Клиникалық жағдай № 25
Орны: Аурухананың қабылдау бөлімі
Шарты:Қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен 30 жасар адам түсті:дененін алдынғы жағы және сандары гиперемияланған, ісінген, көптелген әр түрлі көлемдегі, ашық түсті сүйықтарға толған көпіршіктер байқалады.
Объективті:Науқас әлсіз, сұрақтарға жауап беріп жатыр, ауырсынуға шағымданады.
Тері жамылғысы бозғылт. Пульс-104 минутына, ырғақты. ҚҚ-110/70с.б.б. Дем алысы мұрын арқылы еркін, беткейлі 24 минутына.
Студентке берілетін тапсырма: Күйік кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 26
Оқиға орны: Өндірісте
Шарты: Қызметтестерінің айтуынша 10 минут бұрын электрлік жүйені жөндеу барысында электрик ер адам 220 вольт тоқтан зақым алған. Жедел жәрдем шақырды. Соңғы 2 минутта есін жоғалтты.
Объективті: Зардап шегуші ес-түссіз, көз қарашықтары кеңейген, магистральді тамырларда пульс анықталмайды, тынысы жоқ.
Студентке берілетін тапсырма: Электрожарақат кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.
Клиникалық жағдай № 27
Оқиға орны:Аурухананың қабылдау бөлімі
Шарты: Аяз күні 22 жастағы жүргізуші машинасының бұзылуына байланысты екі аяғының өкшесін үсітіп алды. Суланған көпіршіктер, эпидермисті ажырауы байқалады.
Жергілікті: Екі аяғының өкшесінің терісі бозарған, қышиды, қолға салқын, ауырсыну бар.
Студентке берілетін тапсырма: Үсіккезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Клиникалық жағдай № 28
Орны: Травмпункт
Шарты: Далада ұйықтап қалған мекен-жайы тұрақсыз адам.
Объективті қарауда: сол қол саусақтары кенеттен бозарған, сезім, қимыл жоқ.Бірнеше минуттан кейін саусақтар көгеріп, ісініп, суланған көпіршіктер, эпидермисті ажырауы байқалады. Ауырсыну шектелген қозғалыстар пайда болды.
Студентке берілетін тапсырма: Үсік кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |