғысының цианозы, кеуде клеткасының оң бөлігі тыныс алуға қатыспауы байқалады.
Студентке берілетін тапсырма: Окклюзиондық таңғышсалу кезіндемейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай №19
Орны: Құрылыста
Шарты: 38 жастағы ер адам белінің сол жағы ісіп ауыруына, зәрінің қан аралас шығуына шағымданады. Айтуынша 20 минут бұрын екінші қабаттан құлап, белінің сол жағымен кірпішке соғылған.Жедел жәрдем шақырылды.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, белінің сол жағынан ұстап мәжбүрлі қалыпта тұр. T- 36,5 º С. PS-96, АҚҚ 90/60 мм. сынап бағ. Айтуынша несебінде қан араласқан .
Жергілікті статус: Белінің сол жағында көлемі 13,0х9,0 сантиметрдей ісіну бар, терісі көгерген. Пальпация және перкуссия кезінде қатты ауырсынады.
Студентке арналған тапсырма:Бүйрек жарақатында мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай №20
Орны: Үйінде.
Шарты: 25 жастағы ер адам қарбыз жеп отырып дәніне қақалып калған, содан кейін жөтеліп, қиналып, ентігіп демалатынына шағымдалады. Жедел жәрдем шақырылды.
Объективно: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ерін-мұрын үшбұрышы көгерген, тыныс алуы ауыр, ысылдап естіледі. ТЖ-28 рет минутына. PS-90 рет. АҚҚ 120/80 мм. рт. ст.
Студентке арналған тапсырма:Тыныс жолдарының бөгде денесіндемейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 21
Достарыңызбен бөлісу: |